evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
executive-mba

Халықаралық Сертификация Программалары

КИМЭП Университетіндегі Халықаралық Сертификаттау Бағдарламалары студенттің мамандығы бойынша халықаралық сертификатқа емтихан тапсыру үшін арнайы арналған дайындық курстары.

Халықаралық сертификаттардың иегерлері бүкіл әлемде мойындалады, олардың жұмысқа орналасу болжамы өте улкен, кәсіби білімі және өз саласында танымы жоғары.

Басқарушы Білім Орталығы осы бағдарламаларды 2009 жылдан бастап жүргізіп келеді. Орталық ұсынған алғашқы бағдарлама CFA® (Chartered Financial Analyst) дайындық бағдарламасы болып табылады. Бұл қаржы әлемінде танымал және кеңінен танылған халықаралық сертификат. CFA сертификатының иелері қор биржасында, инвестициялық компанияларда және әртүрлі қаржы институттарында жұмыс істейді.

Орталықтың екінші бағдарламасы Салық бойынша сертификат (ADIT-ке дайындық). ADIT халықаралық сертификаты Ұлыбританияда негізделген және салық мамандары үшін кәсіби сертификация болып табылады.

CFA® – CFA институтының меншігі

Samal Jazykbayeva
Deputy Director Executive Education Center of KIMEP University
Executive Education Center of KIMEP University
Office #103
Telephone: +7 (727) 237 47 87, ext. #1117
Mobile phone: +7 (777) 002 19 16
E-mail: jsamal@kimep.kz
4, Abai Ave.,
Almaty
Republic of Kazakhstan

CFA

CFA® I деңгейге дайындық курсы
CFA – қаржы және инвестициялар саласындағы, әсіресе акцияларды, облигацияларды және олардың туынды активтерін инвестициялық басқару және қаржылық талдау саласындағы мамандар үшін танылған біліктілік. Бағдарлама портфельді басқаруға және қаржылық талдау жасауға бағытталған, және осы саладағы базалық білімді қамтамасыз етеді.
CFA сертификатының иегері болу үшін сіз бухгалтерлік есеп, этика, ақшаны басқару және қауіпсіздік талдауларын қамтитын үш емтихан деңгейін тапсыру керексіз.
КИМЭП Университетіндегі Басқарушы кадрларға арналған Білім Орталығы CFA сертификациясының бірінші деңгейін өтуге қажетті үш айлық дайындық курсын ұсынады.
CFA®-ға ие болудың артықшылықтары?

  • Ең жақсы жұмыс ұсыныстары
  • Емтихан тапсыру үшін қол жетімді бағалар
  • Науқанды өткізу
  • Әлемді тану
  • Нақты әлемдегі тәжірибе

Кім қатыса алады?

  • Соңғы оқу жылындағы қаржы мамандығының студенттері
  • Қаржылық талдаушылар немесе қаржылық мамандар
  • Инвестициялық менеджерлер

Неге бізді таңдайсыз?

  • Курстың нұсқаушысы – нақты активтерді басқару тәжірибесі бар CFA сертификатының иегері
  • КИМЭП Университетінің докторантура дәрежесі бар оқытушылары
  • Сапа кепілдігі
  • КИМЭП түлектеріне және корпоративтік клиенттеріне арналған жеңілдік жүйесі
  • Курсты аяқтау туралы сертификат

Курстың тақырыбы

  • Этикалық және кәсіби стандарттар
  • Сандық талдау
  • Экономика
  • Қаржылық есептілік және талдау
  • Корпоративтік қаржы
  • Портфельді басқару
  • Меншікті капиталды инвестицияландыру
  • Тұрақты кіріс
  • Туынды қаржы құралдары
  • Балама инвестициялар

Курстың сипаттамасы

  • 26 тренинг сессиялар = 80 академиялық сағат
  • Әр бейсенбіде кешке және сенбіде таңертең
  • Сыныптарды қаржы саласының 10 жылдан астам тәжірибесі бар CFA иегері өткізеді
  • Оқу кезеңінде жеке оқытуға көмек
  • Оқытушымен бейімделген оқу материалдары
  • Сынақ емтихандары
  • Материалды қайталау

Тіркеуге қойылатын негізгі талаптар
Бакалавр (немесе оған тең бағдарлама) иегерлері немесе бакалавриаттың соңғы жылында оқитындар.
Қосымша ақпарат алу үшін: m.izbassarova@kimep.kz немесе +7 (727) 2374787 телефондарына хабарласыңыз
CFA® – CFA институтының меншігі

Салық Бойынша Сертификат

Салық салу бойынша КИМЭП сертификаты 
ADIT (халықаралық салық салу бойынша жетілген деңгей дипломы) квалификациясын бір жылда алу мүмкіндігін береді.

ADIT – бухгалтерлер, салық бойынша корпоративті менеджерлер, салық құжаттамалары бойынша мамандар, заңгерлер, қаржылық кеңесшілер, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарддан қаржылар бойынша мамандар, бизнесте маманданатын студенттер үшін, және де жақсы техникалық икемділігі бар тұлғалар үшін және салық салу бойынша білім алу курстары қызықтыратындар үшін.
Салық салу бойынша КИМЭП сертификаты ADIT квалификациясын алу емтиханын тапсыруға бағытталған, мамандырылған форматтағы 3 курс сериясын өтуден кейін беріледі:

  • Халықаралық салық құқығы
  • Қазақстанның салық құқығы
  • Көпұлтты компаниялрға салық салу

Оқыту тілі: ағылшын

Ұзақтығы: әрбір оқу парағы үшін 6 күн

Оқу нәтижелері:
1. Халықаралық салық салуға байланысты проблемаларды анықтап, олар үшін кешенді шешімдер шығара аласыз;
2. Салық төлеуден жалтаруға қарсы бағытталған ережелер мен қағидалар орынды қолданылуын саралау, сонымен қатар, олардың көпұлтты компаниялардың белсенділігіне әсерін анықтай аласыз;
3. Тарифтер және салықтар сияқты түрлі салалардағы мемлекеттік реттеудің мәнісін негіздеп түсіндіре аласыз, сонымен қатар оның көпұлтты кәсіпорындардың салықтық міндеттмелеріне және салықтық стратегияларына қалайша әсер етеіндігін анықтай аласыз;
4. Бизнестегі іс жүзіндегі жағдайларды сараптай отырып, оның көкейкесті мәселелерін анықтап және конструктивті де, әрі жан-жақты шешім қабылдай аласыз;
5. Көпұлтты кәсіпорындармен байланысты саладағы қазақстандық заңнамалардың, халықаралық салық келісім-шарттарының, шетелдік салық заңнамаларының талқыламасы мен салыстырмалы анализін жүзеге асыра аласыз;
6. Көпұлтты кәсіпорындарға арналған салықтық жоспарлау мүмкіндіктерін жорамалдай аласыз

ADIT брошюрасы әрбір емтиханға арналған тақырыптар мен

форматтар туралы толық ақпаратты қамтиды.

ADIT веб-сайты: http://www.tax.org.uk/adit

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз:

+7 (727) 2374787 (ішкі 1034) немесе e-mail: m.izbassarova@kimep.kz