Спорт

 

Студенттер Институт аумағында орналасқан толығымен жинақталған спорт кешенін пайдаланады. Спорт кешенінде жаттығу залы, жабық баскетбол алаңы және кез-келген ауа-райына қарамастан ойнауға арналған ашық ауадағы футбол алаңы бар. Спорт кешеніне кіру және оны пайдалану барлық студенттер үшін тегін.

ҚМЭБИ спорт командалары әр түрлі спорт түрлерінен жергілікті, аймақтық және халықаралық жарыстарға қатысып, кейбір ішкі лигаларда ойнайды. ҚМЭБИ-де Қазақстан бойынша американдық футболдан жалғыз университеттік командасы («Титандар») құрылған.

Тұрақты апталық шараларға волейбол, спорт залындағы футбол, баскетбол, үстел теннисі және аэробика кіреді. Спорт кешенінің директоры студенттер мен оқытушылардың арасында тұрақты түрде жарыстар өткізіп тұрады.