evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Country-Day-13.02.2020-5

Елдер күні: Венгрия, Сингапур, Италия және Қытай

Дәстүрдің жалғасы ретінде КИМЭП Университінің Халықаралық бөлімі Едер күнін 2020 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында Глобус ақпарат орталығында ұйымдастырды.

Венгрия мемлекетінен студент алмасу бағдарламасы бойынша келген Мороц Даниэль Тибор өз елі туралы әр түрлі бағыттағы ақпаратпен бөлісті: тарих, мәдениет, дәстүрлер және т.б.

Country-Day-13.02.2020-0

Сингапур студенттері Александр Тан Ки Хок және Чун Джиа Хуи Джой қызықты презентация жасап, өз елдері туралы видео-тур көрсетті. Сонымен қатар, олар қонақтарға арналған ұлттық тағамдардан дәм татуды ұсынды.

Country-Day-13.02.2020-1

Біздің MAFL студентіміз Гүлнар Каримова Италия мемлекеті туралы презентация жасады, өйткені ол онда 15 жыл тұрып, итальян азаматтығына ие. Ол көптеген қызықты фактілер жайлы сөз қозғады және Италияны шетелдіктердің көзқарасымен сипаттады. Гүлнар интерактивті презентация жасап, қонақтарға сұрақтар қойып, дұрыс жауаптары үшін сыйлықтар берді.

Country-Day-13.02.2020-2

Қытайдан келген студенттер Вулифан Хазикен, Вукелай Нуербахети, Айдина Бәхетибай, Еланна Майран, Элина Ертолқын баяндамаларын екі қызықты тақырыпқа көңіл аударды: Дәстүрлі қытай костюмдерінің эволюциясы және күзгі мерекелер.

Country-Day-13.02.2020-3

Таныстырылымнан кейін қонақтар Сингапур мен Италия студенттерінің ұлттық тамақтарын сынап көрді және бір шыны шай мен жеңіл тағамдармен әңгімелесуді жалғастырды.

Country-Day-13.02.2020-4