evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
museum

Мемлекеттік мұражайына экскурсия

2020 жылдың қаңтар айының 25 жұлдызында, КИМЭП Университетінің Халықаралық бөлімі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына экскурсия жасады. Тур барысында шетелдік студенттер үш залды аралады. Оларға Қазақстанның қазіргі заманғы залы, палеонтология және археология залы және тарихи этнография залы кіреді. Студенттерге бұл экскурсия өте қатты ұнады. Осы турдың арқасында олар Орталық Азияның және Қазақстанның тарихы туралы көбірек білді.