Тұрақты алмасу және Erasmus бағдарламалары

1.1. Тұрақты алмасу бағдарламасы

  • Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру, талаптар мен мерзімдерді қоса алғанда, академиялық ұтқырлық кезеңі басталғанға дейін кемінде 4 ай бұрын жарияланады.
  • Алмасу бағдарламасы бойынша ақпараттық сессияға қатысу міндетті болып табылады.
  • Студенттер бір білім алу деңгейі аясында алмасу бағдарламасына екі реттен артық қатыса алмайды (Erasmus және онлайн алмасу бағдарламаларын қоспағанда).
  • Студенттер L-drive: International Mobility: Before Application: Academic Mobility Policy бөліміндегі «Пәндерді алдын ала мақұлдау рәсімі» және «Пәндерді қайта есептеу саясаты» құжаттарымен танысуы тиіс.
  • Қатысушылар өз колледжінің мақұлдауымен серіктес жоғары оқу орнында кез келген пәнді, соның ішінде кәсіби және зерттеу тағылымдамасын, Thesis I және II, диссертацияны (мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмыс/диссертация қорғаудан басқа) оқи алады.
  • Қатысушылар серіктес университеттің қабылдау және тіркелу ережелерін сақтауға міндетті.
  • Қатысушылар КИМЭП Университетінде күндізгі бөлімнің дәреже алушы студенті мәртебесін сақтауы тиіс және қабылдаушы университетте дәреже алушы студент ретінде тіркелмеуі керек.
  • Қатысушылар қабылдаушы университетке аттанар алдында КИМЭП-тегі «Алмасу бағдарламасына» тіркеліп, оқу ақысын КИМЭП Университетіне төлеуі тиіс (егер серіктестік келісімінде өзгеше көзделмесе).
  • Қатысушылар қабылдаушы университетте оқу ақысын төлеуден босатылады (егер серіктестік келісімінде өзгеше көрсетілмесе). Төлем шарттары, соның ішінде студенттік алымдар серіктестік келісімінде белгіленеді. Басқа төлемдер (медициналық қызметтер, кітаптар және т.б.) серіктес университеттің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
  • Егер келісімде өзгеше көзделмесе, КИМЭП-тегі шәкіртақы мен оқу ақысына қатысты жеңілдіктер шетелде білім алып жүрген қатысушыларға да қолданылады.
  • Қатысушылар жол жүру, виза рәсімдеу, тұру, медициналық сақтандыру, оқулықтар мен оқу құралдары, кепілдік жарналар, тамақтану және жеке шығындарды өздері көтереді. Бұл шығындар үшін екі оқу орнының ешқайсысы жауапты болмайды.
  • Қатысушылар серіктес университет ұйымдастыратын әлеуметтік және мәдени іс-шараларға қатысу арқылы КИМЭП Университеті мен Қазақстанды таныстыруға ынталандырылады.
  • Оралғаннан кейін қатысушы өзінің академиялық ұтқырлық тәжірибесі туралы Халықаралық кеңсеге есеп беруге міндетті және болашақ қатысушыларға тәлімгер болуға шақырылады.
  • Қатысушы өзінің жеке деректерінің үшінші тарапқа берілуіне келісім береді.
  • Оқу үдерісіне қатысты мәселелер Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президентке жолдануы тиіс.
  • Қаржылық мәселелерге қатысты барлық өтініштер, шағымдар және сұраулар Қаржы жөніндегі вице-президентке және Қаржылық көмек көрсету бөліміне жолдануы тиіс.
  • КИМЭП Университеті және/немесе қабылдаушы оқу орны ұсынған студенттің академиялық емес тәртіп бұзушылықтарына қатысты барлық шағымдар КИМЭП Университетінің Студенттік тәртіптік комитетінде қаралады.
  • Қатысушы оқу орындарының ережелерін бұзған жағдайда, КИМЭП Университеті мен серіктес оқу орны оны алмасу бағдарламасынан шығаруға құқылы.
  • Студенттер қабылдаушы және жіберуші оқу орындарының, сондай-ақ екі елдің заңдары мен ережелерін сақтауға міндетті. Елдердің заңнамаларын бұзған жағдайда қатысушылар қабылдаушы немесе жіберуші елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

1.2. Төтенше жағдай

Тараптар өздерінің еркінен тыс туындаған, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін немесе олардың орындалуын кешіктіретін мән-жайлар үшін жауапты болмайды. Мұндай мән-жайларға, бірақ олармен шектелмей, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт немесе өзге де табиғи апаттар, әскери іс-қимылдар немесе мемлекеттік төңкеріс, мемлекеттік органдардың тыйым салатын немесе шарттың орындалуына ықпал ететін шешімдері, сондай-ақ алмасу бағдарламасы басталғанға дейін немесе басталғаннан кейін қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары орналасқан елдерде туындаған, тараптардың еркінен тыс өзге де мән-жайлар жатады.

Егер көрсетілген мән-жайлардың салдарынан қатысушының өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаса, ол мұндай мән-жайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындарын бұл туралы хабардар етуге міндетті. Қатысушы жоғары оқу орындарын белгіленген мерзімде хабардар етпеген жағдайда, ол міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде жоғарыда көрсетілген мән-жайларға сілтеме жасауға құқылы емес.

Қатысушының абайсыздығының және (немесе) қасақана әрекеттерінің салдарынан туындаған оқиғалар еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары болып танылмайды.

Тұрақты алмасу бағдарламасына қатысуға қойылатын талаптар

Өтінім беру кезінде студент төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет (ағылшын тілі пәндері бойынша орташа бағасы B (3.0)-ден төмен болмауы немесе IELTS – 6.0, TOEFL iBT – 72, TOEFL PBT – 523, Duolingo – 95 нәтижелерінің болуы тиіс);
  • 18 жасқа толған болуы тиіс;
  • үлгерімнің орташа балы (GPA) 3.00 және одан жоғары болуы тиіс;
  • күндізгі оқу нысанында білім алуы тиіс;
  • тұрақты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алдыңғы алмасу кезеңінің ұзақтығы бір семестрден аспауы тиіс.

Өтінім беру сәтіне дейін студент төмендегі көлемде академиялық кредиттерді меңгерген болуы тиіс:

  • бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 30 академиялық кредит;
  • магистратура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит;
  • докторантура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит.

Төмендегідей жағдайлар болған кезде студент бағдарламаға қатыса алмайды:

  • тәртіптік жаза қолданылған болса;
  • қаржылық берешегі болса.
Erasmus бағдарламасына қатысуға қойылатын талаптар

Erasmus стипендиялық академиялық алмасу бағдарламасы бір семестр мерзіміне ұсынылады. Қатысушылардың жол жүру, тұру және орналастыру шығындары қабылдаушы жоғары оқу орны тарапынан ішінара қаржыландырылады.

Өтінім беру кезеңінде студент төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет (ағылшын тілі пәндері бойынша орташа бағасы B (3.0)-ден төмен болмауы немесе IELTS – 6.0, TOEFL iBT – 72, TOEFL PBT – 523 нәтижелері болуы тиіс);
  • 18 жасқа толған болуы тиіс;
  • үлгерімнің орташа балы (GPA) 3.70 және одан жоғары болуы тиіс;
  • күндізгі оқу нысанында білім алуы тиіс.

Өтінім беру сәтіне дейін студент төмендегі көлемде академиялық кредиттерді меңгерген болуы тиіс:

  • бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 30 академиялық кредит;
  • магистратура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит;
  • докторантура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит.

Төмендегі талаптарға сәйкес келмейтін студенттер бағдарламаға қатысуға жіберілмейді:

  • тәртіптік жазасы бар;
  • қаржылық берешегі бар
Тұрақты алмасу және Erasmus бағдарламаларына қатысуға өтінім беру тәртібі мен құжаттар тізбесі

Қатысу талаптары мен өтінімдерді қабылдау мерзімдері көрсетілген хабарландыру академиялық ұтқырлық кезеңі басталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын жарияланады. Онлайн-өтінім Студенттік порталда өтінімдерді қабылдаудың белгіленген кезеңінде ашық болады.Өтінім беру кезінде үміткер онлайн-өтінімді толтырып, басымдық ретімен ең көп дегенде үш серіктес жоғары оқу орнын көрсетіп, міндетті және қосымша құжаттарды жүктеуі тиіс.

Міндетті құжаттар:

  • толтырылған онлайн-өтінім;
  • халықаралық паспорттың көшірмесі;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша кемінде бір ақпараттық сессияға қатысқанын растайтын құжат.

Қосымша құжаттар:

  • зияткерлік олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға қатысқаны және жетістіктері туралы сертификаттар, дипломдар;
  • спорттық жетістіктерді растайтын сертификаттар мен дипломдар;
  • еріктілік және қоғамдық қызметке қатысқанын растайтын құжаттар;
  • оқытушылардан, университет әкімшілігінен, студенттік ұйымдардан немесе Студенттік өзін-өзі басқару ұйымынан берілген ұсынымдар;
  • әлеуметтік осал мәртебесін растайтын құжат (болған жағдайда).

Онлайн-өтінім беру бағдарламаға қатысуға кепілдік бермейді.

Жалған немесе қолдан жасалған құжаттарды ұсыну студентті алмасу бағдарламасынан дереу шеттетуге және материалдарды Студенттердің тәртіптік комитетінің қарауына жіберуге негіз болады.

Тұрақты алмасу бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу критерийлері

Ең жоғары жалпы балл52,33.

Үміткерлер төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

  1. Үлгерімнің орташа балы (GPA) – 4,33 баллға дейін.
  2. Бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған – 1 балл.
  3. Бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан – 0 балл.
  4. Зияткерлік олимпиадалардағы, конкурстардағы және жарыстардағы жетістіктері:
  • халықаралық деңгей – 4 балл;
  • республикалық деңгей – 3 балл;
  • қалалық деңгей – 2 балл;
  • университетішілік деңгей – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

  1. Спорттық жетістіктері:
  • халықаралық деңгей – 4 балл;
  • республикалық деңгей – 3 балл;
  • қалалық деңгей – 2 балл;
  • университетішілік деңгей – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

  1. Қоғамдық қызметке қатысуы:
  • KSA Кабинетінің мүшесі (Президент, Вице-президент, Орынбасар) – 3 балл;
  • студенттік ұйымның президенті – 3 балл;
  • студенттік ұйымның вице-президенті – 3 балл;
  • студенттік ұйым бөлімінің басшысы – 2 балл;
  • студенттік ұйымның мүшесі – 1 балл;
  • университеттің құрылымдық бөлімшесінде басшылық лауазымды атқаруы – 3 балл;
  • KIMEP University-де еріктілік қызметке қатысуы – 1 балл;
  • университеттен тыс қоғамдық қызметке қатысуы – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 11 балл.

  1. Ұсыныстар:

оқытушыдан:

  • ерекше ұсынады – 3 балл;
  • ұсынады – 2 балл;
  • ескертпемен ұсынады – 1 балл;
  • ұсынбайды – 0 балл.

университет қызметкерінен:

  • ұсынады – 2 балл;
  • ескертпемен ұсынады – 1 балл;
  • ұсынбайды – 0 балл.

KSA Студенттік үкіметінен немесе студенттік ұйымнан:

  • ұсынады – 1 балл;
  • ұсынбайды – 0 балл.

Әр санат бойынша бір ғана ұсыным есепке алынады.

Ең көбі – 6 балл.

  1. Әлеуметтік осалдық:
  • Medical Office деректері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар студент – 10 балл;
  • жетім студент (23 жасқа дейін) – 10 балл;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркеу анықтамасына сәйкес бірге тұратын көпбалалы отбасының 23 жасқа дейінгі студенті – 5 балл.

Бір ғана санат есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

Erasmus бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу критерийлері

Ең жоғары жалпы балл – 49,33.

Үміткерлер төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

  • Үлгерімнің орташа балы (GPA) – 4,33 баллға дейін.
  • Бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған – 1 балл.
  • Бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан – 0 балл.
  • KIMEPUniversity ұйымдастырған немесе оның базасында өткізілген зияткерлік олимпиадалардағы, конкурстардағы және жарыстардағы жетістіктерді растайтын құжаттар:
    • халықаралық деңгей – 4 балл;
    • республикалық деңгей – 3 балл;
    • қалалық деңгей – 2 балл;
    • университетішілік деңгей – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

  • KIMEP University ұйымдастырған немесе оның базасында өткізілген спорттық іс-шаралардағы жетістіктерді растайтын құжаттар:
    • халықаралық деңгей – 4 балл;
    • республикалық деңгей – 3 балл;
    • қалалық деңгей – 2 балл;
    • университетішілік деңгей – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

  • KIMEP University-дегі қоғамдық қызметке қатысуды растайтын құжаттар:
    • KSA ұйымының мүшесі (Президент, Вице-президент, Орынбасар) – 3 балл;
    • студенттік ұйымдағы қызметі:
      • студенттік ұйымның Президенті/Вице-президенті – 3 балл;
      • студенттік ұйымның жетекшісі – 2 балл;
      • студенттік ұйымның мүшесі – 1 балл;
    • KIMEPUniversity-де волонтерлік қызметке қатысуы – 1 балл;
    • университеттен тыс қоғамдық қызметке қатысуы – 1 балл.

Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.

Ең көбі – 8 балл.

  • Ұсынымдар:
    • KIMEP University оқытушысынан:
      • ерекше ұсынады – 3 балл;
      • ұсынады – 2 балл;
      • ескертпемен ұсынады – 1 балл;
      • ұсынбайды – 0 балл.
    • KIMEP University қызметкерінен:
      • ұсынады – 2 балл;
      • ескертпемен ұсынады – 1 балл;
      • ұсынбайды – 0 балл.
    • KSA Студенттік үкіметінен немесе студенттік ұйымнан:
      • ұсынады – 1 балл;
      • ұсынбайды – 0 балл.

Әр санат бойынша бір ғана ұсыным хат есепке алынады.

Ең көбі – 6 балл.

  • Әлеуметтік осалдық:
    • Medical Office деректеріне сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар студент – 10 балл;
    • жетім студент (23 жасқа дейін) – 10 балл;
    • тұрғылықты жері бойынша тіркеу анықтамасына сәйкес бірге тұратын көпбалалы отбасының 23 жасқа дейінгі студенті – 5 балл.

Бір ғана санат есепке алынады.

Ең көбі – 10 балл.

Тұрақты алмасу және Erasmus бағдарламалары бойынша қатысушыларды іріктеу тәртібі
  • Үміткерлерді бағалау жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүзеге асырылады.
  • Бағдарлама ең жоғары балл жинаған үміткерлерді анықтап, оларды рейтинг бойынша орналастырады.
  • Іріктеуден өткен үміткерлерге алмасу бағдарламасына қатысуын бір апта ішінде растау туралы хабарлама жіберіледі.
  • Егер студент белгіленген мерзімде жауап бермесе немесе қатысудан бас тартса, оның орны рейтинг бойынша келесі үміткерге беріледі.
  • Іріктеуден өткен барлық студенттер қатысуын растағаннан кейін олар алмасу бағдарламасына қатысу үшін ресми түрде номинацияланады. Іріктеу нәтижелері Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент қол қоятын Алмасу бағдарламасына қатысушыларды іріктеу нәтижелері туралы хаттамада рәсімделеді.
  • Координатор алмасу бағдарламасына қатысушыларды іріктеу нәтижелері туралы бұйрықтың жобасын дайындайды. Бұйрықта қатысушылардың тізімі, қабылдаушы жоғары оқу орындары, бағдарламалардың атаулары, академиялық ұтқырлық мерзімдері, сондай-ақ резервтік тізімге енгізілген үміткерлер көрсетіледі. Бұйрыққа Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
  • Егер бұйрыққа қол қойылғаннан кейін серіктес жоғары оқу орны академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қосымша орындар бөлсе, қосымша үміткерлер резервтік тізімнен студенттердің рейтингіне сәйкес номинацияланады. Бұл жағдайда бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіліп, оған Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
  • Егер студент алмасу бағдарламасына қатыса алмаса, ол бұл туралы Координаторға хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайда оның орны резервтік тізімдегі келесі үміткерге беріледі, ал бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіліп, оған Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
  • Егер іріктеуді серіктес жоғары оқу орны жүргізсе, серіктес жоғары оқу орны жүргізген іріктеу нәтижелері туралы бұйрық рәсімделіп, оған Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
  • Қабылдаушы жоғары оқу орны алмасу бағдарламасына номинацияланған студенттерді қабылдайды, алайда оларды оқуға қабылдаудан бас тарту құқығын өзінде сақтайды.