Студенттік Орталық
Студенттік Орталық ҚМЭБИ қызметкерлері мен студенттеріне және қонақтарға арнап мәдени, әлеуметтік, көңіл көтеру және сабақтан тыс шараларды өткізумен айналысады, сонымен қатар клуб мәжілістерін өткізеді, фильмдер көруді ұйымдастырады, спектакльдер қояды, би кештерін, бос орын жәрмеңкелерін, өнер көрмелерін және тағы басқа көптеген шараларды өткізеді. Орталықтың қарамағында екі басты орын-жай бар: 565 адамға дейін сыятын акт залы және Фан-клуб, екеуі де концерттер мен кештер өткізуге арналған қажетті жабдықтармен жарақталған.
«Black & Brown» кофеханасы цокольды қабатта орналасқан және студенттердің ойын ойнап, жеңіл тамақтанып, сусын ішетін дем алатын бөлмесі ретінде қызмет етеді.
Әдеттегідей, Студенттік Орталық күзгі және көктемгі семестр уақытында сағат 9.00 ден 18.00 дейін ашық. Алайда, ерекше жағдайларда ол басқа уақыттта да жұмыс істеуі мүмкін.
Great Hall and Fun Club
Біздің байланыстарымыз:
Акт залын немесе Фан-клубты пайдаланғысы келетін студенттер Студенттік Орталықтың директоры Ольга Лимен +7 (727) 270 44 40 (ішкі 2315) телефоны немесе olgalee@kimep.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуы керек.
Акт залын немесе Фан-клубты пайдалануға тілек білдіруші сыртқы ұйымдар мен компаниялар Болысбеков Нұрланмен +7 (727) 237 47 55 (ішкі 2555) телефоны немесе nbolysbekov@kimep.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуы керек.
