evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Slider

KIMEP Workshop – 29 October

2019 жылғы 28-29 қазанда «КИМЭП Университеті» БАҚ Еуропа менеджмент даму қорымен (EFMD) бірлесіп «EFMD аккредиттеуі, сертификаттауы, және нарық трендтері» шеберлік дәрісін өткізуде.  

Шеберлік дәрісінің барысында EFMD аккредиттеу портфелінің стандарттары мен критерийлері, сонымен қатар өзінің қызмет көрсетулерін жақсартуға талаптанған бизнес мектептердің мысалдары талқыланатын болады. Шеберлік дәрісіне қатысуға Орталық Азияның бизнес мектептері мен жоо-лардан аккредитация бойынша мамандар мен басшылар шақырылды. Семинарға қатысу тегін (ұйымнан үш өкілден көп емес). Іссапар шығыстары жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Шеберлік дәрісінің жұмыс тілі – орыс тіліне ілеспе аударма жасаумен ағылшын тілі.

Шеберлік дәрісіне қатысу үшін әрбір ұйым өкілі 2019 жылғы 14 қазанға дейін marzhan@kimep.kz электрондық адресі  бойынша тіркелуі қажет.

Өтетін күндері: 28-29 қазан 2019
Өтетін орны: “Қазақстан” қонақ үйі, “Алтын Емел” конференц-залы