Department of Quality Assurance and Institutional Research

Академиялық сапа және институционалдық зерттеулер бөлімі (АСИЗ) ҚМЭБИ президентіне тікелей бағыныста жұмыс істейтін құрылымдық бөлім болып табылады.

Бөлімнің мақсаты – ерекше назар мен жетілдіруді қажет ететін салаларды анықтайтын бағалау және бақылау әдістері арқылы академиялық сапаны қамтамасыз ететін және білім беру қызметінің тиімділігін нығайтатын жүйелерді дамыту.

Бөлім:

  • студенттер, түлектер мен олардың жұмыс берушілерінің пікіртерімдерін жүргізу арқылы ҚМЭБИ білім беру қызметінің сапасын қадағалайды және бағалайды
  • ҚМЭБИ аясында жоспарлау және шешімдер қабылдау үдерісіне қолдау көрсетіп, оқу процессінің жағдайын талдайды
  • ҚМЭБИ-дің жұмысы туралы сыртқы ұйымдарға сенімді ақпарат береді: мемлекеттік органдарға, ЖОО-ға, ЖОО-ны бағалау жөніндегі агенттіктерге, ұлттық және халықаралық аккредиттеу агенттіктерге және т.б.
  • отандық және халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасу және академиялық қоғамның ортақ стратегияларын белгілеу мақсатымен ынтымақтастықты нығайтады.

Бөлім институционалдық зерттеулер және бағалау қызметін 2005 жылдың қаңтар айынан осы саладағы халықаралық тәжірибелерді зерттеуден бастады. 2005 жылдың көктемінде ҚМЭБИ студенттері мен түлектері қанағаттанушылығының алғашқы пікіртерімдері өткізілді және ҚМЭБИ басшылығы мен қауымдастығына толық есеп беретін оқытушылық қызметті бағалау пікіртерімі тұрақты түрде енгізілді. 2005-06 оқу жылынан бастап мұғалімдер мен жұмысшылар қанағаттанушылығының пікіртерімдері енгізілді. Бөлім жыл сайын тұрақты негізде 7 пікіртерім және талап ету бойынша бірнеше пікіртерім  (оның ішінде жұмыс берушілер, 1 курс студенттері, талапкерлер, студенттердің ата-аналары мен тағы басқа мүдделі тараптар пікіртерімдері) өткізеді. АСИЗ бөлімінің пікіртерімдері ҚМЭБИ қауымдастығы мен барша қауымға «Пікіртерім нәтижелері» сілтемесінде қолжетімді.

Бөлім ҚР Білім және ғылым министрілігінің (ҚР БҒМ) ұлттық аккредиттеу орталығымен және Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігімен белсенді түрде қызмет етеді және осы  агенттіктер өткізетін ЖОО рейтингтеріне қатысу үшін ҚМЭБИ туралы сенімді ақпарат береді. ҚМЭБИ-дің білім беру бағдарламаларының жоғары рейтингі ұлттық және халықаралық дәрежелерде әлденеше рет дәлелденген – «Ұлттық және халықаралық ҚМЭБИ рейтингі».

Сонымен қатар бөлім Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті өткізетін ЖОО қызметінің мониторингі аясында тұрақты түрде тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп береді.

Бөлім ҚР БҒМ және рейтингтік агенттіктер өткізетін семинарлар мен конференцияларға тұрақты түрде белсенді қатысады.

2006 жылдың наурызында ҚМЭБИ  ҚР БҒМ-мен бірлесіп, жоғары оқу орындары ректорларының «Жоғары білім сапасын құру» атты республикалық конференциясын Білім және ғылым министрінің төрағалық етуімен өткізді.

Халықаралық тәжірибені ұстана отырып, 2006 жылдың көктемінен бастап АСИЗ бөлімі жыл сайын барлық мүдделі тараптарға ағымдағы және үш алдыңғы оқу жылдарын қамтитын Институт туралы негізгі ақпаратты беретін «ҚМЭБИ фактілер кітабын» шығарып келеді. Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Барлық басылымдар «ҚМЭБИ фактілер кітабы» сілтемесі бойынша қолжетімді.

Байланыс ақпараты