Schmalkalden University of Applied Sciences (SUAS) университетіне DAAD қаржыландыратын «Ostpartnerschaften» шәкіртақысы бойынша академиялық ұтқырылық бағдарламасына өтінім қабылдау ашық.
Назар аударыңыз: бұл шақыру уақытша болып табылады және әлемдік жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.
Өтінімді келесі сілтеме арқылы тапсыруға болады:
My KIMEP Portal > Exchange Program > Regular Exchange Program > Apply online now Exchange F2026
Өтінім беру мерзімі: 31 мамыр 2026 жыл, 23:59
| Университет | Оқу бағыттары | Орын саны | DAAD шәкіртақысының қаржылық шарттары | Қосымша ақпарат |
| Schmalkalden University of Applied Sciences (SUAS), Германия | Business and Economics, Computer Science | 1 бакалавриат студенті | Бір семестрге жалпы шәкіртақы мөлшері: € 3.900 |
SUAS университетіндегі 2026/2027 оқу жылының күзгі семестрі 2026 жылдың қазанында басталып, қорытынды емтихандар 2027 жылдың ақпанында аяқталады.
Пәндер тізімі: |
Өтінім талаптары мен қажетті құжаттармен төменде таныса аласыздар.
Академиялық ұтқырлық программасына өтінім беру талаптары
Өтінім беру кезеңінде студент:
- Ағылшын тілін жақсы меңгеруі тиіс (ағылшын пәндері бойынша орташа GPA кемінде B (3.0) / IELTS 6 / TOEFL iBT 72 / TOEFL PBT 523)
- 18 жастан кем болмауы тиіс
- Жалпы GPA 3.00 немесе одан жоғары болуы тиіс
- Толық ставкалы білім алушы болуы тиіс
- Төмендегі кредиттерді жинауы қажет:
○ 30 кредит – бакалавриат студенттері
Үміткерлерде болмауы тиіс:
- Тәртіптік жазбалар
- Қарыздар
Жүктелетін құжаттар
Міндетті:
- Онлайн өтінім формасы
- Халықаралық паспорттың көшірмесі
- Кемінде бір мобильділік бағдарламасының ақпараттық сессиясына қатысу
Қосымша (міндетті емес):
- Зияткерлік байқаулар, олимпиадалар және жарыстар сертификаттары
(бакалавр, магистр, докторантура деңгейінде алынған) - Спорттық жетістіктер сертификаттары
- Қоғамдық қызмет сертификаттары
- Ұсыныс (ұсыныс хат талап етілмейді, өтінімдегі форманы толтыру жеткілікті)
- Осал мәртебені растайтын құжат
Ескерту: жүктелетін файлдардың жалпы көлемі 3 МБ-тан аспауы тиіс.



