2026 жылдың 25 қыркүйегінде КИМЭП университетінде білім беру және академиялық зерттеулердегі жетістіктерімен танымал Қытайдың жетекші кешенді зерттеу университеттерінің бірі-Beijing Normal University делегациясын қабылдады.
Сапар аясында университет өкілдері үшін КИМЭП Университеті презентациясы өткізілді, оның барысында қонақтар білім беру бағдарламалары, халықаралық мүмкіндіктер және академиялық ұтқырлық перспективалары туралы білді. Кездесу сонымен қатар академиялық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды: университеттер ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
КИМЭП Университеті осы серіктестіктің дамуын жоғары бағалайды және Beijing Normal University делегациясына сапары үшін алғысын білдіреді. Біз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен зерттеулер мен академиялық алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға үміттенеміз.



