evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram

Шұғыл танысулар 2019

25 қазанда КИМЭП Университетінің Корпоративтік даму бөлімінің Мансап және жұмысқа орналастыру қызметі (МЖОҚ) командасы үшінші рет «Шұғыл танысулар» іс-шарасын сәтті өткізді. Іс-шараға бір жағынан – 28 жұмыс беруші компания, екінші жағынан – соңғы оқу жылғы 28 студенті қатысты.

Іс-шараның мақсаты – түлектер мен әр түрлі салада сәтті жұмыс істейтін компаниялар арасында өзара әрекеттестік орнату. Компания өкілдері мен студенттердің алғашқы реакциясы бойынша, іс-шара өте қызықты және серпінді өтті және алғашқы байланыс орнатудың, болашақ жұмыс берушілермен, болашақ әріптестермен кездесудің, сондай-ақ университеттің үздік түлектерінің арасында жұмыс берушілер брендтерін дәріптеудің тиімді құралы болды.

2019 жылғы іс-шараға келесі жұмыс берушілер қатысты:

Mars

 

L’Oreal Tengri Partners Investment banking

 

K’CELL Coca Cola Atasu Logistics LVMH
British American Tobacco EFES JTI Philip Morris KZ Techno Dom K’CELL Dogovor 24
Deloitte EY KPMG PWC Grant Thornton Beeline Sberbank
Air Astana Danone Synergy Partners        

Іс-шараға қатысқан студенттер жоғары академиялық үлгерімі, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуы және практикадан өту / сырттай жұмыс тәжірибесі негізінде таңдалды.

Жұмыс берушілердің іс-шара туралы пікірлері:

Қатысушы студенттердің іс-шара туралы пікірлері

Аяна Шотбақова, BIR

Біздің университеттің мансап және жұмысқа орналастыру қызметіне компаниялармен осындай жақсы шұғыл танысулар іс-шарасын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл – болашақ әріптестермен бес минуттық әңгіме арқылы жалдануға арналған нақты алаң. Мен үшін бұл оқиға жемісті болды – мен JTI компаниясының адам ресурстарын басқару саласындағы тағылымдамасынан өту ұсынысын алдым.

Айзада Мустафина, BLLB

Осындай жақсы мүмкіндік үшін көп рахмет: бірнеше компания мені сұхбаттасуға шақырды, кейбір компаниялардың өкілдері тіпті жұмысқа орналасуды ұсынды!

Айнұр Омарова, BFIN

Сіздерге және әріптестеріңізге бүгінгі шараны өткізгеніңіз үшін алғыс айтқым келеді!

Дайындық басталғаннан бастап іс-шараның өзіне дейін барлығы жоғары деңгейде өтті! Қолдауыңыз үшін рахмет! Болашақ мансапқа және Мансап орталығының көмегіне қызығушылық танытқаныма қуаныштымын!

Әнел Мазова, BMKT

Бәрі жақсы өтті, мен тіпті уақыт өте тез өтіп кеткеніне ренжіген сияқты болдым, бұл сұхбаттасудан өту туралы уайымдамау үшін жұмыс іздеп жүрген студенттерге арналған керемет жаттығу. Кейбір компаниялар, мысалы, Danone және L’Oréal, конкурстары туралы айтты, жұмысқа орналасу үшін оған қатысу керек! Біраз күннен кейін мені бірнеше компаниялар сұхбаттасуға шақырды.

Карина Бекенова, BACTA

Маған іс-шара қатты ұнады. Мен ең жақсы компаниялардың өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алдым, сонымен қатар туындаған мәселелер бойынша қажетті ақпарат пен жауаптарды тікелей ала алдым. Осы іс-шарадан кейін «Шұғыл танысуларға» қатысқан әр түрлі компаниялар мені жұмысқа орналасу үшін бірнеше сынақтардан және сұхбаттасудан өтуге шақырды. Ақыры мен KPMG компаниясынан тағылымдамадан өту туралы ұсыныс алдым.

SpeedNetworking2019-0