Әлеуметтік ғылымдар факультеті “Economic Community and Networking Club” ұйымымен бірлесе отырып, 3 қараша күні EY компаниясының ESG және тұрақты даму жөніндегі серіктесі Виктор Коваленконың қатысуымен қонақ дәрісін ұйымдастырады.
Дәріс тақырыбы: «ESG, тұрақты даму және экономикалық дамудың болашағы».
Іс-шара Дөңгелек ғимаратындағы Тенгри залында сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін өтеді.
Дәрістен кейін қатысушылар сұрақ-жауап және өзара танысу сессиясына қатыса алады.
Іс-шараға КИМЭП-тің барлық студенттері мен оқытушылары қатыса алады.



