evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
1

Workshop – April 19

«ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ РӨЛІ»
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін семинар

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, 2019 жылғы 19 сәуір

КИМЭП Университетінің академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі және Назарбаев Университетінің Провост офисі академиялық сапаны қамтамасыз ету саласында қызмет ететін жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін «Институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі» тақырыбындағы төртінші жылдық және бірінші аймақтық семинарды ұйымдастырады.

Аталмыш семинардың мақсаты КИМЭП Университеті мен Назарбаев Университетінің білім беру сапасын бақылау тәжірибесі саласындағы қазақстандық жоғары оқу орындарына тарату болып табылады.