2026 жылғы 30 қазанда КИМЭП Университеті АҚШ-тың жетекші мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі – Мичиган Университетінің делегациясын қабылдады.
Сапар аясында делегация КИМЭП Университеті туралы презентацияға қатысты. Презентацияны Заманауи тілдер және аударма кафедрасының меңгерушісі, доктор Ария Азаматова өткізді. Кездесу барысында академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктері, әсіресе орыс тілі бағдарламалары саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бұл кездесу екі университет арасындағы байланысты нығайтуға және болашақтағы ынтымақтастықты дамытуға жасалған маңызды қадам болды.
КИМЭП Университеті Мичиган университетінің делегациясының сапары үшін шынайы алғысын білдіреді және алдағы кездесулер мен жемісті ынтымақтастыққа үміт артады!






