СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТТЕР
| Серіктес университеттер | Ресми сілтемелер |
| Донгук университеті, Корея Республикасы | http://www.dongguk.edu/mbs/en/subview.jsp?id=en_040601020000 |
| HAN қолданбалы ғылымдар университеті, HAN халықаралық бизнес мектебі, Нидерланды | https://www.han.nl/en/programs/coursefinder.xml#/ |
| Гонконг баптистік университеті, Гонконг | https://intl.hkbu.edu.hk/ |
| IMC Кремс қолданбалы ғылымдар университеті, Австрия | https://www.fh-krems.ac.at/en/ |
| Тулуза бизнес мектебі, Франция | https://www.tbs-education.com/ |
| Деусто университеті, Испания | https://www.deusto.es/cs/Satellite/deusto/en/university-deusto?cambioidioma=si |
| Страсбург университеті, EM бизнес мектебі, Франция | https://www.em-strasbourg.com/exchange-programmes |
| Загреб экономика және менеджмент мектебі, Хорватия | https://www.zsem.hr/en/international/ |
Электрондық ұтқырлықтың ережелері
Онлайн ұтқырлық бағдарламасының ережелері
1.1 Онлайн алмасу бағдарламасы
- Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру, талаптар мен өтінім беру мерзімдері көрсетіле отырып, академиялық ұтқырлық кезеңі басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын жарияланады.
- Алмасу бағдарламасы бойынша ақпараттық вебинарға қатысу міндетті.
- Студенттер L-drive: International Mobility → Before Application → Academic Mobility Policy бөлімінде орналастырылған «Course Approval Procedure» және «Course Transfer Policy» құжаттарымен міндетті түрде танысуы тиіс.
- Студенттер онлайн алмасу бағдарламасына қатысу саны бойынша шектелмейді, алайда білім беру бағдарламасы шеңберінде ең көбі 18 академиялық кредит қана қайта есептеледі.
- Қабылдаушы университетте студент бір семестрде 3-тен 18 академиялық кредитке дейін оқи алады.
- Қатысушылар өз колледжінің келісімімен кез келген пәндерді, оның ішінде кәсіби және зерттеу практикасын, Thesis I, Thesis II және диссертациялық жұмысты (мемлекеттік емтихандар мен дипломдық/диссертациялық жұмысты қорғауды қоспағанда) меңгере алады.
- Қатысушылар қабылдаушы университеттің қабылдау және тіркеу қағидаларын сақтауға міндетті.
- Бағдарламаға қатысу кезеңінде студенттер КИМЭП Университетінде күндізгі бөлімнің негізгі білім беру бағдарламасының студенті мәртебесін сақтауы тиіс және қабылдаушы университетте дәреже алуға бағытталған бағдарлама бойынша студент ретінде тіркеле алмайды.
- Қабылдаушы университетте оқуды бастамас бұрын қатысушылар КИМЭП Университетіндегі «E-Exchange Program» бағдарламасына тіркеліп, оқу ақысын төлеуі тиіс (егер серіктестік туралы келісімде өзгеше көзделмесе).
- Қатысушылар қабылдаушы университетте оқу ақысын төлеуден босатылады (егер серіктестік туралы келісімде өзгеше көзделмесе). Басқа шығындар (оқулықтар және т.б.) қабылдаушы университеттің қағидаларына сәйкес төленеді.
- «E-Exchange Program» бағдарламасына қатысу кезінде КИМЭП Университетінде қолданылатын шәкіртақы мен оқу ақысынан босату талаптары сақталады, егер келісімде өзгеше көзделмесе.
- Қатысушыларға серіктес университет ұйымдастырған әлеуметтік және мәдени онлайн-іс-шараларға (болған жағдайда) қатысу арқылы КИМЭП Университеті мен Қазақстан Республикасын таныстыру ұсынылады.
- Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушы Халықаралық бөлімге академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу тәжірибесі туралы кері байланыс ұсынуға міндетті, сондай-ақ мүмкіндігінше болашақ қатысушыларға тәлімгер болуға шақырылады.
- Қатысушы өзінің дербес деректерінің үшінші тұлғаларға берілуіне келісім береді.
- Оқу үдерісіне қатысты барлық мәселелер Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президентке жолданады.
- Қаржылық мәселелерге қатысты барлық өтініштер, апелляциялар және басқа да сұраулар Қаржы жөніндегі вице-президентке және Қаржылық көмек көрсету бөліміне жолданады.
- КИМЭП Университеті және/немесе қабылдаушы университет ұсынған студенттің академиялық емес тәртіп бұзушылықтарына қатысты барлық шағымдарды КИМЭП Университетінің Студенттік тәртіптік комитеті қарастырады.
- Қатысушы университеттердің ішкі ережелері мен саясаттарын бұзған жағдайда, КИМЭП Университеті және қабылдаушы университет қатысушыны виртуалды алмасу бағдарламасынан шығаруға құқылы.
1.2. Төтенше жағдай
Тараптар өздерінің еркінен тыс туындаған, шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін немесе олардың орындалуын кешіктіретін мән-жайлар үшін жауапты болмайды. Мұндай мән-жайларға, бірақ олармен шектелмей, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт немесе өзге де табиғи апаттар, әскери іс-қимылдар немесе мемлекеттік төңкеріс, мемлекеттік органдардың тыйым салатын немесе шарттың орындалуына ықпал ететін шешімдері, сондай-ақ алмасу бағдарламасы басталғанға дейін немесе басталғаннан кейін қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары орналасқан елдерде туындаған, тараптардың еркінен тыс өзге де мән-жайлар жатады.
Егер көрсетілген мән-жайлардың салдарынан қатысушының өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаса, ол мұндай мән-жайлар туындаған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындарын бұл туралы хабардар етуге міндетті. Қатысушы жоғары оқу орындарын белгіленген мерзімде хабардар етпеген жағдайда, ол міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі ретінде жоғарыда көрсетілген мән-жайларға сілтеме жасауға құқылы емес.
Қатысушының абайсыздығының және (немесе) қасақана әрекеттерінің салдарынан туындаған оқиғалар еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары болып танылмайды.
Онлайн алмасу бағдарламасына қатысуға қойылатын талаптар
Өтінім беру кезінде студент төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет (ағылшын тілі пәндері бойынша орташа бағасы B (3.0)-ден төмен болмауы немесе IELTS – 6.0, TOEFL iBT – 72, TOEFL PBT – 523, Duolingo – 95 нәтижелерінің болуы тиіс);
- 18 жасқа толған болуы тиіс;
- үлгерімнің орташа балы (GPA) 3.00 және одан жоғары болуы тиіс;
- күндізгі оқу нысанында білім алуы тиіс;
- тұрақты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша алдыңғы алмасу кезеңінің ұзақтығы бір семестрден аспауы тиіс.
Өтінім беру сәтіне дейін студент төмендегі көлемде академиялық кредиттерді меңгерген болуы тиіс:
- бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 30 академиялық кредит;
- магистратура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит;
- докторантура білім беру бағдарламалары бойынша – кемінде 9 академиялық кредит.
Төмендегідей жағдайлар болған кезде студент бағдарламаға қатыса алмайды:
- тәртіптік жаза қолданылған болса;
- қаржылық берешегі болса.
Онлайн алмасу бағдарламасына қатысуға өтінім беру тәртібі мен құжаттар тізбесі
Қатысу талаптары мен өтінімдерді қабылдау мерзімдері көрсетілген хабарландыру академиялық ұтқырлық кезеңі басталғанға дейін кемінде екі ай бұрын жарияланады. Онлайн-өтінім Студенттік порталда өтінімдерді қабылдаудың белгіленген кезеңінде ашық болады.Өтінім беру кезінде үміткер онлайн-өтінімді толтырып, басымдық ретімен ең көп дегенде үш серіктес жоғары оқу орнын көрсетіп, міндетті және қосымша құжаттарды жүктеуі тиіс.
Міндетті құжаттар:
- толтырылған онлайн-өтінім;
- халықаралық паспорттың көшірмесі;
- академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша кемінде бір ақпараттық сессияға қатысуы.
Қосымша құжаттар:
- зияткерлік олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға қатысқаны және жетістіктері туралы сертификаттар, дипломдар;
- спорттық жетістіктерді растайтын сертификаттар мен дипломдар;
- еріктілік және қоғамдық қызметке қатысқанын растайтын құжаттар;
- оқытушылардан, университет әкімшілігінен, студенттік ұйымдардан немесе Студенттік өзін-өзі басқару ұйымынан берілген ұсынымдар;
- әлеуметтік осал мәртебесін растайтын құжат (болған жағдайда).
Онлайн-өтінім беру бағдарламаға қатысуға кепілдік бермейді.
Жалған немесе қолдан жасалған құжаттарды ұсыну студентті вируталды алмасу бағдарламасынан дереу шеттетуге және материалдарды Студенттердің тәртіптік комитетінің қарауына жіберуге негіз болады
Онлайн алмасу бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеу критерийлері
Ең жоғары жалпы балл – 51,33.
Үміткерлер төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
- Үлгерімнің орташа балы (GPA) – 4,33 баллға дейін.
- Зияткерлік олимпиадалардағы, конкурстардағы және жарыстардағы жетістіктері:
- халықаралық деңгей – 4 балл;
- республикалық деңгей – 3 балл;
- қалалық деңгей – 2 балл;
- университетішілік деңгей – 1 балл.
Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.
Ең көбі – 10 балл.
- Спорттық жетістіктері:
- халықаралық деңгей – 4 балл;
- республикалық деңгей – 3 балл;
- қалалық деңгей – 2 балл;
- университетішілік деңгей – 1 балл.
Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.
Ең көбі – 10 балл.
- Қоғамдық қызметке қатысуы:
- KSA Кабинетінің мүшесі (Президент, Вице-президент, Орынбасар) – 3 балл;
- студенттік ұйымның президенті – 3 балл;
- студенттік ұйымның вице-президенті – 3 балл;
- студенттік ұйым бөлімінің басшысы – 2 балл;
- студенттік ұйымның мүшесі – 1 балл;
- университеттің құрылымдық бөлімшесінде басшылық лауазымды атқаруы – 3 балл;
- KIMEP University-де еріктілік қызметке қатысуы – 1 балл;
- университеттен тыс қоғамдық қызметке қатысуы – 1 балл.
Оқудың ағымдағы деңгейі бойынша әр санаттан бір ғана жетістік есепке алынады.
Ең көбі – 11 балл.
- Ұсыныстар:
оқытушыдан:
- ерекше ұсынады – 3 балл;
- ұсынады – 2 балл;
- ескертпемен ұсынады – 1 балл;
- ұсынбайды – 0 балл.
университет қызметкерінен:
- ұсынады – 2 балл;
- ескертпемен ұсынады – 1 балл;
- ұсынбайды – 0 балл.
KSA Студенттік үкіметінен немесе студенттік ұйымнан:
- ұсынады – 1 балл;
- ұсынбайды – 0 балл.
Әр санат бойынша бір ғана ұсыным есепке алынады.
Ең көбі – 6 балл.
- Әлеуметтік осалдық:
- Medical Office деректері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар студент – 10 балл;
- жетім студент (23 жасқа дейін) – 10 балл;
- тұрғылықты жері бойынша тіркеу анықтамасына сәйкес бірге тұратын көпбалалы отбасының 23 жасқа дейінгі студенті – 5 балл.
Бір ғана санат есепке алынады.
Ең көбі – 10 балл.
Онлайн алмасу бағдарламасы бойынша қатысушыларды іріктеу тәртібі
- Үміткерлерді бағалау жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес автоматтандырылған бағдарлама арқылы жүзеге асырылады.
- Бағдарлама ең жоғары балл жинаған үміткерлерді анықтап, оларды рейтинг бойынша орналастырады.
- Іріктеуден өткен үміткерлерге онлайн алмасу бағдарламасына қатысуын бір апта ішінде растау туралы хабарлама жіберіледі.
- Егер студент белгіленген мерзімде жауап бермесе немесе қатысудан бас тартса, оның орны рейтинг бойынша келесі үміткерге беріледі.
- Іріктеуден өткен барлық студенттер қатысуын растағаннан кейін олар онлайн алмасу бағдарламасына қатысу үшін ресми түрде номинацияланады. Іріктеу нәтижелері Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент қол қоятын онлайн алмасу бағдарламасына қатысушыларды іріктеу нәтижелері туралы хаттамада рәсімделеді.
- Координатор онлайн алмасу бағдарламасына қатысушыларды іріктеу нәтижелері туралы бұйрықтың жобасын дайындайды. Бұйрықта қатысушылардың тізімі, қабылдаушы жоғары оқу орындары, бағдарламалардың атаулары, академиялық ұтқырлық мерзімдері, сондай-ақ резервтік тізімге енгізілген үміткерлер көрсетіледі. Бұйрыққа Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
- Егер студент онлайн алмасу бағдарламасына қатыса алмаса, ол бұл туралы Үйлестірушіге хабарлауға міндетті. Мұндай жағдайда оның орны резервтік тізімдегі келесі үміткерге беріледі, ал бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіліп, оған Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
- Егер іріктеуді серіктес жоғары оқу орны жүргізсе, серіктес жоғары оқу орны жүргізген іріктеу нәтижелері туралы бұйрық рәсімделіп, оған Академиялық мәселелер жөніндегі вице-президент немесе Провост әрі Президенттің бірінші орынбасары қол қояды.
- Қабылдаушы жоғары оқу орны онлайн алмасу бағдарламасына номинацияланған студенттерді қабылдайды, алайда оларды оқуға қабылдаудан бас тарту құқығын өзінде сақтайды.
БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚТАР
Онлайн академиялық ұтқырлық бағдарламасына қош келдіңіз!
Онлайн ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңес беру
Халықаралық бөлім үйлестірушісі:
Хамит Жібек
E-mail: outgoing@kimep.kz
Тел.: +7 (727) 270 43 11 (ішкі 1015)
WhatsApp: +7 (701) 428-11-37
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма: 09:00–18:00
Түскі үзіліс: 13:00–14:00
ВЕБИНАР
Төмендегі кестеде вебинарлар әдетте өткізілетін айлар көрсетілген. Нақты күндері мен уақыты әр вебинардың алдында қосымша хабарланады. Кемінде бір вебинарға қатысу міндетті.
|
# |
Тақырыбы |
Айы |
Уақыты |
|
1 |
№ 1 ақпараттық сессия: үйлестірушімен танысыңыз, әр түрлі академиялық жүйелер туралы, онлайн мобильділік бойынша біздің серіктестеріміз не ұсынатыны және оларды қалай таңдау керек екені туралы біліп алыңыз |
Қазан/Сәуір |
Қосымша хабарланады |
|
2 |
№ 2 ақпараттық сессия: өтініш беру тәртібі, сәйкестілік өлшемшарттары, құжаттар және тапсыру мерзімдері |
Қазан/Сәуір |
Қосымша хабарланады |
|
3 |
№ 3 ақпараттық сессия: пәндерді таңдау және мақұлдау тәртібі. Оқу туралы келісім |
Қазан/Сәуір |
Қосымша хабарланады |
|
4 |
№ 4 ақпараттық сессия: пәндерді ауыстыру және транскрипт алу |
Қараша/Мамыр |
Қосымша хабарланады |



