evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
atyrau

Parents Atyrau – June 14

Құрметті болашақ КИМЭП студенттерінің ата-аналары!

Ең ұмытылмас мектеп мерекесі – «Соңғы қоңырау», мектеппен қоштасумен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Бұл күн балалық шақтың аяқталуын және ұзақ, тәуелсіз саяхаттың басталуын білдіреді.

Көптеген мектеп түлектері өздерінің әрі қарай не істеуді қалайтынын әлдеқашан біліп отыр. Басқаларға әлі өз ұмтылыстары мен таланттарын жүзеге асыру үшін нақты саланы анықтауға тура келеді.
Емтихандардан өту әлі алда тұр, осыған орай біз балаларыңыздың тестілеуден сәтті өтуіне және өмірдегі дұрыс жолдарын таңдауына тілектеспіз!

Балаларыңыз КИМЭП Университетін қабылдануға жарамды университеттердің бірі ретінде таңдады. Біз оларға академиялық бағдарламаларымызға қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз және оларды 26 тамызда басталатын күзгі семестрде КИМЭП студенттері қатарында көруге үміттенеміз.

Қалайда, сізде әртүрлі сұрақтар туындайды, ол сұрақтарға жауаптарды сіздер, әлбетте, «түпкі дереккөзден» – бізден алуларңызды қалайсыз. Сіздерге барлық сұрақтарға жауаптар алуға үздік мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін біз сіздерді 14 маусымда (жұма) сағат 18.30-дан 20.30-ға дейін Атырау қаласындағы «Қазақстан» қонақүйінің конференция залында (мекен-жайы – Сәтбаев көшесі, Владимирская көшесімен қиылысы) өтуге жоспарланған ата-аналарға және талапкерлерге арналған қабылдауға шақырамыз.

Біз сіздерді қарсы алуға аса қуанышты боламыз!

Барлық сұрақтар бойынша осы іс-шараны өткізетін студенттерді тарту және қабылдау бөлімінің директор орынбасары Бейсембинова Әсеммен хабарласуға болады, ұялы телефоны: +77017559393, электрондық поштасы:  assem@kimep.kz