evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
housing

Кампуста тұру

Тұрғын үй бөлімі жоғары сападағы тұрғын үй қызметін қамтамасыз етуді көздеп,  кампус аумағында және кампустан тыс жерде оңтайлы тұрғын үй табуда КИМЭП-тің оқытушыларына, штатына және студенттеріне көмектесе отырып КИМЭП қоғамдастығының жоғары кәсіби бірлігі болуға тырысады.

ЖАТАҚХАНА
Жатақхана КИМЭП Университетінің аумағында ыңғайлы жерде орналасқан. Оған 406 студент сияды. Студенттерге сыпайы қызметкерлер жинап-тазалайтын жанға жайлы әрі таза  бөлмелер беріледі. Сонымен қатар жатақхананың әрбір қабатында кір жуатын бөлме, сабақ қарайтын бөлме, демалатын бөлме және екі ас үй бөлмесі бар, олар тәулік бойы қолжетімді. Интернет, кәбілдік теледидар, электр  және су сияқты коммуналдық қызмет көрсетулер жалдау ақысына кіргізілген. Жатақхана бүкіл кампус сияқты тәулік бойы күзетіледі.

ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН ТҰРҒЫН ҮЙ
Оқытушыларға кампус аумағынан және кампустан тыс жерден баспана ұсынылған:

КИМЭП кампусындағы қонақтарға арналған үй
КИМЭП қонақтарға арналған үйі  — қонақ бөлмесі, балконы, асүйі, дәретханасы және екі жуынатын бөлмесі, екі кісілік кереует бар 4 номермен кампуста орналасқан тұрғын үйдегі пәтер. Бөлмені жалға ала отырып, КИМЭП қонақтары қонаққа арналған үйдің ортақ аймағын бөліп пайдаланады. Қонақтарға арналған үй  қонақүйлерде тұру шығындарын азайту және кампуста келушілер, халықаралық студенттер мен қонақтар үшін орынға ие болу үшін, яғни екі мақсатпен құрылған.

Кампуста және кампустан тыс жерде оқытушылар үшін тұғын үй.
КИМЭП кампусындағы Тұрғын үй 17 пәтерді  (1 және 2 жатын бөлмесімен және студия- бөлмемен), кампустан тыс жерде 1 пәтерді ұсынады. Әрбір пәтер тұруға жайлы әрі қолайлы болу үшін ең қажетті заттармен және аксессуарлармен жабдықталған. Қонақ бөлмесі теледидар, диванмен, жуынатын бөлме кір жуатын машинамен, ас үй де  толығымен жабдықталған.

Байланыс ақпараты:
Асель Токина
Директор
atokina@kimep.kz
+7 (727) 237 47 73 (1022)
+7 (701) 327 1953

Калбинур Юсупова
Үйлестіруші
housing-assist@kimep.kz
+7 (727) 237 47 73 (1245)

Еркуль Муханова,
Комендант
yerkul@kimep.kz
+7 (727) 237 47 71 (1246)

Жатақхана

ОНЛАЙН БРОНДАУ ЖҮЙЕСІ

Құрметті студенттер,

Сізге жатақханадағы орынды студенттік портал арқылы, келесі мекен-жайдан https://my.kimep.kz/  брондау мүмкіндігі беріледі.

  • Өз студенттік ID нөміріңізді «ID» бағанына енгізіңіз, және оның жанындағы бос бағанға оны қайта енгізіңіз. Сіз құпиясөзіңізді «Жеке ақпарат» (“Personal info«) бөліміне кіріп өзгерте аласыз;
  • «Кампустағы өмір» (“Campus Life«) бөлімін ашыңыз;
  • «Жатақханада орналастыру» (“Residence Hall Accommodation“) бөліміне кіріңіз;
  • «Жатақханадағы орынды брондау» (“Residence hall Reservation”) бөлігін ашыңыз
  • «КИМЭП Университеті жатақханасының ережелерін» мұқияттап оқыңыз, оны оқып болғаннан кейін «Келісемін» (“Agree”) батырмасын басыңыз;
  • «Келісім-шартты» (“Contract”) мұқияттап оқыңыз, оны оқып болғаннан кейін, «Растаймын» (“Confirm”) батырмасын басыңыз;
  • Келесі нысанды толтырып, «Тапсыру» (“Submit”) батырмасын басыңыз.

МАҢЫЗДЫ!

  1. Егер студент анықталған мерзім ішінде дәлелді себеппен жатақханаға келе алмайтын болса, оған келу күнінен бір апта ішінде брондауын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Осы жағдайда сізге «Қайта брондау» (“rebook”) опциясын таңдауға тура келеді – «Жою»(“cancel”) емес. Студентке жатақханадағы орнын қайта брондауға тек бір ғана мүмкіндік берілетінін есте сақтауыңызды өтінеміз!
  2. Егер студент жатақханада тұруды қаламайтын болса, брондауды жатақханаға келу күнінен бір апта бұрын жоюға мүмкіндік бар. Осы жағдайда «Жою» (“Cancel”) опциясын таңдаңыз. Бұл ретте келесіні есте сақтауыңызды өтінеміз: егер сіз бронадуыңызды жойсаңыз, кейінірек сізге жатақханадағы орын тек қана артықшылықтары бар студенттер санаттары жатақханада орналастырғаннан кейін орындар қалса берілетін болады.
  3. Жатақханадағы орнын брондауды келу күнінен бір аптадан кем мерзім ішінде қайта брондауға немесе жоюға болмайды.
  4. Жатақханадағы орындарды әділ және анық үлестіруді қаматамасыз ету мақсатында студенттерге жатақхана бөлмелерінде семестр сайын тіркелуге қажет болады.

КИМЭП жатақханасында тұру ережелері мен қағидалары

Осы ережелерді оқу және оларды сақтау студенттердің тікелей міндеті:

Жеке тұлға ретінде студенттердің құқықтары мен мінддері бар. Жатақханада жағымды академиялық және әлеуметтік ортаның қалыптасуы үшін барлық тұрғындар достық көршілік қағидасын сақтағандары жөн. Студенттер өз міндеттерін басқалардың құқықтары мен мүліктерін құрметтеу негізінде жүзеге асырулары қажет. Жатақхананың барлық ережелері жағымды өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында және әрбір тұлғаның өзінің немесе қонақтарының іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін сезіндіру үшін дамытылған. Жатақхана тұрғындары басқалардың құқықтарын құрметтеу арқылы мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті.

Студенттердің ең бірінші мақсаты білім алу болғандықтан олар өз бөлмелерінде сабақтарын оқу құқықтарына ие. Оған қоса студенттердің сауығуға, демалуға, достық қатынастарын дамытуға және жеке өмірге деген құқықтарын жүзеге асыруға деген ажырамас құқықтары қатар сақталады. Аталмыш құқықтар тек қоғамда өмір сүру ережелерін сақтай отырып ымыраға келу және ортақ мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Студенттедіңр өз құықтарын бұзатын басқа тұлғалардан қорғану оның өзінің жеке жауапкершгілігі болып табылады.

Жатақханамен жасақан келісімшарт Студенттік істер жөніндегі дисциплинарлық комитетпен аталмыш келісімшарттың шарттары мен ережелерін бұзған жағдайда кез-келген уақытта тоқтатылады. Егер кеілісмшарт тоқтатылса, Университет келісімшарт негізінде жасалған барлық төлемдерді сақтап қалуға және заңнама мен әділеттік негізіндегі барлық әдістерді өз құқықтарын сақтау үшін қолдана алады.

Келесі ережелер мен қағидалар жатақхана тұрғындаы болып табылатын барлық студенттердің құықтарын қорғау мақсатында қалыптастырылған.

Өрт қауіпсіздігі ережелері
Жатақхананың әрбір тұрғыны Өрт қауіпсіздігі ережелерін жеке оқып, оларды сақтауға тиіс.

Өрт сөндіруші құралдарды, құбырларды, тіректі станцияларды, түтін/ыстық детекторлары, өрт құбіршегі, төтенше жағдай жарықтары, арнайы дабылдар, дабылдамалар, қоңыраулар мен есіктер, т.с.с. арнайы өрт сөндіру құралдарын орынсыз пайдалану, өрт шығару, өрт дабылдатқыштарын жалған қолдану немесе эвакуацияциядан бас тарту және/немесе эвакуацияға кедергі келтірген жағдайлар дисциплинарлық немесе құқық қорғау органдарына арыз беруге дейінгі іс әрекеттерді жүзеге асыруға мәжбүрлейді. Төтенше жағдайдан тыс уақытта төтенше жағдай кезінде қолданылатын шығу жолдарын пайдалануға тыйым салынады.

Қараусыз қалдырылған мүлік 

Егер жатақхана тұрғыны мүлігін пайдаланғаннан кейін жатақханада тастап кететін болса, аталмыш мүлік қараусыз қалдырылған деп саналады. Тұрғын отыз күн ішінде мүлігін талап етпеген жағдайда Университет бұндай мүлікті өз иелігіне алады.

Қандай да бір жеке заттар қоғамдық жерлерде (теледидар бөлмелерінде, оқу бөлмелерінде, асханада, кір жуу орындарында) қараусыз қалдырылса, жатақхана қызметкерлері оларды ескертусіз жабық жерге апарып қоюға құқылы. КИМЭП Университеті қоғамдық жерлерде жоғалған, зақым келтірілген немесе ұрланған заттар үшін жауапты емес. 

Жиһаз және фурнитура
Жатақхана ортақ қолданыстағы жиһазға жауапты болғандытан қызметкерлерінің алдын ала келісімінсіз жатақхана тұрғындарына бөлмедегі немесе қоғамдық жерлердегі жиһаздың, шамдардың немесе төсек жабдықтарының орнын ауыстыруға немесе оны өзгертуге рұқсат етілмейді. Кеңістіктің жетіспеушілігіне байланысты бөлмедегі жиһаздар жатақхананың басқа аймақтарында сақтауға қойылмайды. Осыған қоса теледидар немесе оқу бөлмелері және басқа да ортақ қолданыстағы жерлер барлық тұрғындар мен қонақтардың жайлылы үшін жиһазбен жабдықталған. Шектеулі уақыт аралығында ғана жатақхана әкімшілігімен немесе жатақхана ассистентімен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде демалыс немесе басқа да ортақ қолданыстағы бөлмелердің жиһазының орнын студенттердің ауыстыруына рұқсат етілмейді. Қоғамдық жерлерден жиһаз бен құралдарды рұқсатсыз алу дисциплинарлық әрекеттерді қолдануға әкеліп соқтырады. Университеттің мүлігін жатақханадан рұқсатсыз шығарған жағдай ұрлық ретінде қарастырылады және заңға сәйкес жазаланады. Ортақ қолданыстағы жиһазды зақымдану құны жауапты тұлғадан өндіріледі және дисциплинарлық жазалауға соқтырады.

Жатақханадан шығу кезінде студент әкімшіліктен кету қағазын толтыру қажет және инвентаризацияға сәйкес жатақхана мүлігін қайтаруға тиіс.

Тазалық
Бөлмені таза ұстау бөлме көршілестерінің міндеті болып табылады. Бөлмелес көршінің құқықтарын сақтай отырып әрбір тарап өз талғамына сәйкес тұрғылықты жерін өзіне қолайлы етіп ұйымдастыра алады. Бір тараптың тазалық ережелері екінші тұлғаға кері жағдай туғызбауы тиіс. Қоғамдық қолданыстағы жерлердің тазалығын сақтау әрбір студенттің міндеті. Студенттер бөлмелерінен тыс аймақтың да тазалығына жауапты. Вандализм немесе қосымша тазалық шараларын талап ететін жағдайлар жауапты тұлғалардан талап етіледі.

Жатақхана әкімшілігімен анықталған уақытта жатақханада тұратын студенттер жатақхананың ішкі және сыртқы аумағында тиісті тазалық шаралрына (ерікті тазалық аптлықтары) қатысуға тартылады. Аталмыш тазалық шаралары жатақхананың ақпарат тақтасында/стендтерінде хабарланады.

Келтіріген зақымдарды өтеу
Жатақхана құнын мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтау үшін КИМЭП Университетінің мүлігін ұрлаған, жоғалтқан немесе оған зақым келтіруге байланысты шығындар тұрғынның депозиттік шотынан өндіріледі, ал ол сома депозит сомасынан артқан жағдайда қосымша талап етіледі және дисциплинарлық шараларды қолдану негізі болып табылады.

Студенттер бөлмелеріндегі жиһаз бен фурнитура және жатақхана аумғындағы мүлік үшін жауапты. Қалыпты тозу жағдайларынан басқа жиһаз зақымдану шығындары тұрғыннан өтеледі және сәйкес дисциплинарлық жазаға тартылады. Немқұрайлы әрекеттерінің салдарынан КИМЭП нысанына қандай да зиян келтірілген жағдайда (мысалы қыс кезінде терезені ашық тастау салдарынан жылыту құбырының жарлысына соқтыру) студент қаржылық жауапкершілікке тартылады.

Кілттер мен құлыптар
Жатақханаға кірген кезде тұрғынға бөлменің жеке кілті беріледі. Тұрғындардың жеке мүлігін сақтауда КИМЭП Университеті барынша қолдау көрсетеді. Жатақхана тұрғындары қысқа мерзімге болса да, ұйықтау кезінде немесе басқа кездерде бөлмеден шыққан кезде есіктерін кілтпен жауып жүруге тиіс. Егер олар өз кілттерін басқа тұлғаға беретін болса, оның салдарына жеке өздері жауап береді. Университет жеке заттардың жоғалуы жауапкершілігінен бас тартады. Егер тұрғындар кілттерін жоғалтса, ол туралы әкімшілікті немесе жатақхана ассистентін дереу хабардар етулері тиіс.

Егер студент бөлмесінің кілтін зақымдаған болса, оның орнына берлген жаңа кілттің құны өндіріледі және зақымдалған кілтті қайтару талап етіледі. Барлық шығындар студенттің депозит шотынан алынады.

Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашуға рұқсат берілмейді және заңсыз әрекет болып саналады. 

Егер студенттер құлыптарының сынғанын байқаған болса дереу жатақхана қызметкерлеріне хабаласуға міндетті. Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашу қауіпті әрекет және келтірген шығындар студенттен өтеледі, сонымен қатар дисциплинарлық әрекеттердің қолданылуына соқтырады.

Теледидар және оқу бөлмелері
Теледидар және оқу бөлмелері барлық тұрғындар мен олардың қонақтарының қолданысына және көңіл көтеруіне берілген. Аталмыш орындардың тазалығын сақтай отырып және ұқыпты қолданыңыздар. Демалыс бөлмелеіндегі жиһазды қону үшін қолдануға тыйым салынады. Егер ортақ қолданыстағы жерлерде қараусыз қалдырылған заттар ұзақ уақыт иесіз жатса арнайы жерге сақтауға қойылады. Жиһаз және фурнитура тарауын қараңыз.

Жауапкершілік 

Студенттер бөлмесіндегі немесе жатақхананың қоғамдық жерлеріндегі, ас ішу бөлмелерінде немесе сақтау орындарындағы жеке заттардың жоғалуына немес зақымдалуына Университетжауапты емес. Сондықтан студенттер жеке заттарының сақтығын өздері қамтамасыз етуге тиіс.

Қауіпсіздік камералары
Қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету үшін және студенттердің қоршаған ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік камералары жатақхананың әрбір қабатында орналастырылған. Қандай да бір тәртіп бұзушылық камерада тіркелсе, оларға Студенттік істер жөніндегі дисциплинарлық комитет тарапынан әкімшілік шаралар қолданылады және/немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына жол ашады.

Қауіпсіздік камераларының жұмысына заңсыз араласу қатаң дисциплинарлық жазаның қолданылуына, оның ішінде жатақханадан шығару, КИМЭП Университетінен уақытша шеттету немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына әкеліп соқтырады.

Тәртіп ережелрін бұзу
Жатақхана тұрғындары тәртіп ережелерін сақтауға тиісті. Жатақхана аумағында тәртіп бұзушылықтарға жол берсе немсее оларға қатысса, бұндай тұлғалар дисциплинарлық жазалануға жатады. Тәртіп бұзушылықтарға жатақхана қауымдастығынын жағымды ортасына қауіп төндіретін, кедергі келтіретін немесе зиян келтіретін барлықәрекеттер жатады. Тыныштықты сақтау өтініштері туындаған кез келген уақытта студенттер оларды орындауға міндетті.

Шу 

КИМЭП Университеті оқу жетістіктеріне қолдау көрсететін жағымды ортаны құру үшін бар күшін салады. Осындай ортаны қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірден бір жағдай – шу. Студенттер басқаларға кедергі келтіретін өздерінің немесе қонақтарының әрекеттеріне байланысты өтініштерді дереу тоқтатулары тиіс.

Музыкалық аспаптар, стерео және басқа аудио жабдықтар
Табиғаты мен шығаратын шу деңгейіне байланысты жатақханада дабыл (барабан) қолдануға рұқсат етілмейді.

Тынығу уақытынан басқа кездерде жатақхана тұрғындары басқа аспаптарды өз бөлмелерінде ойнай алады. Бұндай әрекеттер басқалардан наразылық тудыратын болса, аспапта ойнау тоқталуы тиіс. Бір бірімен сыпай болу ережесі әрқашан сақталуға міндетті.

Тұрғындар өз бөлмелерінде стерео және басқа аудио жабдықтарын қоюға құқылы. Бірақ аталмыш жабдықтарды қолдану барысында басқалардың тынығу немесе сабақ оқу сағаттары кезінде кедергі келтірмеуін қадағалаңыз. Сыртта ойнатылатын барлық аудио жабдықтар рұқсат етілген шу деңгейінен аспауы тиіс.

Шу деңгейі (бас дыбыстарын қоса алғанда) есік жабық күйінде басқа тұрғындарға естілмеуі тиіс. Стерео ашық терезе жағдайында қосылмағаны жөн. Шу деңгейінің артық мөлшерін тудыратын стерео жабдықтар жатақхана директорының шешімімен арнайы сақтау бөлмесіне оның белгілеген уақыт мерзіміне дейін сақталуы мүмкін. Тынығу сағаттары кезінде музыкадан ләззат алғысы келетіндер үшін құлаққаптарды қолданған жөн. Жатақханада сабвуферлерді қолдануға тыйым салынады. 

Тынығу сағаттары
Тынығу сағаттары түнгі 22.00-ден таңғы сағат 8.00-ге дейін әрекет етеді. Аталған уақыт аралығында басқаларға кедергі келтіретін әрекеттер орын алмауы тиіс. Шу жабық есік жағдайында сыртқа естілмеуі тиіс.

Темекі шегу 

Жатақхана ғимараты, студенттердің бөлмелері, демалыс аймақтары, холлдар, асхана, кір жуу бөлмесі және т.с.с. жалпы қолданыстағы аумақтарда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шеккен студенттер туралы хаттама толтырылады және ондай студенттер дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.

Алкогольді ішімдіктер 

Жатақханада алкогольді ішімдіктерді сақтауға және ішуге болмайды. Осы ережені бұзған студенттер жөнінде хаттама толтырылады және дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.

Басқа тұрғындардың құқықтарын құрметтеу 

Бір кеңістікте тұратын тұлғалар арасында бірлесіп әрекет ету аса маңызды болып табылады. Әрбір тұлғаның құқықтары сақталатын орта құру –жатақхана тұрғындарының міндеті. Өз әрекетіңізге мұқият болыңыз.

Егер жатақхана тұрғыны әрекеттерімен немесе мінез-құлқымен басқалардың құқықтарын бұзатын болса, олар басқа студенттердің немесе қызметкерлердің өтініші бойынша өзін-өзі сыпайы және мәдениетті ұстауға тиісті. Ал бұндай өтініштерге қарамастан мінез-құлқын түземесе, Жатақхана ассистентіне хабарласыңыз. 

Келіп-кетушілерге арналағган ереже
Адамдар көп шоғырланған жерде шу деңгейінің жоғары болуына және өрт туындау мүмкіндігіне байланысты бөлемеде бес адамнан артық қонақтың жиналуына рұқсат етілмейді.

Жатақхана тұрғындары болып табылмайтын қонақтар (қонуға қалмайтын) келесі ережелерді сақтаған жағдайда келуге рұқсат етліген:

  • Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақтарға сағат 11.00-ден 22.00 –ге дейін келуге рұқсат етілген
  • Қонақтар Қауіпсіздік қызметкеріне жеке куәлігі мен қонаққа келген тұлға туралы мәліметтерді (аты-жөнін, ID нөмірін, бөлменің нөмірін) ұсынуға тиіс. Қауіпсіздік қызметкері ұсынылған жеке куәлікті/-терді қонақ/тар жатақханадан қайтқан кезінде қайтарып береді.
  • Қонақтар жатақханадан сағат 22.00-ден кешікпей шығуға тиіс
  • Егер қонақтарға арналған ережелер бұзылса, студентке ескерту беріледі. Ереже бұзушылық қайталанған жағдайда оған жатақханаға кіруге тыйым салынады.
  • КИМЭП студентінен басқа тұлғаларға сағат 22.00-ден кейін жатақханаға кіруге тыйым салынады.
  • Жатақхана әкімшілігі студенттің жеке заттары және бөлмедегі басқа мүлігінің қауіпсіздігі үшін жауапты емес.
  • Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақханада тұрмайтін кісілерге пандемия кезеңінде жатақханаға келуге тыйым салынады.

Қонақ қабылдаушы студент барлық келушілердің/қонақтардың жүріс-тұрысына жауапты және олар жатақхана тәртібі мен ережелерін бұзған жағдайда тәтріп жазасына тартылады. Куәлігінде суреті жоқ кез келген тұлғаға кіруге рұқсат берілмеуі немесе ғимараттан шығарылуы мүмкін.

Бөлмеге кіру 

Студенттер олардың бөлмелеріне жатақхана қызметкердері немесе Университеттің басқа ресми өкілінің кіруіне тыйым салуға немесе кедергі келтіруге (физикалық немесе визуалды түрде жол бермеуге) қақысы жоқ. Аталмыш ережені бұзу дисциплинарлық шараларды қолдануға әкеліп соқтырады.

Кестеге сәйкес тазалық тексерістерімен қатар басқа негіздеУниверситет қызметкерлері жатақхана тұрғынының бөлмелеріне кіру құқығына ие. Университет тұрғындардың жеке өмірге деген құқықтарын алдыңғы орынға қояды, бірақ кейбір жағдайларда техникалық қызмет көрсету мақсатында, Университет ережелерін бұзушылықты сезіктенген немесе төтенше жағдай орын алу күдігі туындаса, олардың бөлмеге кіру қажеттігі туындайды.

Жатақхана тұрғынының бөлмесіне кіру тәртібі:

  1. Қызметкерлер кірмес бұрын есікті қағуы тиіс, алайда қауіпті жағдай орын алып жатыр деген күдік туындаса, рұқсатсыз кіруге құқылы.
  2. Егер тұрғын қызметкерге кіруге рұқсат беруден бас тартса және қызметкер тұрғынның өзіне немесе мүлігіне қауіп төніп тұрғанын нақты білсе немесе тұрғындар жатақхана ережелерін бұзып жатқандығы туралы сенімді болса, қызметкер өзкілтін пайдаланып бөлмеге кіруге құқылы.

Бөлмеге кіруге рұқсат етілген жағдайлар:

  1. Төтенше жағдайлар
  2. Өрт қаупі туындаған жағдайда барлық тұрғындардың ғимараттан шыққандығын тексеру үшін бөлмеге кіру міндетті шарт. Егер тұрғындар бөлмеден шығудан бас тартса, оларға қарсы қатаң дисциплинарлық әрекеттер қолданылады.
  3. Кестеге сәйкес инвентарь тексерісі. Тексерістің өтетін уақыты мен күні туралы алдын-ала хабарлама жіберіледі.
  4. Бөлмеде болып жатқан оқиға/жағдай басқа тұрғындарға үнемі кедергі жасаса, мысалы: радио, оятқыш, стереро және басқалары тоқтаусыз ойнаған жағдайда
  5. Қару, жарылғыш заттар немесежанғыш заттар бөлмеде сақталуы туралы ақпарат болса
  6. Алкогольді ішімдік, есірткі немесе басқа заңсыз заттардың бөлмеде болуын тексеру кезінде
  7. Жатақхананы жабу, оның ішінде демалыс уақытында, ғимарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Жатақхана тұрғындарына тыйым салынған әрекеттер мен олардың бұзылуы үшін жазалар:

Жатақханада тыйым салынған тәртіп бұзушылықтарға келесілер жатады: Санкциялар
1 Бөлмелес көршісіне немесе жатақхананың басқа тұрғындарына қарумен (пышақ, келдек, травматикалық қару) күш көрсету 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
2 Бөлмелес көршісіне немесе жатақхананың басқа тұрғындарына күш көрсету (Төбелесу) 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
3 Жатақханада есірткі заттарды таратушы немесе жеткізуші деп тану 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
4 Алкогольді ішімдіктер немесе басқа заңсыз заттарды (Есірткі) жатақханада сақтау және қолдану 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
5 Ұрлық 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
6 Сексуалды алымсақтық/шабуыл 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
7 Жыныстық қатынастар 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
8 Әлімжеттік 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру
Аз ауыр мінез-құлық бұзушылықтары: Санкциялар
1 Жатақханаға мас / есірткі әсері күйінде келу 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және Студенттік істер жөніндегі тәртіп комитетіне (СІТК) хабарлау

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

2 Темекі шегуге (сигареттер, электрондық сигареттер, қорқорлар) тыйым салынған 1- тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және Студенттік істер жөніндегі тәртіп комитетіне (СІТК) хабарлау

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

3 Ауызша үркіту / қорлаушы сөздер / зарарлы ниетпен университеттің кез-келген студенті, оқытушысы немесе қызметкеріне кемсітушіліктің кез-келген түрі оның ішінде – әлеуметтік желілерде де 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, екі «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу

2-тәртіп бұзушылық: жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

4 Негізсіз айыптау 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

5 Коммерциялық немесе құмарлық ойындар ұйымдастыру 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

6 Бөлмеде карта ойнау 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

7 Бөлме кілтін үшінші тұлғаға беру 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

8 Басқа бөлмеге рұқсатсыз көшу 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту» және  СІТК хабарлау

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

9 Жануарларды ұстау 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: міндетті «қызыл ескерту»

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

10 Бөлмеде электрикалық құралдарды қолдану: электр плитасы, электр шәйнектер, қысқатолқынды пештер, ашық түрдегі жылыту құралыдары 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту»

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

11 Шулау (айқайлау, музыка дыбысын қатты қою) 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу

2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

12 Жатақхананың мүлігіне зақым келтіру 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту» және кепілдік жарнасынан құнын өтеу

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және кепілдік жарнасынан құнын өтеу

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», кепілдік жарнасынан құнын өтеу, жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

13 Өрт қауіпсіздігі құралдарын рұқсатсыз қолдану 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту»

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

14 Қоқысты арнаулы қаптар мен себеттерден басқа жерлерге тастау; қоқысты терезеден тастау; тағам қалдықтарын дәртеханалардағы қоқыс қаптар мен себеттеріне тастау 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», тұрғын үй әкімшілігінің бақылауымен 4 сағатқа дейін кампуста қоғамдық жұмыстар

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», студенттік істер жөніндегі бөлімнің бақылаумен 4 сағатқа деін кампуста қоғамдық жұмыстар, міндетті түрде психологтан кеңес алу

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

15 Заттарды дәліздерде, холлдарда және балкон сүйеніштерінде сақтау немесе кептіру 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту»

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

16 Келесі асүй бөлмесін пайдалану ережелерін бұзу 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»

2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту»

3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау

Жоғарыда келтірілген тізімде көрсетілмеген, бірақ Жатақхана ережелерін бұзуға жататын басқа да әрекеттер дисциплинарлық комитет тарапынынан жаза қолданатын әрекеттер қатарына кіреді. Жатақхана ережелерін бұзғаны үшін шығарылған студенттің ата-аналарына жазбаша хабарлама жіберіледі.

Қауіпсіздік қызметкерлерід жатақхана тұрғыны болып саналатын студенттің ішімдік немесе есірткі заттарды қолдануын тексеруге құқылы. Алкогольді ішімдіктер немесе есірткі заттар Қауіпсіздік қызметпен және Жатақхана қызметкерлерімен тәркіленуге жатады.

Орналастыру саясаты

Өтініш беру
Жатақханаға орналасатын барлық үміткерлер мен жатақханада тұратын студенттер белгіленген күнге дейін алдын ала өтініш беруге міндетті.

Рұқсат беру құқығы
Жатақханаға тұруға үміткерлер келесі артықшылық тәртібімен орналасқан:

  • Жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар студенттер және кәмелетке толмағандар;
  • Қазақстанның өңірлерінен келген бірінші курс студенттері мен халықаралық студенттер;
  • Алмасу бағдарламасының студенттері (бакалаврлар мен магистрлар);
  • Жатақханада орны қамтамасыз етілген грант иегерлері
  • UGRAD және GRAD бағдарламасының халықаралық студенттері;
  • Жатақхана старосталары;
  • Жатақханада тұруға өтініш берген тұрақты студенттер;

Жатақханада орын бір семестрге беріледі, бірақ резидент жатақханада тұру талаптарына (стипендия, жоғары GPA, толық күндізгі бөлімде оқу және т.б.) сәйкес келетін болса бұл мерзімді созу мүмкіндігі қарастырылған.

Бірінші курс студенттері үшін жатақханада тұру критерийіне сәйкестігі орташа үлгерім көрсеткішін анықтау барысында бірден қол жеткізіледі. Жоғарыда көрсетілген критерийлерден басқа, жатақханаға қайта оралған студенттер (жетімдер мен мүгедектерді қоспағанда) күндізгі оқу бөлімінің студенті болуы және орташа үлгерім көрсеткіші 2.67 болуы керек (жетімдер мен мүгедектер үшін – 2.00).

Тәртіптік немесе Академиялық комитеттердің есебінде тұрған студенттерге ешқандай жағдайда да жатақханадан орын берілмейді.

Жатақханада келесі семестрде тұруға рұқсат алу үшін, барлық критерийлерге сәйкес келетін студенттер, әрбір семестрдің соңында онлайн брондау жүйесі арқылы қайта өтініш беруі қажет.
Оқудың бірінші жылынан кейін жатақханада орын беруге кепілдік берілмейтіндігін ескеріңіздер.

Брондау саясаты және бөлмелес көршіні іздеуге өтініш

Жатақхана студенттерге орналасу кезінде, қызмет көрсету мен жайлылықты қамтамасыз етуде барынша қолдау көрсетуге тырысады.

Жатақханада бөлмені брондау үшін студент жатақхана ережелері, нормалары мен нұсқаулықтарды сақтау қажет.

Резерв және бөлмелес көршіге өтініш үлгісі Студенттік Порталда қолжетімді және жатақханаға келу кестесіне сәйкес ашылады. Бөлмелес көршінің екеуі де өтініш берген кезде КИМЭП Университетіне қабылданған және бір жынысты болуы керек.

Студенттер жатақхана бөлмесін https://my.kimep.kz// мекенжайы бойынша студенттік портал арқылы брондай алады. Брондау тәртібі келесі сілтемеде толығымен көрсетілген – https://kimep.kz/current-students/student-affairs/housing/.

Қосымша, бөлмелес көршіге берілген барлық өтініштер екі жақты келісім бойынша құрастырылуы тиіс – екі студенттің әрқайсысы екіншісіне өтінішті рәсімдеуі керек. Біз бөлмелес болғысы келетін студенттерді орналастыруға тырысамыз және көптеген жағдайларда студенттің қалауына мүмкіндік беріледі. Бөлмелес көршілерді тағайындауға қатысты соңғы шешімді КИМЭП Университетінің Тұрғын үй бөлімі қабылдайды.

МАҢЫЗДЫ!

  1. Егер студент анықталған мерзім ішінде дәлелді себеппен жатақханаға келе алмайтын болса, оған келу күнінен бір апта ішінде брондауын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Осы жағдайда сізге «Қайта брондау» (“rebook”) опциясын таңдауға тура келеді – «Жою»(“cancel”) емес. Студентке жатақханадағы орнын қайта брондауға тек бір ғана мүмкіндік берілетінін есте сақтауыңызды өтінеміз!
  2. Егер студент жатақханада тұруды қаламайтын болса, брондауды жатақханаға келу күнінен бір апта бұрын жоюға мүмкіндік бар. Осы жағдайда «Жою» (“Cancel”) опциясын таңдаңыз. Бұл ретте келесіні есте сақтауыңызды өтінеміз: егер сіз бронадуыңызды жойсаңыз, кейінірек сізге жатақханадағы орын тек қана артықшылықтары бар студенттер санаттары жатақханада орналастырғаннан кейін орындар қалса берілетін болады.
  3. Жатақханадағы орнын брондауды келу күнінен бір аптадан кем мерзім ішінде қайта брондауға немесе жоюға болмайды.
  4. Жатақханадағы орындарды әділ және анық үлестіруді қаматамасыз ету мақсатында студенттерге жатақхана бөлмелерінде семестр сайын тіркелуге қажет болады.

Жатақханаға кезекке тұру саясаты

Егер студенттік жатақханада тұруға өтініш білдіргендер саны оның сыйымдылығынан артып кетсе, онда жатақханада орын алғысы келетін үміткерлер студенттер мен талапкерлерге арналған порталда жарияланған кезекке тұрулары қажет. Егер бөлмені брондаған жатақхана резиденттерінің бірі Университет аумағынан тыс жерде тұруға шешім қабылдаса, бос орын КИМЭП Университетінің Іріктеу комиссиясымен үлестіріледі. Іріктеу комиссиясы қаржылық қолдау бөлімінің, халықаралық бөлімнің, студенттік мәселелер мен жатақхана бөлімінің (жатақхана қызметккері мен жатақхана старостасын қосқанда) бір өкілінен тұрады. Комиссия шешімі іріктеу критерийлеріне негізделеді. Жоғары академиялық жетістіктер, қоғамдық жұмыс, студенттік өмірге қатысу, кепілдеме хаттар және т.б. бәсекелік артықшылық болып табылады.

Жатақханада орын шектеулі екендігін айтаа кеткіміз келеді, сондықтан талаптарға сай келген және төлемақыны бірінші төлеген үміткерлер артықшылыққа ие болады.

Орын беру
Университет жатақханасынан орын беру қандай-да бір нәсілдік, этникалық, жыныстық немесе діни тиістілігі бойынша кемсітушіліксіз жүзеге асырылады. Мүмкіндігінше орын беру кезінде үміткерлердің тілегі ескерілетін болады. Жатақханаға орналастыру, сондай-ақ жатақхананы басқарудың басқа аспектілері өзгеруі мүмкін және жаңа ережелермен танысу үміткерлердің міндеттілігі болып табылады.

Жатақханада аралас тұру режимі болмайды – әрбір бөлме бір жынысты студенттің тұруына арналған.

Ақыны төлеу тәртібі

Ақыны төлеу тәртібі

Семестрге тұру құны бекітілген және орналасу күніне тәуелді емес.

  • Күзгі семестр (2023 ж. 19-тамыз – 2023 ж. 31-желтоқсан) – 327 472 теңге
  • Көктемгі семестр (2024 ж. 1-қаңтар – 2024 ж. 19-мамыр) – 342 370 теңге
  • Жазғы семестр І (2024 ж. 20-мамыр – 2024 ж. 7-шілде) – 119 710 теңге
  • Жазғы семестр ІІ (2024 ж. 8-шілде – 2024 ж. 26-шілде) – 45 490 теңге

Жатақханада тұрып жатқан студенттердің барлығы 2024 ж. 26-шілдеге дейін шығып кету қажет. Ережеден тыс ерекше жағдайлар жеке қарастырылады.

Төлеу жолдары

Оқу жылының басында, жатақханаға орналаспай тұрып, студенттердің өтемақы жасаудың үш жолы бар:

  1. Бірден толық оқу жылы үшін ақы төлеу
  2. Семестр басында семестр үшін ақы төлеу
  3. Семестр үшін үш бірдей бөлікке бөліп төлеу. Бірінші төлем жатақханаға кірмей тұрып, келесі екеуі оқу ақысын төлеу кестесіне сәйкес жасалады. Екінші және үшінші төлем мерзімі оқу үшін ақы төлеу мерзімімен сәйкес келеді.
Күзгі семестр Көктемгі семестр
Төлемнің 1/3 бөлігі жатақханаға кірмей тұрып өтеледі Орналаспай тұрып

109 158 теңге

Орналаспай тұрып

114 124 теңге

Екінші төлем мерзімі (жалпы соманың 1/3 бөлігі) (тек жатақханада тұру үшін үш кезеңге бөліп төлейтін студенттер үшін) 2023 ж. 22-қыркүйекке дейін

109 158 теңге

2024 ж. 9-ақпанын дейін

114 124 теңге

Үшінші төлем мерзімі (жалпы соманың соңғы 1/3 бөлігі) 2023 ж. 20-қазанға дейін

109 156 теңге

2024 ж. 9-наурызға дейін

114 122 теңге

Бөліп төлеу тек әдеттегі семестрлер үшін жүргізіледі. Жазғы семестрлер үшін 100% алдын-ала төлем қажет.

Кешігіп төлеу

Егер төлем ақы уақытылы жасалмаса, онда КИМЭП Университеті тиісті шаралар қолдану құқығына ие.

  1. Сәйкес мерзім ішінде қарызын өтемеген тұрғындар (жатақхана әкімшілігімен ресми хабарлама жіберген кезден 7 күн өткеннен кейін) жатақханадан шығарылады.
  2. Пәндерге тіркелу қарызды толық өтемейінше жабық болады.

Депозит қайтару

Жатақхананы қолдану үшін берілген депозит студент ресми түрде жатақханадан шыққан кезде қайтарылады. Депозит қайтару семестр соңынан кейін шамамен 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Жатақханада тұру үшін ақыны қайтару

  • Артық төленген соманы 100% қайтару

Кесте 2023 ж. 11-қыркүуйек – 2023 ж. 17-қыркүйек

2024 ж. 29-қаңтар – 2024 ж. 4-ақпан

  • Артық төленген соманың 50% қайтару

Кесте 2024 ж. 18-қыркүйек – 2024 ж. 24-қыркүйек

2024 ж. 5-ақпан – 2024 ж. 11-ақпан

  • 2023 ж. 24-қыркүйегінен кейін 0% қайтару
  • 2024 ж. 11-ақпанынан кейін 0% қайтару

Тәртіптік теріс қылық салдарынан жатақханадан шығып кеткен тұрғындар ақыны қайтаруды талап ету құқығынан айырылады. Жазғы семестр І мен жазғы семестр ІІ үшін төленген ақы қайтарылмайды.

 

Орналасу тәртібі

Дүйсенбі-жұма, сағат 8.00-ден 17-00-ге дейін

Егер жатақханаға орналасу түнгі уақытқа, мейрам немесе демалыс күндеріне келсе, онда студент уақытша хостел/қонақ үйге барғаны жөн.
КИМЭП Университетінің тұрғын үй бөлімі студенттерге уақытша тұру орындарын табуға жәрдемдесе алады.

Жатақханаға орналасу тәртібі:

  • Семестрге тұру ақысын төлеу (төлеу жолдарын қараңыз)
  • Депозит төлеу
  • КИМЭП Университетінің Медициналық орталығында тексерістен өту (жатақхананың жертөле қабаты)
  • Жатақхана әкімшілігіне құжаттарды толтыру үшін жолығу
  • Бөлменің кілті мен төсек жабдықтарын алу
  • Жатақхана старостасымен бөлмеге барып, жиһаздар мен құрылғыларды тексеру, мүлікті тапсыру туралы формаға қол қою

Кеш орналасу

  • Егер студент көрсетілген мерзім барысында дәлелді себептерге байланысты жатақханаға орналаса алмаса, ол КИМЭП Университетінің студенттік порталы арқылы «Кеш орналасуға сұратым» формасын толтыру арқылы жатақхана әкімшілігін хабардар етуі тиіс.
  • Егер студент көрсеткен уақыт мерзімінде жатақхана әкімшілігін ескертуінсіз келмесе, жатақханада орын беруге кепілдік берілмейді.
  • Семестрге тұру құны бекітілген және орналасу күніне тәуелді емес.

Жатақханаға орналастыру тәртібі (жұмыс сағаттарынан тыс)

Студенттер жатақханаға орналасу уақытын Тұрғын үй бөлімінің жұмыс уақытына сәйкес жоспарлау керек.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбіден Жұмаға дейін, 8:00-ден 17:00-ге дейін
Сенбі және Жексенбі – демалыс

Егер келу түнгі уақытта, мереке немесе демалыс күндері жоспарланған болса, онда олар уақытша қонақ үйлерде / хостелдерге орналасу керек. Residence Life командасы сізге ыңғайлы тұрғын үй табуға көмектеседі.

Университетке жақын жерде ұсынылатын хостелдер:

My Hostel Almaty
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 132
Телефон: 8 (776) 678 8344

DimAL Hostel Almaty
Мекен-жайы: Самал-1, Жодасбекова 9/2
Телефон: 8 (701) 911 3222

Жатақханадан кету тәртібі

Жатақханадан кету тәртібі

Жұмыс сағаттары: дүйсенбі-жұма, сағат 8.00-17.00.

Жатақханадан кетуден бұрын сізге келесіні жасауға қажет екенін есте сақтаңыз:

  • Жатақхана әкімшілігін жазбаша түрде кету күнінен 2 апта бұрын хабарлау. Әкімшілікке шығындарды бағалау жөніндегі комиссияны құру және бөлмеде қандай-да бір залалдың бар-жоғын тексеру үшін уақыт қажет. Жатақхана әкімшілігі бөлмелер мен жиһаздардың санитарлық жағдайын тексереді. Тексеруден кейін Жатақхана әкімшілігі залалдың болған-салынбағанын анықтайды. Зақымдалған жағдайда зақымдалған заттар үшін төлем депозиттен алынады.
  • Жатақхана әкімшілігіне барлық көрсетілген қолдары қойылған «Кеткенде мүлікті қайта тапсыру нысанына» қолыңызды қойып, оны тапсыру. Есте сақтаңыз: бұл нысанға көрсетілген қызметкерлер тек қана сіз бөлмеңіздің және секцияңыздың кілттерін, әрі төсек орын жабдықтарын тапсырғанда қол қояды.

Жаңа мақұлданған жатақханадан кету ережелеріне сәйкес, сіз жатақханадан кетуіңізді тек қана жұмыс сағаттары ішінде рәсімдей аласыз. Егер сіздің сапарыңыз түнге немесе демалыс күндерге жоспарланған болса, тұрғын үй бөлімі қызметкерлері сізге қажет тұратын орынды табуға көмектеседі.

Егер сіз қажетті тәртіпті сақтамасыңыз, жатақхана әкімшілігі сізді күн сайын тұру бағасын төлетуге құқылы болады.

Депозит жүйесінің тәртібі

Жатақханаға орналаспай тұрып құны 48 890 теңге көлеміндегі депозит төлеу қажет.

Жатақхананы қолдану үшін депозит студент жатақханадан толықтай шықпайнша сақталады.

Кез келген бағаланған зиян мен КИМЭП Университетіне тиесілі басқа шығындар депозит сомасынан алынады. Депозит сомасының қалдығы қайтарылады. Депозит сомасын қайтару үшін студенттер жатақханадан шығу тәртібін сақтау қажет. Жатақханадан шыққаннан кейін студенттер депозит сомасын қайтаруды келесі семестрдің соңына дейін сұрата алады. Депозит сомасын қайтару сұранысы болмаған жағдайда депозит қайтарылмайды.

Студенттер жатақхана мүлігі үшін жауап береді және кез келген келтірілген залал үшін өтем ақы төлейді. Жатақхана әкімшілігін сынған құрал-жабдық немесе қажетті жөндеу жұмыстары туралы хабардар ету қажет. Жатақхана әкімшілігі студенттік мәселелер жөніндегі бөліммен бірге жүйелі түрде студенттер бөлмелерімен қатар жатақхананы толығымен тексеріп отырады. Егер жатақхана әкімшілігі зиян келтіру фактісін анықтаса, ал тұрғындар жауапкершіліктен бас тартса, сол қабатта тұратын әрбір студенттен жөндеу жұмысының ақысы өндіріледі.

Тұрғындар бөлмесіне зиян келтіру

Бөлмеге келтірілген зиян үшін тұрғындар жауап береді. Түсініспеушілік туындамас үшін тұрғындар ораналасу кезінде бөлмені жатақхана старостасының көзінше егжей-тегжейлі тексеріп, жөндеуге тиіс барлық жайттарды атауға кеңес береміз.

Жалпы қолданыстағы бөлмелерге зиян келтіру

Теледидар бөлмесі- демалыс бөлмесі, сабақ оқу бөлмесі сияқты жалпы қолданыстағы бөлмелерге келтірілген зиян үшін жауапты жеке тұлғаға немесе тұлғалар тобына (егер бұндайлар анықталған болса) жүктеледі. Жауапты тұлғаларды анықтау мүмкін болмаса, барлық тұрғындар немесе белгілі бір қабатта тұратын тұрғындар осыған байланысты барлық шығындар үшін ұжымдық жауапкершілікке тартылады. Зиян үшін жалпы шот студенттердің шотына әрбір семестрдің соңында үлестіріледі. Егер студенттер ақаулық бар жалпы қолданыстағы жерлер туралы жасырын түрде хабарлағысы келсе, олар хатты atokina@kimep.kz мекенжайына жібере алады.

Ескертпе. Жалпы қолданыстағы орындарға келтірілген зиян үшін шығындар айына бір рет анықталады және тұрғындардың шоттарына үлестіріледі. Жалпы қолданыстағы жерлерге келтірілген зиян үшін тағайындалған ақы қайта қарастыруға жатпайды. Жеке тұрғынның келтірген зияны үшін өтем ақы студенттің шотына ақыны тағайындаған кезден бастап үш күн ішінде қайта қарастырыла алады. Шағымды тұрғын үй бөлімінің директорының (немесе жатақхана комендатының) электронды поштасына жіберу қажет.

Кілтті жоғалту және құлыпты ауыстыру

Әрбір тұрғын кілттер жиынтығын алады және олар үшін қаржылық жауапкершілікке тартылады. Студенттер басқаларға өз кілттерін бермеуге, кілтті қараусыз қалдырмауға кеңес беріледі, өйткені бұл қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін және кілтті оның майысып қалмайтындай немесе сынып қалмайтындай қолдануы талап етіледі. Барлық кілттер КИМЭП Университеті жатақханасының мүлігі болып табылады, сондықтан олардың көшірмесін жасауға рұқсат берілмейді. Кілт студенттер мен олардың мүліктерінің қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік пен қорғаныс студенттің жауапкершілігнде. Осылайша тұрғындар әрқашан кілтті өздерімен алып жүруге тиіс.

Кілттің жоғалуы немесе зақымдануы сіз және сіздің қауымдастығыңыз үшіп қауіп төндіреді. Кілт жоғалған немесе зақымданған жағдайда жатақхана әкімшілігін дереу хабардар ету керек. Сіздің бөлмеңіздің кілті төменде келтірілген жағдайдың біреуі орын алған жағдайда ауыстырылуы тиіс. Кілтті ауыстыру есік және кілт санына байланысты 3500-8000 теңге аралығында болады. Кілт ауыстырудың қорытынды ақысы депозит сомасынан шегеріледі. Тұрғындар келесі жағдайларда ақы төлейді:

  • Кілтті зақымдау
  • Секция кілтін 24 сағат ішінде қайтармау
  • Кілт жатақханадан шығу кезінде қайтарылмаса
  • Кілтті жоғалту немесе ұрлатып алу

Кір жуатын орынның қызмет көрсетуі

Кір жуатын орын жатақхананың әрбір қабатында бар. Кір жуатын мәшинелерді қолдану үшін ақы алынбайды. Оған қарамастан, егер кір жуатын мәшинелер сынған болса, ал тұрғындардың ешбіреуі ол үшін жауапкершілік алмаса, жөндеу жұмыстары үшін шығындар барлық тұрғындар арасында үлестіріледі және жатақхананы қолдану үшін кепіл сомасынан алынады.

Жатақхана старосталары

Жатақхана старосталары:
• Студенттердің жатақханаға көшіп келу/кету үдерісіне;
• Бөлмені ауыстыруға берілген өтініштерді өңдеуге;
• Шұғыл жағдайларда (өрт кезінде, студенттің денсаулығына қауіп төнген кезде және т.б.);
• Резиденттердің ұсыныстарын қарау барысында;
•КИМЭП жатақханасындағы студенттердің өмірін жақсартуға қатысты кеңестер ұсынуға;
• Шаралар мен бағдарламаларды жоспарлауға;
• Жанжалды жағдайларды шешуге көмек көрсетеді.
Таңдау тәртібі:
Студенттердің таңдау тәртібі бірнеше кезеңнен өтеді. Төменде келтірілген сипаттама студенттерді әрбір кезеңге және олардың осы үдерістегі рөліне қатысты хабардар етуге арналған.
1. Өтініш беру
Сайлау  тәртібінің бірінші кезеңі староста позициясына өтініш толтыруға және төменде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды іріктеуге келіп саяды.
Қажетті құжаттар:
a) Толтырылған өтініш (сауалнама) және түйіндеме;
ә) Мотивациялық хат;
б) Студенттің академиялық үлгерім парағы;
в) Оқытушылар құрамынан  немесе әкімшіліктен кепілдеме хат;
Опционалды:
a) Студенттік Үкіметтен немесе КИМЭП Университетінің ұйымынан кепілдеме хат;
ә) Студенттің жетістіктер сертфикаттарының көшірмелері.

  1. Сұхбат
    Сайлау Комитеті үміткерлерді бағалап, олардың талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін үміткерлер тобы әңгімелесу кезеңінен өтеді. Әңгімелесу барысында олар староста позициясына өздерінің мүдделілігін талқылау үшін Сайлау Комитетінің өкілдерімен кездеседі. Барлық үміткерлерден жауапкершілік, байсалдылық, жанжалды жағдайларды шешуге қабілеттілік, креативті ойлау, энтузиазм және мақсаттылық күтіледі.
    3. Сайлаулар
    Сайлау Комитеті шешім қабылдайды да егер үміткерлер староста лауазымына тағайындалған жағдайда, онда әңгімелесуден кейін бес жұмыс күні ішінде оларға хат жіберіледі.

Міндеттілігі мен жауапкершілігі:

Жалпы:
1. Әрбір сәрсенбі күні, сағат 16:00-18:00 аралығында старосталар жеке құрамының апта сайынғы жиналыстарына  қатысу;
2. Жұмыс уақытында барлық өтініштер мен төтенше жағдайларға жауап қата отырып, Жатақхананы қадағалауға жәрдемдесу. Қалған уақытта да байланыста болу;
3. Басым түрде әрбір семестрдің басында және жыл бойы өткізілетін жеке құрамның тренингтеріне қатысу;
4. Жатақхана резиденттері тарапынан өтініштер мен ұсыныстарға қатысты Жатақхана әкімшілігінің тиісті өкілімен байланыста болу;
5. Резиденттер үшін тұрақты негізде қолжетімді жағдайда болу;
6. Жеке құрамның кездесуінен бос уақытта барлық шараларға қатысу;
7. Тұрғын үй бөлімінің директорымен, Жатақхана директорымен және Тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасарымен алдын ала жазылған жеке кездесулерге бару;
8. Басшылықтың нұсқауларына сәйкес тапсырмаларды орындау.

Әкімшілік:
1. Студенттерді академиялық жұмыс пен жатақхана жұмысының барлық жаңалықтарына қатысты белсенді түрде ақпараттандыру;
2. Төтенше жағдайларды жоюға (өрт, денсаулыққа төнген қауіп және т.б.) жәрдемдесу;
3.Университетте академиялық сабақтар басталғанға дейін және олар біткеннен кейін жатақханаға көшіп келу/ көшіп кету кезінде жәрдемдесу;
4. Жөндеу жұмыстарына қатысты сұраулар мен резиденттерден алған басқа өтініштерді қабылдап, шұғыл түрде өңдеу.

Жатақхана Старосталары:

  • Асия Курманбекова
  • Даниил Литвин
  • Анаита Амирбек
  • Виктория Цой
  • Мирас Айбеков
  • Ильяс Ильян
  • Бегимай Исмаилова
  • Қуаныш Тулегенов

Фото

Жатақхана шаралары

 

Тұрғын үй бөлімінің 2023-24 оқу жылындағы іс-шаралар кестесі

Семестр Іс-шаралар Күні Өткізілетін орны
2023 ж күзгі семестр Ата-аналар, оқуға түсетін және оқуға қайтып келетін студенттер үшін кеңес беру сессиялары 2023 ж маусым – тамыз Жатақхана
Жатақханадағы бірінші курс студенттері үшін студенттер қатарына қабылдау салтанаты 2023 ж 18 тамыз Жатақхана
Келетін шетел студенттері үшін кеңес беру сессиялары 2023 ж тамыз – қырқүйек Жатақхана
Жатақханада тұратын студенттер үшін Homecoming мерекесі 2023 ж қырқүйек – қазан Кампустан тыс
Жатақхангадағы тәлімгерлік бағдарламасы:

·         Тәлімгерлерді іріктеу

·         Бірінші курс студенттерін тәлімгерлерге тіркеу

·         Бетпе-бет кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру

·         Тәлімгерлермен кеңес беру сессиялары

2023 ж қырқүйек – желтоқсан Жатақхана
Gotcha іс-шарасы 2023 ж қазан – қараша Жатақхана
«Хеллоуин» мерекесі 2023 ж 31 қазан Жатақхана
«тиктокерлердің» мерекелі кеші 2023 ж қараша Жатақхана
Жатақханадағы Жаңа жыл мерекесі 2023 ж желтоқсан Жатақхана
2024 ж көктемгі семестр Ата-аналар, оқуға түсетін және оқуға қайтып келетін студенттер үшін кеңес беру сессиялары 2023 ж желтоқсан – 2024 ж қаңтар Жатақхана
Келетін шетел студенттері үшін кеңес беру сессиялары 2024 ж қанңтар Жатақхана
«Әулие Валентин күні» мерекесі 2024 ж 14 ақпан Жатақхана
Жатақхангадағы тәлімгерлік бағдарламасы:

·         Тәлімгерлерді іріктеу

·         Бірінші курс студенттерін тәлімгерлерге тіркеу

·         Бетпе-бет кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру

·         Тәлімгерлермен кеңес беру сессиялары

2024 ж қаңтар – мамыр
«Five minds» іс-шарасы 2024 ж наурыз – сәуір Кампуста
«тиктокерлердің» мерекелі кеші 2024 ж наурыз. Жатақхана
Тим-билдинг: тауларға серунедеу 2024 ж мамыр Кампустан тыс
Жатақхана старосталар бағдарламасы:

·         Жатақхана старосталарын іріктеу, жалдау және дайындау

·         Жатақхана студенттерін старосталарға тіркеу

2024 ж сәуір – мамыр Жатақхана
Жатақхана студенттері үшін сейіл-серуен 2024 ж мамыр – маусым Кампуста

Факультет уйі

ПОҚ-НА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚЫЗМЕТТЕРІ

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адалдық
Тұрғын үй қызметкерлері жеке және / немесе топтық сәйкестендіру әрекеттерінің дәйектілігін, мәндерін, әдістерін, шараларын, принциптерін, үміттері мен нәтижелерін өте құрметпен бағалайды.

Эксклюзивтілік
Тұрғын үй департаментінің қызметкерлері КИМЭП Университетінің және басқа қоғамдастықтардың әр түрлі дауыстарын, пікірлерін, тәжірибелері мен ерекшеліктерін бағалайды. Біз өмір сүретін және жұмыс істейтін қоғамның әрбір мүшесін, оның ішінде жеке және топтық сәйкестік пен тәжірибе аспектілерін құрметтейміз және құрметтейміз. Біздің міндеттемелеріміз өзара әрекеттесу, бағдарламалар мен шешімдердің әрқайсысында ескерілген.

Үздік сапа
Біз өзіміздің қызметтік міндеттерімізді орындаумен шектелмейміз, біз күткеннен де көп нәрсені жасауға тырысамыз, ұсақ-түйекке назар аударамыз, қосымша күш жұмсап, алға ұмтыламыз. Керемет сапа клиенттерге мейірімді қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл ерекше, қосымша жігер салуды білдіреді.

Жалпы көзқарас
Тұрғын үй бөлімінің мақсаты – КИМЭП Университетінің қауымдастығына жоғары кәсіби қолдау көрсету және профессорлық-оқытушылар құрамына, академиялық емес қызметкерлерге және кампуста және одан тыс жерлерде жоғары сапалы тұрғын үй қызметтерін ұсыну.

Миссия тұжырымдамасы
Біз университет қауымдастығына (шетелдік оқытушылар құрамына, академиялық емес қызметкерлерге және студенттерге) олардың тұру қажеттіліктерін қанағаттандыруда және олардың өмірінің негізі болатын лайықты және қол жетімді баспана табуда қамқорлық жасауға дайынбыз. Шетелдік және отандық мұғалімдердің, жұмысшылар мен студенттердің өмір сүру сапасының шешуші компоненті болып табылады. Жақсы тұрғын үй баспана мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және өмірді жайлы қылады. Алайда, мәселе қол жетімділікте ғана емес, сонымен қатар жылжымайтын мүлік нарығындағы ауытқуларда.

Осы ережеге кіріспе және мақсаттары
Бұл ереже Университет атынан оның аумағында және одан тыс жерлерде орналасуды дұрыс және әділетті түрде реттейтін қатаң және нақты ережелер мен рәсімдерді белгілеу мақсатында тұжырымдалған. Тұрғын үй бөлімінің екі негізгі қызметі – оқытушыларды орналастыру және студенттерді орналастыру. Екі функцияға кампустағы және одан тыс орналастыру кіреді. Сонымен бірге, университет шетелдік студенттерді, кафедра қонақтарын және басқа да келушілерді қабылдайды және оларды әрдайым жайлы орынмен қамтамасыз етуге дайын.

Бағалар
Қонақтар үйінде тұру бағасы жергілікті валютада белгіленеді. Әр бағаға 12% ҚҚС кіреді. Университет аумағынан тыс пәтер жалдау құны Қазақстан заңнамасына сәйкес теңгемен төленеді.

Оқытушыларға арналған баспана
Оқытушыларды орналастыру университет аумағында, одан тыс орналастыруды, сондай-ақ қысқа мерзімді орналастыруды қамтиды:

КИМЭП ҚОНАҚТАР ҮЙІ

КИМЭП Қонақтар үйі – университет аумағында орналасқан тұрғын үйдегі пәтер; Пәтерде төрт ұйықтайтын бөлме, теледидарлары бар жалпы қонақ бөлмесі, веранда, ас үй, 1 дәретхана және екі жуынатын бөлме бар (оның 1-уі душ бөлмесі). Қонақтар үйі жаңадан келген оқытушыларға арналған мейманхана құнын арзандату үшін және университет аумағында уақытша қонақтар – студенттерді, оқытушыларды, кафедралар мен бөлімдердің шақырылған қонақтарын және т.б. орналастыру мақсатында құрылды.

Қонақтар үйін пайдалану бойынша нұсқаулық ретінде келесі саясат қолданылады:

  1. Штаттағы шетелдік оқытушылар құрамы, академиялық емес қызметкерлер, қонақтар, қысқа мерзімділік критерийлеріне сәйкес келетін ғылыми зерттеулер жүргізетін шетелдік студенттер күніне 10 000 теңге жалға ала алады. Отбасыларымен және балаларымен келетін жаңа шетелдік оқытушылар мен академиялық емес жұмысшылар үшін жалға алу ақысы – бір бөлмеге күніне 10 000 теңге.
  2. Осы саясаттан өзгеше сұраныс түскен жағдайда, бірінші проректордың тиісті рұқсаты қажет.

МЕЙМАНХАНАДА ОРНАЛАСТЫРУ

Қонақтар үйіне жаңадан келген шетелдік оқытушыларды / академиялық емес жұмыскерлерді / қонақтарды орналастыру іздеу кезеңінде орналастыру мүмкін болмаса, тұрғын үй бөлімі тиісті жеңілдіктер ұсынатын серіктес мейманханалардың бірінен бөлме жалдайды.

Кампустағы оқытушылар тұрғын үйінде орналастыру және күту тізімі туралы қағида 

  1. Осы қағида кампуста орналасқан оқытушылар тұрғын үйіндегі 17 пәтерде орналастыру ережелерін белгілейді.
  2. Орналастыру төменде келтірілген санаттарға сәйкес басымдылық түрде беріледі: 
  • Ерекше қажеттіліктері бар шетелдік және жергілікті оқытушылар мен қызметкерлер – шектеусіз тұру мерзімімен, бірақ еңбек шарты күшінде болған мерзімнің ішінде.
  • Балалары бар шетелдік және жергілікті оқытушылар мен қызметкерлер
  • Барлық басқа шетелдік оқытушылар мен қызметкерлер
  • Балалары бар жергілікті оқытушылар мен қызметкерлер
  • Жергілікті оқытушылар мен қызметкерлер
  1. Әр басымдылық жағдайда жалдау шарты оқу жылының аяқталуына дейін жасалады, шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін жалдау мерзімін жалғастыру туралы қосыша келісім жасалады.
  2. Пәтерлерді жалдау бағасын тұрғын үй бөлімі әр оқу жылының басында жылжымайтын мүлік агенттігі жасаған және университет басшылығы бекіткен тәуелсіз бағалауға негізделіп анықтайды.

Егер оқытушылар мен қызметкерлерден кампустағы тұрғын үйде орналастыруға өтініштер саны орналастыруға қолжетімді пәтерлер санынан артық болса, өтінішкерлер күту тізіміне тіркелуі тиіс, бұл тізімді Интранет ішкі желісінде General Info: Residence Life and Housing немесе КИМЭП Университетінің веб-сайтында https://kimep.kz/current-students/student-affairs/housing/  табуға болады. Орналастыруға қолжетімді пәтерлер университет іріктеу комитетімен үлестіріледі, іріктеу комитетінің мүшелері – бірінші проректор, оқу істері жөніндегі проректор және адам ресурстарын басқару бөлімінің бір өкілі.

Тұрғындардың үйді күтіп ұстау бойынша міндеттері

Пәтерлерді тазалау

Әрбір жалға алушы өз үйін таза ұстауға жауапты. Жалға алушы тұрғын үй бөлімінен тазалау қызметін көрсетуді сұрауға құқылы, бұл жағдайда жалға алушы тазалаушының көрсеткен қызметі үшін төлем жасайды.

Мүлікке келтірілген зиян

Жалдаушы келтірілген зиянды мүмкіндігінше тезірек түзету мақсатында кез-келген зиян немесе мәселе туралы тұрғын үй бөліміне хабарласуы керек. Жалға алушы өзінің салғырттығынан болған залалды қалпына келтіру шығындарын төлеуге жауапты. Барлық пәтерлерге тоқсан сайын бақылау жүргізіліп, қажетті техникалық қызмет көрсету шаралары бағаланады. Тексеруді тұрғын үй бөлімінің қызметкері мен комендант жүзеге асырады. Тұрғындарға тексеруді жоспарлау үшін қырық сегіз сағат бұрын ескерту беріледі.

Түгендеу

Жалға алушының келуі және кетуі іру және шығу кезінде, сондай-ақ күтпеген жағдайлар туындаған кезде бухгалтерияның бұйрығымен мүлікке тізімдеме тағайындалады. Жалға алушыларға түгендеу басталғанға дейін бес жұмыс күн бұрын ескертіледі, оны тұрғын үй бөлімінің және/немесе бухгалтерияның екі қызметкері жүргізеді, жалға алушының қатысуы міндетті болып табылады.

Төсек-орын жабдығын ауыстыруы

Тұрғын үйдегі пәтерлер ресми түрде Қонақтар үйіне жатпайды, сондықтан төсек жаймаларын жуу жалға алушының міндеті болып табылады.

Университеттен тыс оқытушыларды орналастыру

Университеттен тыс, оған жақын жерде орналасу мүмкіндіктері ауқымды және алуан түрлі. Университеттен тыс орналастыру бағдарламасының негізгі мақсаты – халықаралық оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне жергілікті жалдау нарығында бағдарлау және университетке жақын жерде, соның ішінде жеке меншік иелері, агенттер мен тұрғын үй бөлімінде тіркелген жылжымайтын мүлік агенттіктерін табуға қолдау көрсету.

«Университет кампусынан тыс жерде тұру» дегеніміз – университеттің меншігінде болмаған немесе пайдаланылмайтын кез-келген жерде тұру. Мұндай тұруға пәтерлер мен қонақ үйлер кіреді.

Тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері кез-келген мәселеде шетелдік оқытушылар мен қызметкерлер және олардың пәтер иелері арасында делдал ретінде қызмет етеді. Егер тікелей көмек көрсету мүмкін болмаса, қызметкерлер кеңес бере алады.

Университе аумағында және одан тыс жерде тұру туралы жалпы ақпарат

КИМЭП Университеті ұсынатын тұрғын үй пәтерлері туралы қысқаша ақпарат 

Тұрғын үй Бөлмелер саны көлемі Пәтерлер саны Жөндеу түрі Жиһаз Тұрмыстық техника Айлық жалдау ақысы, теңге
Оқытушылар үшін тұрғын үй 1 жатын бөлме 43 – 50 м2 13 Пәтер толығымен жөнделген жетілдірілген теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, қысқа толқында пеш 160 000
(жыл сайын қайта қарастырылады)
Қонақтар үйі 4 жатын бөлме Общая площадь of 112,5 м2

комнаты:

9,8 – 15 м2

1 Пәтер толығымен жөнделген жетілдірілген теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, қысқа толқында пеш КИМЭП Университетінің Қонақтар үйінде орналастыру туралы ережелеріне сәйкес
Оқытушылар үшін тұрғын үй 2 жатын бөлме 50-90.6 м2 4 Пәтер толығымен жөнделген жетілдірілген 220 000 жыл сайын қайта қарастырылады)
«Самал-2» ықшамауданы 1 жатын бөлме 76,1 м2 1 Пәтер толығымен жөнделген жетілдірілген теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, қысқа толқында пеш 220 000 жыл сайын қайта қарастырылады)

Жекешелендірілген пәтерлердің тұрғындары / иелері тәртіпті сақтауға және басқа тұрғындардың тыныштығын бұзбауға МІНДЕТТІ.

Жиһаз
Бастапқы кезде барлық пәтерлер тұрғындардың ыңғайлылығы мен жайлылығына қажетті негізгі тұрмыстық техникамен жабдықталған. Қосымша құрылғылар мен жабдықтарды тұрғындар сатып ала алады және бұл жабдықтар тұрғындардың меншігі болады.

Коммуналдық қызметтер
Коммуналдық қызметтердің құны жалдау ақысына қосылады және үйді ұстау, сумен жабдықтау, газ, электр қуаты, жылу және интернет шығындарын қамтиды. Кабельдік теледидардың құны жалдау ақысына қосылмайды. Тұрғын мен кабельдік теледидар қызметін ұсынушы арасындағы келісім бойынша тұрғындар кабельдік теледидардың ақысын бөлек төлейді.

Кір жуу қызметтері
КИМЭП Университетінің кір жуу бөлмесі тек тұрғындардан перде, төсеніш, көрпе және төсек жапқыш сияқты үлкен заттарды қабылдайды. Бұл қызмет тұрғын үйдің тұрғындарына тегін ұсынылады.

Темекі шегу
2009 жылғы тамыз айынан бастап КИМЭП Университеті темекі шегуден бос аумаққа айналды. Осы ережені бұзғаны үшін тұрғындарға Қазақстан Республикасының заңнамасына және КИМЭП Университетінің саясатына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Қоқысты шығару
Тұрғын үй мен Қонақтар үйіндегі пәтерлердің тұрғындары өз пәтерлерінен тұрмыстық қалдықтарды университет аумағында орналасқан тиісті қоқыс контейнерлеріне дейін шығаруға жауапты (http://www.kimep.kz/about/campus-map  мекен-жайының картасын қараңыз). Пәтерлерден кеткен кезде тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды пәтерде қалдырмауы керек. Еш уақытта қоқысты подъезде немесе есіктердің алдында қалдыруға болмайды. Осы ережені бұзғаны үшін тұрғындарға Қазақстан Республикасының заңнамасына және КИМЭП Университетінің саясатына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

Шағын жөндеу қызметтері

Сантехник, электромонтер, ағаш ұстасы және басқаларының қызметтері қажет болған жағдайда университеттің интранет веб-сайтында (http://intranet → General Info → Residence Life and Housing Department → Faculty House Request for repair) немесе Университеттің сайтында орналасқан: https://www.kimep.kz/current-students/en/student-affairs/housing/ (Сол жақтағы мәзір → Тұрғын үйді жөндеуге өтініш ) немесе тұрғын үй бөліміне 1022 және 1229 ішкі телефондары арқылы хабарласыңыз немесе электрондық пошта арқылы – housing-assist@kimep.kz. Сұраным мәселенің сипатына байланысты 24 сағат ішінде орындалады.

Кілттер
Қонақтар үйі: әр жатын бөлмесінің кілті тиісті есікті ашады, ал үйдің жалпы кіреберісін ашу үшін тағы бір кілт беріледі. Пәтерден шыққан кезді қоса алғанда, жатын бөлмені және үйдің сыртқы есігін құлыптау ұсынылады. Кетер кезде кілттер тұрғын үй бөліміне немесе Жаңа кітапхана ғимаратының күзет бекетіне қайтарылуы керек. Тұрғындардың қауіпсіздігін қорғау үшін, егер кілттер тіркеуден шыққан кезде бірден қайтарылмаса, құлыпты ауыстыру құны қозғалатын тұрғыннан алынады.

Тұрғын үй: жалға алушыға тиісті пәтердің бастапқы кілті беріледі. Кілт көшірмесі Жаңа кітапхана ғимаратының күзет бекетінде сақталады. Төтенше жағдайда кілттерді тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері жалға алушының рұқсатымен ғана ала алады. Кілттер жоғалған жағдайда, жалға алушы тұрғын үй бөлімінің директорына хабарлауға міндетті. Бұл жағдайда пәтердің есігі кілт көшірмесімен ашылады, ал келесі жұмыс күні ішінде құлып жаңасымен ауыстырылады. Бұл қызметтің құнын жалға алушы төлейді. Кетер кезде кілттер тұрғын үй бөліміне немесе Жаңа кітапхана ғимаратының күзет орнына қайтарылуы керек.

Үй жануарлары
Тұрғын үйде үй жануарларын ұстауға жол берілмейді.

Көлік тұрағы
Тұрақ ережелері Университеттің интранет-сайтында орналасқан: http://intranet/→Support Services Division→New parking lot policy/. Тұрғындар өз көліктерін тұрғын үйдің қасында емес, Университеттің тұрағына қоюы керек

Тұрмыстық қауіпсіздік ережелері
Пәтерден шыққан кезде тұрғындар тоңазытқыштарды қоспағанда, барлық электр және газ құрылғыларын өшіруге міндетті. Су басуды болдырмау үшін тұрғындар пәтерлеріндегі құбырларды бітемеуі керек. Су басқан жағдайда жөндеудің толық құнын жалға алушы төлейді. Кету кезінде тұрғындар пәтер есіктерін ашық қалдырмауы керек.

Қауіпсіздік және қауіпсіздік қызметі
Пәтерлерге бөтен адамдарды шақыру ұсынылмайды.

Кез-келген түсініспеушіліктер мен шағымдарды болдырмау үшін сіз үндемей, 23:00-ден 6:00-ге дейін көршілеріңізді мазаламаңыз. (ҚР ӘҚБтК-нің 333-бабына сәйкес – 23:00-ден 6:00-ге дейін тыныштықты бұзу).

Егер жалға алушы Қонақ үйінен немесе тұрғын үйдегі пәтерден бір күннен артық кетуге кететін болса, тұрғын үй департаментінің директорына жазбаша түрде немесе Housing-Assist@kimep.kz электрондық поштасы арқылы хабарлау қажет.

18.00-ден 9.00-ге дейін шұғыл ұшып кету жағдайында сіз кілттерді жаңа кітапхана ғимаратының күзет бекетінде қалдыруыңыз керек.

Әкімшілік шаралар: КИМЭП Университеті тұру ережелерін бұзғаны үшін санкциялар қолдану құқығын өзіне қалдырады. Санкциялар айыппұл түрінде немесе тұрғын үй шартын бұзу түрінде болуы мүмкін.

Тұрғындардың тұрғын үй бөлімімен қарым-қатынастары
Жалға алушылар мен тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет қағидаттарына негізделуі керек. Тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері – білікті мамандар, сондықтан тұрғындар олармен тұрғындардың өздері қызметкерлермен қарым-қатынас жасағысы келетін тәртіппен өздерін ұстауы керек.

Тұрғындар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастар
Студенттік нұсқаулықта айтылғандай, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас кәсіби деңгейде сақталуы керек. Осы себептен студенттер оқытушылар дың пәтерлерінде тұра алмайды, отбасылық қатынастарға байланысты жағдайларды қоспағанда. Бұл студенттер оқытушылардың пәтерлеріне барып, тиісті сұхбаттасу немесе уақытша кетіп қалған жағдайда мұғалімнің пәтеріне қарау үшін бара алмайды дегенді білдірмейді.  

ЖЕДЕЛ ЖАҒДАЙДА ҚОҢЫРАУ ШАЛУ: ұялы телефоннан қоңырау шалуға болады

101 – Өрт сөндіру қызметі

102 – полиция

103 – жедел жәрдем (немесе КИМЭП Университетінің медициналық орталығының бас дәрігерінің нөмірін теріңіз: 2374805)

104 – газ қызметі

112 – құтқару қызметі

Эко-такси қызметі +7 777 6727777, +7 727 3900500

 

Position Name Phone Email WorkPhone Ext.
Internal Security
Head Kairat Sybanbayev, Diploma in Law mobile phone 87017125871 k.sybanbayev@kimep.kz 237-47-66 2558
Street Gates Security 237-47-57 2563
Dostyk Building Post Security 270-42-19 2237
Valikhanov Building Post Security 270-43-09 3132
Library Post Security 237-47-57 2517
New Academic Building Post Security 237-47-57 2725
Dormitory Post Security 1013
Senior Doctor Sergey Dyakov, Diploma mob.phone +7 777 300 0822 s.dyakov@kimep.kz; med.center@kimep.kz 237-48-05 1087
Director of RLHD Assel Tokina, MA mob.phone +7 701 679 4709 atokina@kimep.kz 237-47-73 1022
Director of Support Services Division Kozmina Natalya, Diploma mob.phone +77017524870 kozmina@kimep.kz 237-47-51 2511
Director of Plant Department Bykovskiy Ilya, Diploma mob.phone +77013695577 b.ilya@kimep.kz 237-47-57 2508
Chief Engineer Aivaz Tutadze, Diploma mob.phone +77772254555 a.tutadze@kimep.kz 237-47-57 2573

Жылжымайтын мүлік агенттігі

Құрметті КИМЭП Университетінің студенттері, қызметкерлері және оқытушылары!
Төменде тұрғын үй іздеушілердің барлығына көмектесуге дайын екі жылжымайтын мүлік агенттігінің тікелей байланыс ақпараты көрсетілген. Агенттік жылжымайтын мүлік бойынша толық ауқымды кәсіби қызмет көрсетеді және әріптестік байланысқа әрқашан дайын.

Агенттік КИМЭП Университетінің студенттеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне жеңілдік береді.

«Квадрат» жылжымайтын мүлік агенттігі
050000 Қазақстан, Алматы қ.,
Алтынсарин көшесі, 10А, «Тигрохауд»
Тел.: +7 (727) 252 28 88;
Моб.тел.: +7 747 500 41 65
E-mail: info@kvadrat-almaty.kz
www.kvadrat-almaty.kz

Алматы жылжымайтын мүлік агенттігі
050000 Қазақстан, Алматы қ.,
Абылайхан даңғ., 15/60, офис 13
Тел/факс: +7 (727) 258-45-05/04/03
Тел/факс: +7 (727) 250-16-45
Моб.тел.: +7 701 720 34 09
E-mail: office@are.kzarerealty@gmail.com
www.are.kz

КИМЭП-тің қасындағы мейманханалар, хостельдер және резиденциялар

Хостел Home NUCHA Almaty
Алматы, Луганский көш., 14үй
+7 (717) 399–79–50
Хостел: 4 бөлме

Нөмірдің типі Айына Тәулігіне
Ерлерге арналған 8 кісілік нөмірдегі орын 30 000 тг 2000-2500 тг
Әйелдерге арналған 5 кісілік нөмірдегі орын 30 000 тг 2000-2500 тг
Хостел Dim AL Hostel Almaty
Алматы, Самал-1, Жолдасбеков көш. 9/2 , 4-қабат
+7701 911-32-22
+(727)225-15-55Нөмірдің типі
Айына Тәулігіне
Ерлерге арналған 12 кісілік нөмірдегі орын 50000 тг 2500 тг
Әйелдерге арналған 12 кісілік нөмірдегі орын 50000 тг 2500 тг
6-орынды микс-нөмір 45000 тг 3500 тг
Бір орынды нөмір стандарт 6000 тг
Бір орынды нөмір Люкс 7000 тг
Екі орынды нөмір Люкс 9000 тг

 

Мейманхана атауы Мейманхана жұлдыздығы Мекенжайы КИМЭП-тен арақашықтығы Байланыстар Стоимость 1-местного номераза сутки Специальная сидка для КИМЭП
Ирис 3* Назарбаев көш. 176 жаяу 11 минут +7 7273990033

http://www.irishotel.kz/

20 000 тенге Нет
Гранд Евразия 4*  Жолдасбеков көш., 9 А жаяу 15 минут +7 727 380 8080
http://www.grandeurasiahotel.kz/
20 000 тенге Нет
 Қазақстан 4* Достық даңғ., 52/2 жаяу 5 минут +7 727 2910101

http://www.kazakhstanhotel.kz/

24 000  тенге Есть
 Шера Парк Инн. 4* Қажымұканов көш., 49  автобуспен 30 минут, машинамен 5-7 минут +7 727 3337500
http://sheraparkinn.com/
33 900  тенге Есть
 Роял Тюлип Алматы 5* Оспанов көш., 401 автобуспен 33 минут, машинамен 14 минут +7 727 300 0100
http://www.royaltulipalmaty.com/
63 840 тенге Есть
Алма 4* Кошкунов көш., 4а жаяу 9 минут, машинамен 4 минут +7 727 293 8023
http://www.hotelalma.kz/
18 000 тенге Нет
Алматы 3* Қабанбай батыр көш., 85 метромен 1 станция, жаяу 20 мин. +727 272 0070
http://hotelalmaty.kz/
22 000 тенге Есть
Меркур 4*  Абылайхан даңғ., 53 метромен 2 станция, машинамен 10 мин. +727 344 2850
https://www.accorhotels.com/ru/hotel-B0P4-mercure-алматы-сити-центр/
35 000 тенге Есть

Пәтер табу

Тұрғын үй бөлімі КИМЭП студенттері мен оқытушыларына лайықты пәтер іздеуде көмек көрсетеді. Бұдан басқа, ол басқа пәтерге көшу кезінде қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

1 бөлмелі пәтер: 1 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй
2 бөлмелі пәтер: 1 қонақ бөлме, 1 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй
3 бөлмелі пәтер: 1 қонақ бөлме, 2 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй

Пәтерге өтініш беру үшін төмендегі сілтеме бойынша жүру керек. Қолданбада бөлмелердің санын, орналасқан жерін мен бағасын сұрауыңызға болады. Сіздің өтінішіңізді Тұрғын үй бөлімі қабылдайды да сіз кампустан тыс жердегі бос пәтер үшін әлеуетті резидент болып саналасыз. Назар аударыңыз: егер сіз біршама толық ақпарат алғыңыз келсе, онда Тұрғын үй бөлімінің офисіне келіп, өтініш беруіңізге болады.

Заявка на поиск квартиры

Бізбен хабарласыңыз:
Тұрғын үй бөлімінің ассистенті
Телефон: +7 (727) 237-47-73 (ішкі нөмірі 1229)

Бөлмелес көршіні табу

«Бөлмелес көршіні табу» — Тұрғын үй бөлімінің жаңа жобасы, оның көмегімен сіз онлайн өтініш беруіңізге болады. Бұл жоба студентке бірге тұратын лайықты адамды іздеуіне көмектесуге бағытталған.

Заявка на поиск соседей по комнате или квартире

Сантехник, электромонтер, ағаш ұстасы және басқаларының қызметтері қажет болған жағдайда университеттің интранет веб-сайтында (http://intranet → General Info → Residence Life and Housing Department → Faculty House Request for repair) немесе Университеттің сайтында орналасқан: https://www.kimep.kz/current-students/en/student-affairs/housing/ (Сол жақтағы мәзір → Тұрғын үйді жөндеуге өтініш ) немесе тұрғын үй бөліміне 1022 және 1229 ішкі телефондары арқылы хабарласыңыз немесе электрондық пошта арқылы – housing-assist@kimep.kz. Сұраным мәселенің сипатына байланысты 24 сағат ішінде орындалады.