evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
diplomatic-talks

2019 жылғы көктемгі семестрде өткізілген дипломатиялық әңгімелер

2019 жылғы көктемгі семестрде әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессорлары Дадабаева Гүлнара “1815-1945 жылдар аралығындағы дипломатия тарихы” мен Әдібаева Айгүлдің «Қазақстанның сыртқы саясаты” курстарының шеңберінде Дипломатиялық әңгімелер өткізіліп, онда Қазақстанда аккредиттелген шетелдік сыртқы саяси миссия қызметкерлері «Халықаралық қатынастар» департаментінің студенттеріне өз елдері, оның ерекшеліктері, саяси және экономикалық дамуы туралы және өздерінің дипломатиядағы тәжірибесі мен жолы туралы әңгімелеп берді.

Бұл  циклді Алматыдағы Венгрия Бас Консульдығының сауда-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңесшісі ММХҚИ (МГИМО) түлегі, Венгрияның қазіргі заманғы экономикалық дамуына, оның сауда әлеуеті мен Еуропа нарығы жүйесіне ел экономикасының кіріктірілуі мәселесіне назар аударып жүрген Дердь Тар ашқан.

Екінші  Дипломатиялық әңгіме  Алматыдағы Францияның бас консульдығының білім бойынша атташесі  Жиль Мамец мырзамен өткізілді. Дипломат Ресей мен Қазақстанды қоса алғанда пост-кеңестік кеңістік елдеріндегі өзінің тәжірибесі туралы, дипломатиялық мансабының дамуы мен Қазақстанда жүзеге асырылатын жобалары туралы әңгімелеп берді. Студенттер Франция туралы, сонымен қатар елдегі білім алу мүмкіндіктері мен «Абай-Верн» бірлескен бағдарламасы туралы көптеген сұрақтар қойды.

Көктемгі семестрдегі Дипломатиялық әңгімелер циклі Қазақстандағы Латвияның Төтенше және өкілетті елшісі Юрис Погребнякстің презентациясымен аяқталды. Елші мырзаның презентациясы мемлекет ретіндегі Латвияның құрылу тарихына, оның Балтық аймағындағы және жалпы еуропалық үдеріске қатысудағы алар орнына арналды. Бүгінгі таңда ел Еуропа Одағының, НАТО, БҰҰ, Еуропа Кеңесінің, Балтық теңізі жағалауындағы елдер кеңесінің, БСҰ, ОЭСР мүшесі болып табылады және Еуроаймағына. Сонымен қатар Елші Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарының дамуына, сондай-ақ Орталық Азиядағы Латвияның стратегиясына тоқталып өтті.

Әлеуметтік ғылымдар факультетіндегі көктемгі дипломатиялық әңгімелер циклі студенттердің теориялық білімін толықтыруға және дипломат мамандығының қыр-сырын дипломаттардың өз аузынан естіп-білулеріне мүмкіндік берді.

Автор: Жамиля Утарбаева