evision-corporate-image
massryk

КИМЭП студенттері Масариков университетіндегі үздік 10%-ікке кірді

КИМЭП Университеті студенттерінің халықаралық академиялық мобильділік аясындағы жетістіктерін мақтан тұтады.

Біздің Толғанай Шатырбаева (MBA бағдарламасы) және Әсел Ижанова (Есеп және аудит бакалавры бағдарламасы) атты студенттеріміз Эразмус+ бағдарламасының стипендиясын ұтып алып, 2018 жылдың көктемінде Чехия Республикасындағы Еуропаның жетекші университеттерінің бірі – Масариков университетінде білім алып, өз оқу орнын үздік нәтижелерімен қуантты. Көктемгі семестр қорытындысы бойынша, Әсел өз мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің үздік 9%-іне, ал Толғанай үздік 10%-іне кірді.

КИМЭП Университеті студенттеріміздің КИМЭП-тің беделін көтеріп, Еуропаның бетке ұстар университеттерінің бірінде білімге құштарлығын көрсеткенін мақтан етеді.

*Масариков университеті 1919 жылы құрылған. Ондағы студенттер саны 35 мыңды құрайды, яғни ол ауқымдылығы жағынан Чехия Республикасындағы екінші орында тұрған жоғары оқу орны боп табылады.