Келгеннен кейінгі чек-лист
I қадам: КИМЭП-ке келу
Әуежайдан КИМЭП-ке келу:
КИМЭП жүргізушісімен кездесіңіз (егер сіздің қарсы алу туралы өтінішіңіз расталған болса) немесе ресми такси қызметтерін пайдаланыңыз:
Uber Kazakhstan
IOS: https://apple.co/3xzr9OJ
Android: https://bit.ly/3AVB17B
Yandex Go
IOS: https://apple.co/2TRQZzd
Android: https://bit.ly/36uPM3o
II қадам: Үйлестірушіңізге (координаторыңызға) бару/хабарласу
Кіріс академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестірушіңізге барыңыз:
Меруерт Ошанова
Электрондық пошта: incoming@kimep.kz
Тел.: +7 (727) 237 48 00 (ішкі нөмірі 1038)
Ұялы телефон/WhatsApp: +7 701 428 11 26
Халықаралық бөлім, Жатақхана ғимаратының жертөлесі
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі–Жұма: 08:00–17:00
Үзіліс: 13:00–14:00
III қадам: RLHD директорының қабылдауына бару/хабарласу
Егер сіз КИМЭП Студенттер жатақханасында тұрғыңыз келсе (қоныстану уақыты: жұмыс күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін):
- Қоныстану үшін медициналық тексеруден өтіңіз;
- Қоныстану нысанына (Move-In Form) қол қойыңыз;
- Бөлме кілттері мен төсек-орын жабдықтарын алыңыз.
Кампус Жатақханасы немесе кампустан тыс жерде тұру мәслесі бойынша келесі қызметкерге хабарласыңыз:
Әсел Токина
Тұрғын үй және жатақхана директоры
Студенттер үйі, 1-қабат, 120 кабинеті
Тел.: +7 (727) 237-47-73
Электрондық пошта: atokina@kimep.kz
IV қадам: Виза менеджеріне хабарласу
Келген күннен бастап 2 күн ішінде (демалыс және мереке күндерін қоса алғанда) Виза менеджеріне хабарласу қажет.
Визалық режимдегі елдерден келген халықаралық студенттер:
- Виза менеджеріне толық аты-жөнін, Қазақстанға кіру күнін, тұрғылықты мекенжайын және шекарадан өткендігі туралы мөр қойылған паспорттың фотосуретін жіберуі тиіс
Юлия Алимкулова
Виза бөлімінің директоры.
WhatsApp: +7 (701) 360-02-16
Электрондық пошта: visa@kimep.kz
- Виза менеджерінен растау алуы қажет;
- Келгеннен кейін екі апта ішінде Визаға шақыру хаты үшін төлем жасауы қажет (шамамен 1500–2000 теңге).
Визасыз режимдегі елдерден келген халықаралық студенттер:
- Шетелдік паспорттың түпнұсқасын және фотосуреті бар беттің бір көшірмесін ұсынуы тиіс;
- Көші-қон карталарының түпнұсқаларын (көк және ақ түсті) және кедендік бақылауда берілген анықтаманы ұсынуы тиіс;
- Жатақханадан берілген анықтамамен немесе жалға беру шартымен бірге тұрғылықты мекенжайын ұсынуы тиіс.
Байланыс ақпараты:
Юлия Алимкулова
Виза бөлімінің директоры.
WhatsApp: +7 (701) 360-02-16
Электрондық пошта: visa@kimep.kz
V қадам: Міндетті медициналық тексеруден өту
Алматы қаласындағы емханада міндетті медициналық тексеруден өтіп, келесі құжаттарды алыңыз:
- №075 нысанындағы медициналық анықтама (шамамен 4000 теңге);
- Өкпенің рентген суреті (шамамен 1500 теңге).
Жоғарыда аталған екі құжатты және вакцинация туралы анықтаманың көшірмесін КИМЭП Университетінің Медициналық орталығына тапсырыңыз.
VI қадам: Бағдарлау бағдарламасына (Orientation Program) қатысу
Міндетті Бағдарлау бағдарламасына (Orientation Program) қатысыңыз. Өткізу күндері кейінірек хабарланады.
VII қадам: Пәндерге тіркелу бойынша кеңес алу
Пәндерге тіркелу бойынша кеңес:
Бірінші курс бакалавриат студенттері – Студенттерді оқытуды қолдау орталығына хабарласуы қажет;
Студенттерді оқытуды қолдау орталығы
Валиханов ғимараты, 101-кабинет
Тел.: +7 (727) 270-42-68, +7 (727) 270-43-10
Электрондық пошта: advising@kimep.kz, salta@kimep.kz
Магистратура және докторантура студенттері – тиісті колледждің бағдарлама менеджерлеріне хабарласуы қажет.
VIII қадам: Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу
Қазақстанда мемлекеттік органдардан құжат алу, банк шотын ашу немесе банктік төлемдер жасау үшін Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) қажет. ЖСН алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (Марков көшесі, 44) барып, келесі құжаттарды алып келу қажет:
- Паспортыңыздың нотариалды куәландырылған орыс немесе қазақ тіліндегі аудармасы (оны КИМЭП маңындағы нотариустан шамамен 3000–4000 теңгеге рәсімдеуге болады);
- Жергілікті телефон нөмірі.
Халықаралық бөлім сіздерді Халыққа қызмет көрсету орталығына жеткізу үшін автобус ұйымдастырады, ал бадди-студенттер сіздермен бірге барып, өтініш беру барысында көмек көрсетеді.
Пайдалы сілтемелер
- Халықаралық бөлім: https://kimep.kz/diam/
- Студенттік мәселелер жөніндегі бөлім: https://kimep.kz/current-students/



