evision-corporate-image
Instagram WhatsApp Telegram Instagram
library

(English) Division of Research, International and Strategic Affairs

АКАДЕМИЯЛЫҚ САПА ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІ

Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі КИМЭП Университетінің білімдік орта мен оқу үдерісінің сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді, келешекте жетілдіруді талап ететін аспектілерді айқындау үшін оқытушылармен, студенттермен, қызметкерлермен, түлектермен, жұмыс берушілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен тиімді «кері байланыс» жасайды.

Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:

  • жүйелі негізде студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге, түлектер мен олардың жұмыс берушілеріне сауалнама жүргізу;
  • КИМЭП Университетінің басшылығына білімдік орта мен білім беру үдерісінің жағдайы бойынша аналитикалық мәліметтерді беру;
  • мемлекеттік органдар, әріптес жоғары оқу орындары, ЖОО-ларды ранжирлеу бойынша агенттіктер, ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктері және т.б. сияқты сыртқы ұйымдарға Университеттің қызметі туралы ақпараттар беру;
  • тәжірибе алмасу және академиялық сапаны дамытудың жалпы стратегиясын анықтау мақсатымен отандық және халықаралық әріптестермен байланысты дамыту.

Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі

КИМЭП Университеті
Абай даңғылы, 2, 050010
Алматы, Қазақстан
Тел.: 270-44-86
# 407, 404а офистер/ Достық ғимараты
E-mail: assistrc@kimep.kz