evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
Slider

BLOOMBERG компаниясы КИМЭП Университетіне ВМС курсына 150 тегін онлайн-лицензиясын берді

ВМС (Bloomberg Market Concepts)     – бұл Bloomberg компаниясы ұсынатын 10 сағаттық онлайн-курс, ол қаржы саласының аспектілерінің көпшілігін қамтиды (капитал, тіркелген кірістер, халық тұтынатын тауарлар, экономика және инвестициялық портфельдерді басқару).

КИМЭП студенттері курсты университет кампусында орналасқан Bloomberg терминалы арқылы тегін оқи алады. Студенттер курсты өз үйінен алғысы келсе, оның бағасы бір студент үшін 149 АҚШ доллар болады. Алайда, СOVID-19 коронавирустық жұқпа пандемиясының кезінде КИМЭП Университетіне қолдау көрсету мақсатымен Bloomberg компаниясы сол курсты онлайн режимінде ТЕГІН өтуге 150 лицензия берді.

Бітіруші курстар студенттері осы мүмкіндікті пайдалануға аса шақырылады. Мүмкіндік тек бизнес және экономика мамандықтарының студенттеріне ашық.

Өтінім беру үшін студенттер келесі сілтеме арқылы курсқа кіруге сұраным формасын толтыруы керек: https://forms.gle/tkTRSVT94bfQCP8EA.

Бизнес және экономика мамандықтарының студенттеріне курсқа кіруге рұқсат кезек бойынша, барлық тегін орындар толтырылып біткенге дейін беріледі.