evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
slider-9

Special Olympics Games 2019 – November 23

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлау құрметіне КИМЭП Университеті  «Special Olympics Games» үстел теннис турнирінде мүмкіндігі шектеулі  әуесқой және кәсіби ойыншыларын қайтадан біріктірмек.  

2019 жылғы 20 қарашада КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс болады.

«Special Olympics Games» өткізу КИМЭП Университеті үшін дәстүрге айналған, алғаш рет турнир 2017 жылы өткізіліп, жарыста басты жүлде үшін 40 спортшы бақ сынасқан болатын.

КИМЭП Университеті тек академиялық салада ғана емес, жастардың арасында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауда да ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті ынталандыру бастамасын үнемі көтеріп отырады. Бірнеше жылдар бойына КИМЭП-тегі үстел теннисі бойынша спорттық жарысқа әр түрлі қалалар мен жоғары оқу орындарынан студенттер қатысып келеді.  «Special Olympics Games» Арнайы Олимпиада қозғалысының нәтижесінде КИМЭП  интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тартып, олардың қоғамға  әлеуметтенуі мен бейімделуіне мүмкіндік береді.

Осы жылы жарыста ақтық мәреге жеткендер жүлделі орындар үшін кубоктармен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ  жарысқа қатысушылардың барлығына да медальдар мен мақтау қағаздары тапсырылатын болады.

Іс-шарамыздың демеушілері – Tassay және MARS компаниялары.

___________________________________________________________

Толық ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласыңыздар:

Турнир “Special Olympics Games”: +7 (727) 2704442, Спорт Орталығы
Өтетін орны: КИМЭП Университеті, Алматы қ., Абай даңғ. 4, Спорт Орталығы
Күні мен уақыты:  2019 жылғы 23 қараша, сағ. 10-00- 15-00.