evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
slider (1) (1) (1)

Ашық есіктер күні: 13 мамыр

Құрметті талапкер мен ата-аналар!

13 мамыр күні КИМЭП Университеті сіздерді виртуалды ашық есік күніне шақырады!

Қазақстанның ең үздік университетіне оқуға түсу үшін ең маңызды ақпаратпен бөлісетін боламыз!

Сіз білімдік бағдарламалар мен оқу бітіргеннен кейін үздік мансаптық мүмкіндіктер туралы, бакалавриат және магистратура бағдарламаларына түсу талаптары туралы ең соңғы ақпаратты алатын боласыз. Университеттің бөлім қызметкерлері болашақ мамандықты таңдау сияқты маңызды мәселеде шешім қабылдауда көмек беретін болады.

Оқуға түсу мен грант алу үшін конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі жөнінде мазалап жүрген барлық сұрақтарыңызды қоя аласыз. Біз оқу әдістемесі мен оқу бағдарламалары туралы толық мәлімет беріп, аккредитация, рейтинг, алмасу бағдарламалары, сонымен қатар біздің студенттер сабақтан тыс бос уақыттарын қалай өткізетіндігі туралы да толық әңгімелеп беретін боламыз.

Шараға тіркелу университет сайтында осы жерде қолжетімді! Біздің шарамызға 13 мамыр күні сағат 17.30-да қосылыңыздар!

Құрметпен,

Студенттерді тіркеу және қабылдау бөлімінің тобы

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ ТІРКЕЛУ