evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Erasmus+-successful-story_group-photo-11.2019

Erasmus+ Faculty Mobility Successful Stories

2019 жылдың 21 қарашасында халықаралық мобильділіктің барлық қатысушылары кездесуге, мобильділік тәжірибесімен бөлісуге және ынтымақтастыққа, зерттеулерге/ жарияланымдарға қатысты болашақ жоспарларын, сондай-ақ «Эразмус+» халықаралық кредиттік мобильділік жобасына мүше ЕО әріптес университеттермен халықаралық жобаларды талқылауға арналған семинар өткізілді. Д-р Нұрсейіт Ниязбеков және д-р Мағанат Шегебаев Испаниядағы Баск Елі Университетінде оқытушы мобильділігі тәжірибесі туралы презентация өткізді; д-р Мира Нұрмаханова Швециядағы Уппсала Университетіндегі оқытушы мобильділігі бағдарламасына қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Тақырыпқа әріптес жоо-лармен тұрақты негіздегі ынтымақтастыққа, сондай-ақ мобильділік бағдарламасы аясында ұсынылатын мүмкіндіктерге мүдделілік танытқан Құқық мектебінің деканы д-р Фред Митчел Айзекс ерекше қызығушылық білдірді. Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ассистант-профессоры д-р Кристофер Бернард Примиано және бизнес факультетінің аға оқытушысы Ахлиддин Исмаилов оқытушы мобильділігі тақырыбын белсенді түрде талқылады. Сонымен қатар қатысуға өтініш беру тәртібі, стипендия көлемі, әртүрлі әріптес жоо-лар ұсынатын орындардың саны туралы, ұсынылатын пәндер мен академиялық мобильділік бағдарламасымен байланысты логистиканың басқа аспектілері туралы сұрақтар қойды.

Баск Елі Университеті (Кампус Гипузкоа кампусы)

Erasmus+-successful-story_M.-Shegebayev-11.2019

Д-р Мағанат Шегебаев шараны 2019 жылғы 21-25 қазан аралығында Баск Елі Университетінің Гипузкоа Кампусындағы (UPV/EHU) өзінің мобильділік тәжірибесі туралы презентациямен ашты. Профессор дәрістерді, жоо оқытушыларымен кездесулерді, сол аптада мобильділік бағдарламасын өтіп жатқан дүние жүзінің әртүрлі жоо өкілдерімен өзара әрекеттестікті қоса алғанда әртүрлі мобильділік аспектілерімен бөлісті. Сонымен қатар д-р Шегебаев КИМЭП Университетінің басқа әріптес жоғары оқу орны Бильбао қаласындағы Деусто Университетінде болып, онда халықаралық бөлім өкілдерімен кездесіп, жоо-лар арасындағы келешектегі ынтымақтастықты талқылады. Баск Елі Университетінде (UPV/EHU) д-р Шегебаев испандық және халықаралық студенттер тобында ағылшын тілінде іскерлік коммуникация бойынша дәріс оқыды. Алынған кері байланысқа сәйкес студенттер мен әріптестер дәрістерді практикалық тұрғыдан өте пайдалы және қызықты деп тапты. Мобильділік нәтижесінде идеялармен, оқу материалдарымен және өзара қызығушылық тудыратын басқа мәселелермен алмасу болды.

Баск Елі Университеті (Бискай кампусы)

Erasmus+-successful-story_N.-Niyazbekov-11.2019

Д-р Нұрсейіт Ниязбеков те «Эразмус» оқытушы мобильділігі бағдарламасы аясында Баск Елі Университетінде болып, онда Испаниядағы өзінің оқытушылық тәжірибесі туралы және өтініш беру тәртібі туралы әңгімелеп берді. Ол өтініш беру тәртібі жеңіл болғанын, бірақ сапарға виза алу оңай бомағанын атап өтті. Д-р Ниязбеков, д-р Шегебаев сияқты испандық студенттердің Орталық Азия мен Қазақстанға өте қызығушылық танытқанын еске салып өтті, сондықтан оқытушылар оларға ел туралы және аймақ туралы толық айтып берді. Д-р Ниязбеков Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) туралы және «түсті төңкерістер» туралы екі алты сағаттық курс, сонымен қатар саясаттану кафедрасымен екі сағаттық әңгіме өткізді. Оны Бильбаода өте жылы қарсы алды, енді ол алдағы жылы КИМЭП-ке сапармен келетін Баск Елі Университетінен зерттеуші әріптестерін тағатсыздана күтуде.

Уппсала Университеті

Erasmus+-successful-story_M.-Nurmahanova-11.2019

Д-р Мира Нұрмаханова жазда Уппсала Университетіне өте маңызды сапармен келді, бұл оған зерттеу жұмысын жазуына елеулі көмек көрсетті. Д-р Нұрмаханова өзінің сапары кезінде дәрістер оқыған жоқ, ол негізінен жоо-ның халықаралық бөлім өкілдерімен және оқытушылармен кездесулер өткізуге назар аударды. Сонымен қатар ол Уппсала Университетіндегі сапардан кейін Стокгольм Университетіндегі академиялық семинарға қатысып, онда өзінің зерттеу жұмысын нәтижелі түрде көрсетті. Ол әртүрлі мобильділік бағдарламаларына өтініш берудегі өзінің оқиғасымен бөлісіп, оқытушыларды бірінші рет бас тартқан жағдайда мойымауға шақырды, өйткені бағдарламаға сәтті іріктеу мен қатысу үшін кейде бірнеше әрекет қажет болады.