evision-corporate-image
Slider-(2)

BLOOMBERG компаниясы КИМЭП Университетіне ВМС курсына тағы 150 қосымша тегін онлайн-лицензиясын берді

КИМЭП Университеті студенттерінің «BMC» онлайн-курсына көрсеткен қызығушылығына қуанып, «Bloomberg» компаниясы университетке аталмыш курсқа тағы да 150 ҚОСЫМША тегін онлайн лицензия берді. Енді курс барлық мамандықтарда оқитын студенттер үшін ашық.

ВМС (Bloomberg Market Concepts) – бұл Bloomberg компаниясы ұсынатын 10 сағаттық онлайн-курс, ол қаржы саласының аспектілерінің көпшілігін қамтиды (капитал, тіркелген кірістер, халық тұтынатын тауарлар, экономика және инвестициялық портфельдерді басқару).

КИМЭП студенттері курсты университет кампусында орналасқан Bloomberg терминалы арқылы тегін оқи алады. Студенттер курсты өз үйінен алғысы келсе, оның бағасы бір студент үшін 149 АҚШ доллар болады.

СOVID-19 коронавирустық жұқпа пандемиясының кезінде КИМЭП Университетіне қолдау көрсету мақсатымен Bloomberg компаниясы сол курсты онлайн режимінде ТЕГІН өтуге 300 лицензия берді (150 – сәуірдің басында, ал тағы 150 – қазіргі таңда).

Бизнес және экономика мамандықтарының бітіруші курстар студенттері осы мүмкіндікті пайдалануға аса шақырылады.

Өтінім беру үшін студенттер келесі сілтеме арқылы курсқа кіруге сұраным формасын толтыруы керек: https://forms.gle/YAuKnCcVemu5x3ux6.

Студенттерге курсқа кіруге рұқсат кезек бойынша, барлық тегін орындар толтырылып біткенге дейін беріледі.