2026 жылғы 11 маусымда КИМЭП Университетінің Халықаралық бөлімі Exchange Alumni Club Meeting іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл шара академиялық ұтқырлық бағдарламасының бұрыңғы қатысушылары мен 2026 жылдың күзгі семестріне (Fall 2026) арналған алмасу бағдарламасының қатысушыларын біріктірді.
Іс-шара барысында студенттер шетелдік университеттерде білім алу бойынша жеке тәжірибелерімен бөлісіп, студенттік өмір, академиялық ерекшеліктер және мәдени ортаға бейімделу туралы әңгімеледі. Олардың тәжірибесі алмасу бағдарламасына қатысуға енді ғана дайындалып жүрген студенттер үшін құнды ақпарат пен шабыт көзіне айналды.
Кездесу жылы әрі ашық атмосферада өтіп, қатысушылар арасындағы еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Болашақ алмасу бағдарламасының студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алып, байланыс деректерімен алмасып, алдағы академиялық тәжірибелеріне жан-жақты дайындалу мүмкіндігіне ие болды.
Осындай кездесулер алмасу бағдарламасына дайындық үдерісін саналы әрі сенімді түрде ұйымдастыруға көмектеседі. КИМЭП Университетінің Халықаралық бөлімі барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын болғандары үшін алғыс білдіреді.







