Халықаралық құқық бакалавриаты бағдарламасы мемлекетаралық қатынастарды, жеке және заңды тұлғалар арасындағы жеке қатынастарды, сонымен қатар түрлі құзірет өкілдері болып табылатын серіктестер арасындағы іскерлік қатынастарды құқықтық реттеу саласындағы жоғары сапалы білімді қамтамасыз етеді. Аталмыш білім мен дағдылар түлектерге мемлекеттік және жеке секторда, яғни мемлекеттік органдар, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарда, жеке компаниялар мен заң және консалтинг фирмаларында нәтижелі заңгер болу мүмкіндігін береді.
Бағдарламаның мақсаты:
- Кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы студенттерді мемлекеттік және жеке халықаралық қатынастар саласындағы құқықтық білімді талап ететін лауазымдарға дайындау:
- заңдар мен қаулыларды, әсіресе, азаматтық және кәсіпкерлік құқықта қолдану;
- ағылшын және орыс тілдерінде құқықтық құжаттарды, соның ішінде жарғылар мен қаулыларды жасау;
- басқа құқықтық жүйенің заңгерлермен байланыс және келіссөздер жасау;
- сотта және басқа да сот процестерінде клиенттердің мүддесін көрсету.
- Болашақ заңгер-ғалымдарға құқықтану саласындағы оқуын жалғастыруға, атап айтқанда, құқықтық зерттеу дағдыларын дамытуына негіз жасау.
- Студенттердің сыни және аналитикалық ойлауына ықпал етіп, олардың тілдік, техникалық, зерттеу және коммуникациялық қабілеттерін кеңейту.
- Кәсіби этика дилеммаларын шешуге мүмкіндік беретін кәсіби этика туралы түсінік қалыптастыру.
Халықаралық Құқық бакалавры бағдарламасының келесі оқу нәтижелері болып табылады:
- Меморандумдар, аналиткалық жазбалар мен басқа да аналитикалық құжаттар құрастыру арқылы халықаралық жария және жеке құқық негізінде заң мәселелеріне баға беру
- Қазақстанның ұлттық заң контексінде, талап арыздар мен басқа процессуалдық құжаттар құрастыру барысында халықаралық жария және жеке құқық нормаларын қолдану
- Ұлттық және халықаралық сот/ арбитраж органдарындағы келіссөздер мен процестерде клиенттерді көрсету
- Құқықтық позицияларды негіздеу барысында халықаралық сот практикасын жиынтықтау және қолдану
- Салыстырмалы құқықтық әдісті қолдана отырып халықаралық жария және жеке құқықтың дамуындағы үрдістерді болжау
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша түрде халықаралық жария және жеке құқықпен байланысты тақырыптарға айқын түсінік беру
- Заң жұмыстарын жеке және ұжымда орындау
Curriculum of BIL program 2020-2021 AY
Curriculum of BIL program 2019-2020 AY
БАКАЛАВРИАТ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ҚОСЫМША МАМАНДАНУ
Құқық мектебі басқа факультеттер студенттеріне құқықтану бойынша қосымша маманданудың екі түрін ұсынады: 1) құқық бойынша қосымша мамандану; 2) халықаралық құқық бойынша қосымша мамандану
Қосымша мамандандыру үшін студенттер 15 кредит алуы керек.
Халықаралық құқық бойынша қосымша мамандану | Кредиттер | ECTS | ||
Пререквизиттер | ||||
LAW3311 | Халықаралық жария құқық | 3 | 5 | |
LAW3312 | Халықаралық жеке құқық | 3 | 5 | |
Төмендегі тізімнен кез келген үш пән (9 кредит) | ||||
LAW4502 | ДСҰ құқығы/ Халықаралық сауда құқығы | 3 | 5 | |
LAW4503 | Еуропалық Одақ құқығы | 3 | 5 | |
LAW4504 | Халықаралық адам құқығының құқығы | 3 | 5 | |
LAW4514 | Халықаралық шарттар құқығы | 3 | 5 | |
LAW4515 | Халықаралық қылмыстық құқық | 3 | 5 | |
LAW4520 | Халықаралық жария құқық (тереңдетілген курс) | 3 | 5 | |
LAW4523 | Халықаралық институционалдық құқық / Халықаралық ұйымдар заңы | 3 | 5 | |
LAW4524 | Халықаралық қауіпсіздік құқығы | 3 | 5 | |
БАРЛЫҒЫ: | 15 | 25 |
Төлем Ақысы
Шәкіртақылар және гранттар
Қазақстандық және шетелдік студенттер үшін академиялық жетістіктері негізінде шәкіртақы немеес грант алуға көптеген мүмкіндіктер барю
КИМЭП Университетінде оқу барысында студенттер университет кампусында жартылай күндік жұмыс істеуге сұраным бере алады.
Шәкіртақы алаға сұраным бергіңіз келсе Қаржылық қолдау бөліміне хабарласыңыз.