Маркетинг, коммуникация және әлеуметпен байланыстар бөлімі.
Маркетинг, коммуникация және әлеуметпен байланыстар бөлімі (МКӘББ) ҚМЭБИ-дің өз әріптестерімен, БАҚ және әлеуметпен өзара әрекеттестігіне қатысы бар барлық жұмыстарды үйлестіреді. МКӘББ белсенді әріптестік қатынастар және көптеген байланыс арналары арқылы ақпарат бере отырып, институт аясында және одан тыс жерде де әлеуметпен орнықты өзара қатынастарды дамытуға ұмтылады.
МКӘББ ҚМЭБИ брэндін әзірлеу және оны енгізу жауапкершілігін алады, сонымен қатар БАҚ-пен өзара әрекеттестікті және маркетингті қажет ететін басқа бөлімдермен бірлесіп жұмыс істейді. Барлық жарнамалық жарияланымдар мен жарнамаларды орнатуға аталмыш бөлім аясында басшылық жасалады. Бөлім ҚМЭБИ-де пайдаланылатын буклеттер мен флаерлердің, кітапшалардың құрылымын әзірлеумен айналысады.
Сонымен қатар МКӘББ жарнама бөлімі ролін де атқарады. МКӘББ ҚМЭБИ веб-сайтының мазмұны мен дизайнына басшылық жасайды, ҚМЭБИ-дің барлық жаңалықтар мақаласын дайындайды және сонымен қатар флаерлер мен ҚМЭБИ сандық ақпараттық бюллетеньдері арқылы әлеуметпен байланыстарға арналған материалдар таратуға басшылық жасайды.
Ресми сауалдармен қоса біршама толық ақпарат алу үшін бізге хабарласуларыңызды өтінеміз.
Біздің байланыстарымыз:
ҚМЭБИ
Абай даңғылы, 2, Кеңсе № 201
Алматы 050010, Қазақстан
Тел.: +7 (727) 270 43 15 , ішкі тел. 3170
Эл.адрес: gafhur@kimep.kz
