evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
ldp

Көшбасшылықты Дамыту Бойынша Бағдарлама

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы 2010 жылы  жеке көшбасшылық дағдылардың болуы мен дамуына аса үлкен көңіл бөле отырып, оқу жоспарындағы инновациялық өзгерістердің бір бөлігі ретінде КИМЭП Университеті Президентінің бастамасы бойынша    құрылды. Сол себепті КИМЭП Университеті Қазақстандағы жетекші академиялық университет болып табылады. Біз қазақстандық қоғамның барлық саласында көшбасшы тұлға болып шығу үшін, біздің студенттерімізге қажетті дағдыларды міндетті түрде беру керектігіне сенеміз.

Бағдарлама:
– студенттерге көшбасшылық негіздерін, көшбасшылар тап болатын қиындықтарды, дағдылар мен практикалық білімді дамытуды білу мүмкіндігін бере отырып;
– академиялық және бизнес қоғамдастықта қолдану үшін көшбасшылықпен байланысты ғылыми-зерттеу қызметі бойынша оқытушылармен бірлесе отырып;
– сындарлы ойлауды күшейту және қажетті көшбасшылық дағдыларды дамытуды анықтау үшін белгілі көшбасшылар мен сарапшыларды шақыра отырып, көшбасшылықты зерттеуге және дамытуға академиялық бағыттылықты енгізеді.

КИМЭП Университеті Президентінің Жолдауы

«1992 жылы Президент Назарбаевтың басшылығымен құрылған күнінен бастап КИМЭП-те көшбасшылық дағдыларды дамыту негізгі басымдық болды.  Біз осы салада белсенділігімізді әрі қарай дамыту үшін Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасын жасадық. Мен аталмыш бағдарламаның орасан зор табыстарын мақтан етемін.

Бағдарлама бірнеше аспектіде бірегей болып табылады:

– Халықаралық байланыстардың кең желісін дамытады;
– Пәнаралық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандырады, демек ұлы идеялар, техникалар мен жаңалықтар өзара пәнаралық байланыста туындаған;
– Студенттерді жастайынан Қазақстанның келешектегі дамуында маңызды рөл атқаруға жігерлендіреді.

Құрметті студенттер, мен осы ұлы елдің болашақ көшбасшылары болатындарыңызды білемін. КИМЭП Университеті білім беруге аса ыждаһатты, оны ең абзалы, мүмкіндіктегі артықшылық ретінде сипаттауға болады. Бізде оқу үдерісіне жан-тәнімен берілген оқытушылар және өзіне қазіргі заманғы тәжірибені тарта білген білім беру моделі бар. Мен сіздер сабақтан және лекциядан үлкен бір ғанибет алады деген үміттемін, бірақ ең бастысы, Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының студенттері ретінде алған білімдеріңіз өмірлеріңіздің соңына дейін өздеріңізбен бірге қалады деп ойлаймын.

Мен Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының студенттеріне белсенді қатысқаны үшін және КИМЭП Университетінің өміріне теңдессіз үлес қосқаны үшін алғыс айтқым келеді. Осы бірегей бағдарламаны ұйымдастырудағы қолдауыңыз бен құлшынысыңыз үшін рахмет. Мен сіздерді өте мақтан тұтамын. Нақ  КИМЭП Университетінің студенттері, яғни сіздер жақын арада болашақтағы Қазақстанның  мұнан былайғы дамуын жеделдететін табысты көшбасшылар боласыздар”.

Бағдарлама Сипаттамасы

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы 2010 жылы  жеке көшбасшылық дағдылардың болуы мен дамуына аса үлкен көңіл бөле отырып, оқу жоспарындағы инновациялық өзгерістердің бір бөлігі ретінде КИМЭП Университеті Президентінің бастамасы бойынша    құрылды. Сол себепті КИМЭП Университеті Қазақстандағы жетекші академиялық университет болып табылады. Біз қазақстандық қоғамның барлық саласында көшбасшы тұлға болып шығу үшін, біздің студенттерімізге қажетті дағдыларды міндетті түрде беру керектігіне сенеміз.

Бағдарлама:
– студенттерге көшбасшылық негіздерін, көшбасшылар тап болатын қиындықтарды, дағдылар мен практикалық білімді дамытуды білу мүмкіндігін бере отырып;
– академиялық және бизнес қоғамдастықта қолдану үшін көшбасшылықпен байланысты ғылыми-зерттеу қызметі бойынша оқытушылармен бірлесе отырып;
– сындарлы ойлауды күшейту және қажетті көшбасшылық дағдыларды дамытуды анықтау үшін белгілі көшбасшылар мен сарапшыларды шақыра отырып, көшбасшылықты зерттеуге және дамытуға академиялық бағыттылықты енгізеді.

Оқыту методологиясы

Студенттер сабақта бизнес негіздері мен теориясын зерттеуді бастайды. Көптеген бизнес мектептер сияқты КИМЭП Университетінің оқытушылары да бизнес проблемасы аясында теорияны түсінуге студенттерге көмектесу үшін өздерінің методологиясында кейсті жиі пайдаланады. Профессорлар студенттерге курстастары ендірген тәжірибе мен перспективаларды пайдалану мүмкіндігін бере отырып, әр түрлі идеялар бойынша пікірсайыстарды қолдап отырады.

Шын мәнісінде қалған басқа бағдарламалардан аталмыш бағдарламаны ерекшелеп тұрған не? Бұл әрбір аптада кейбір қазақстандық бизнес көшбасшыларымен кездесу мүмкіндігі! Бағдарлама Самұрық Қазынадан, үлкен төрттіктен, P&G, HSBC, Microsoft, Nokia, Toyota және көптеген басқа компаниялардан топ менеджерлерді қошеметтеп қарсы алады. Сонымен қатар студенттер де КИМЭП Университетінің түлектерінен кәсіптік және жеке жетістіктері туралы тыңдай алады. Шынында да түлектердің табыс тарихы студенттерге шабыт беріп, олардың табанды түрде оқуларына себепші болады.

Бағдарлама талаптарын орындау үшін студенттер компанияларға арналған нақты жобаларға қатысады. Шағын курстастар тобымен және тәлімгермен (әдетте бұл компания топ менеджері) студенттер бизнес кейсті дамыту үшін басқа командалармен сайысқа түседі. Осылайша, Бағдарлама  студенттерге бір-бірімен және нақты бизнес жағдайда көшбасшы ұйымның топ менеджерімен тығыз жұмыс істеу үшін эксклюзивті мүмкіндік береді. Студенттер тек академиялық және интеллектуалдық артықшылық алып қана қоймай, практикадан өту және жұмысқа орналасудың ішкі үлкен мүмкіндіктеріне ие болады.

Студенттер барлық үш пән біткен кезде  Көшбасшылық Сертификатын алады, ол жұмысқа орналасу ықтималдығын күшейтіп, үміткерлерді ЖҰМЫСҚА қабылдау барысында біршама тартымды етеді!

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының студенттері КИМЭП Университетіндегі жас таланттардың жаңа буынын көрсетеді. Білімқұмар бағдарлама қатысушыларын әрдайым жаңа да қызықты идеялар күтеді.

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасына – өскісі келетіндерге және бизнесте, ұйымдарда, спорт командаларында, әлеуметтік топтарда және тіпті өздеріңіздің достарыңыз бен отбасы мүшелерінің арасында көшбасшы болуға дайын әрбір адамға арналған бағдарламаға қосылыңыздар.

КИМЭП Көшбасшыларының Форумы

Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының сабақтарын біздің студенттеріміз үшін естен кетпес тәжірибе етіп жасау үшін, біз әр түрлі индустрияның асқан ойшылдарын шақырып, осы индустриядағы нағыз қиындықтар туралы, жылдам өзгеруші, бәсекелі ортада шешімдерді қалай қабылдау керектігін және компания көшбасшы болып қалу үшін не керектігін айтып беруді өтінеміз. Біз сонымен қатар осы бағдарлама аясында КИМЭП Көшбасшылар Форумын қалыптастырдық.. Ол Қазақстан жастарының көшбасшылық әлеуетін ынталандыру үшін қуатты құралға айналады деген үміттеміз.

Көшбасшылардың дәйексөздері

Д-р Чан Йан Бэнг, КИМЭП Университетінің Президенті
“Ең табысты көшбасшылар өз мақсатына ақша мен бедел үшін емес, бірегей әсер алу үшін жетеді, соның нәтижесінде біздің әлеміміз біршама жақсырақ бола түспек”.

Анастасиос Ситсас, JTI Қазақстан Бас менеджері, Қырғызстан және Монғолия
“Көшбасшылық анықтамасындағы түйінді сөз сенім болып табылады. Арман, жалпы көзқарас, құштарлық – бұл адамдарды жұмыс істеуге шабыттандыратын негізгі құраушылар”.

Борисбий Жангуразов, «Kazyna Capital Management басқарма төрағасының орынбасары
“КИМЭП – бұл Қазақстандағы көшбасшылар университеті. Ол клуб сияқты. КИМЭП түлектері табысқа жетеді, өйткені олар өмірлерінің соңына дейін бір-біріне көмектесіп тұрады”.

Жанат Бердалина, Аға кеңесші. Қазақстан мен Орталық Азиядағы KPMG бұрынғы президенті
“Тапсырманы орындау үшін адамдарды жинау соншалықты қиын емес. Бірақ қорытындысында бұл біздің көшбасшылардан қалағанымыз емес. Ұлы көшбасшылар адамдарға тапсырманы ынтамен, құштарлықпен орындауына көмектеседі”.

Кейт Гейбл, Орталық Азия мен Кавказдағы Ernst & Young Басқарушы Әріптес

“Кез келген жұмыстың техникалық жағын зерделеуге болады. Бірақ адам факторы, шын мәнісінде өте маңыздысы осы. Офис – бұл кірпіш және құрылыс ерітіндісі емес. Күшті офис индивидумдардың айналасына құрылады”.

Жобалар Мен Жарияланымдар

Бағдарлама талаптарын орындау үшін студенттер компанияларға арналған нақты жобаларға қатысады. Шағын курстастар тобымен және тәлімгермен (әдетте бұл компанияның топ менеджері) студенттер бизнес кейсті дамыту үшін басқа командалармен сайысқа түседі. Бұл Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының студенттері үшін инновацияда, маркетингте, қаржыда, стратегиялық жоспарлауда, операциялық іс-әрекетте, жобаларды басқаруда, бизнес коммуникация және менеджмент бойынша басқа пәндерде өз шеберлігін көрсету мүмкіндігі. Осылайша, Бағдарлама  студенттерге бір-бірімен және нақты бизнес жағдайда көшбасшы ұйымның топ менеджерімен тығыз жұмыс істеу үшін эксклюзивті мүмкіндік береді. Мұндай қызметтестік студенттер үшін де, компаниялар үшін де инновациялық жобалар жасауда тамаша мүмкіндік болып табылады.

Мынау қазіргі кезеңде бағдарлама аясында жүзеге асқан бірнеше жобалардың мысалы:
– Қазақстанда АКТ даму индексі: Бизнес ортаға назар тігу (тәлімгер Гюнтер Дам, Менеджер,Microsoft Kazakhstan);
– Инновациялық  менеджмент: Қазақстанда инновацияның өсуі үшін үкіметтік бастамаларға  сындарлы талдау (тәлімгер  Гюнтер Дам, Менеджер, Microsoft Kazakhstan) ;
– Қазақстан Республикасындағы Ислам Банкі:  Аль Хилал банк нарығына кіру қиындықтары (тәлімгер Прасад Абрахам мырза, Аль Хилал банкінің басқарма төрағасы);
– ТМД-ғы қазақстандық банк жүйесіндегі көшбасшылық: Аңыз әлде  шындық? (тәлімгер Мұхтар Мұсабетов, Басқарушы Әріптес, ICC Business Advisors).

26 сәуір, 2013 ж.
JTI Қазақстан компаниясы Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының студенттеріне «Нарықта өнімдерді дамытудың жаңа тәсілдері мен құралдары: Уинстон мысалында» деп аталатын арнаулы жобамен жұмыс істеуді ұсынды.

Мұқият талдаудан, қиын істелген жұмыстан және тамаша презентациядан кейін JTI компаниясының өкілдері студенттік жұмыс нәтижелері мен олардың ұсынған қызықты идеяларынан өте жақсы әсер алды.

Пікірлер

“Бұл бағдарлама сені жоғарыны мақсат етуге, ынтамен жұмыс істеуге, стратегиялық тұрғыда ойлауға, өзіңнің креативтілігіңді жақсырақ пайдалануға, болашақ байланыстарды дамытуға, өзіңнің табыс тарихыңды жасауға шабыт береді”.

Александра Шапошникова

“Менің сүйікті спикерлерімнің бірі Илья Оразақов болды. Оның пікірінше, әркім кез келген жаста көшбасшы бола алады. Мен көшбасшы болып тумайды, көшбасшы болып қалыптасады деген пайымға келдім және де көшбасшылық кімде-кімнің белгілі бір лауазымды атқаруы дегенді білдірмейді”.

Асқар Маратов

“Бағдарлама біздің мінез-құлқымызға, басқаруда және қарым-қатынас жасауда көптеген тәсілдер берді. Бұрын біздің көпшілігіміз нағыз көшбасшы аса өктемшіл болуы керек деп ойлайтынбыз, қарап тұрсақ бұл қате долбар екен. Біз көшбасшы үлкен компанияның басында тұрған адам емес, жалпы мақсаттарға жету үшін басқаларды ынталандыра білетін кәсіби мамандар екенін түсіндік. Нағыз көшбасшылар – бұл өздерінің нені қалайтынын білетін үйірімпаз адамдар”.

Дильназ Кадырова