0e9a903b-0bfc-4e81-8d8d-a3c119549473

ВИТАУТАС МАГНУС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 14 сәуірде КИМЭП Университеті Витаутас Магнус Университетінің (Vytautas Magnus University) делегациясын қабылдау мәртебесіне ие болды.

Кездесу барысында екі университеттің өкілдері академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл сапар серіктестік қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, білім алмасуға және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашты.

КИМЭП Университетінің Халықаралық бөлімі серіктес университеттермен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және студенттер мен қызметкерлердің академиялық әрі кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстарын белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.