Студенттік ұйымдар
Студенттік ұйымдар біздің студенттерімізге әсерлі шақтар қалдыруда өмірлік маңызды роль атқарады. Бүгінгі таңда ҚМЭБИ-де әр түрлі салаларда 30 дерлік студенттік ұйым тіркелген. Атап айтсақ, кәсіпкерлік, журналистика, дипломатия, пікірталастар, өнер, кино, театр, саясат, қолдау тобы, көңіл көтеру және қайрымдылық салалары. Студенттік шаралардың ішінде біршама әйгілісі – КТК және жыл сайынғы ҚМЭБИ Аруы / Сұлтаны сайыстары. ҚМЭБИ студенті бола отырып, Сіз тек өткізіліп жатқан шараларға қатысып қана қоймай, өзіңіздің сабақтан тыс мүдделеріңізді толығымен зерттеу үшін өзіңіздің жеке студенттік ұйымыңызды құруыңызға болады. Кейбір негізгі студенттік ұйымдардың сипаттамасы төменде келтірілген.



![]()



















Студенттер еркін кәсіпкерлікте (SIFE)
SIFE студенттерді шоғырландыру және осымен өзінің жеке әлеуетін аша отырып, басқаларға арнап экономикалық мүмкіндіктер жасау үшін құрылған. SIFE – ҚМЭБИ-де өзінің құрылған күнінен бастап көптеген білімдік, әлеуметтік және іскерлік жобаларды өткізген коммерциялық емес студенттік ұйым. Кейбір жобаларға жергілікті балалар үйімен жұмыс істеу кіреді, яғни жетім балалардың тамағы мен киіміне ақша жинау. Жыл сайын өткізіліп тұратын ҚМЭБИ Аруы сайысы SIFE жұмысын қолдау үшін ақша жинайды.
ҚМЭБИ Кино-бірлестігі
ҚМЭБИ студенттерінің аталмыш бірлестігі ҚМЭБИ барлық бірлестігінің арасында кино туралы ұғым мен білімді арттыру мақсатымен құрылған. Акт залында екі аптада бір рет көрсетілетін фильмдер әр түрлі жанрлар мен елдерді қамтиды. Көрсетуге арналған фильмдерді студенттер толығымен өздері таңдап алады. ҚМЭБИ қызметкерлері мен студенттер, сонымен қатар олардың қонақтары үшін көрсетілімге кіру тегін.
Дипломатиялық брифинг клуб
Клуб өзінің алдына студенттердің алған білімін өзінің болашақтағы мансабына қолдануды жеңілдету мақсатын қояды. Клуб студенттерді саяси және экономикалық жүйелермен, мәдениетпен және әр түрлі аймақтар мен елдердегі ағымдағы жағдаймен таныстыра отырып, әр түрлі елдер туралы олардың ұғымы мен білімін кеңейту үшін жұмыс істейді. Айына бір рет елшілер мен халықаралық ұйымдардың басқа да жоғары лауазымды тұлғалары ҚМЭБИ-ге студенттердің алдында сөз сөйлеуге шақырылады.
ҚМЭБИ ТАЙМС (КT)
ҚМЭБИ-дің тұрақты түрде шығарылып отырған газеті соңғы жаңалықтарды, барлық маңызды оқиғалардың негізгі сәттерін көрсете отырып, айқын, уақытында және қажетті ақпаратпен ҚМЭБИ жұртшылығы мен демеуші компанияларды хабардар ету үшін ашылған. КТ ҚМЭБИ туралы студенттердің пікірін, негізгі оқиғаларды, ҚМЭБИ, Қазақстан және жалпы алғанда дүние жүзі туралы тарихи оқиғалар мен жаңалықтарды жариялап отырады.
AIESEC
ҚМЭБИ өзінің аумағында Алматы аймағының барлық университеттеріне жұмыс істейтін AIESEC кеңселерінің орналасқанын абырой санайды. ҚМЭБИ-дегі AIESEC миссиясы – бейбітшілік орнату және қоғамға игілікті ықпал ету үшін көшбасшылықты көрсетудегі адамдық әлеуетті жүзеге асыру. AIESEC практикалық тәжірибе беретін халықаралық тағлымдамалар мен шаралар өткізіп, өзінің мүшелеріне арнап сабақ жүргізеді. Соңғы жылдары AIESEC Ресей, Белорусия, Латвия және тағы басқа елдерден келген мүшелерінің қатысуымен Жыл сайынғы ұлттық конференциясын өткізді.
Интеллектуалдық пікірталастар клубы
Клубтың негізгі міндеті – студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін ҚМЭБИ-де Пікірталас лигасын дамыту. Пікірталас клубы өте әйгілі және әр түрлі факультет студенттерінен құралған. ҚМЭБИ әкімшілігінің қолдауы барысында клуб тобы аймақтық және жергілікті ағылшын тілі сайыстарында бірінші орын алды. Алдағы жылдарда аталмыш клубты әрі қарай дамытып-нығайтуға еш күмән жоқ деуге болады.
ТИТАНДАР
Студенттердің арасында салауатты өмір салты мен американдық футболды дамыту.
Титандарды қолдау тобы
Әрбір Университетте көрермендердің өз командасын қолдауына ынталандыруға қабілетті топтың болуы қажет. ҚМЭБИ де бұл мәселеден шет қалған жоқ. Аталмыш клуб дамудың бастапқы сатысында тұрғанымен, ҚМЭБИ-дегі әр түрлі спорт сайыстары мен шараларына жанкүйер болып жүргендердің назарын аударатын болады. Клуб спорттық шараларды қолдау үшін құрылып, басқа университеттердің арасынан ҚМЭБИ-дің мәртебесін арттыруға өз үлесін қоспақ.
ҚМЭБИ ағылшын тілді театры (KELT)
Әрбір семестр сайын KELT Бродвейдің белгілі көрсетілімдерінің жаңа қойылымын дайындайды. Актерлер құрамы ҚМЭБИ-дің жергілікті, шетелдік студенттерінен, оқытушылар мен қызметкерлерден тұрады. Театр директоры Натан Флемин. KELT Қазақстандағы жалғыз ағылшын тілді театр. Театрдың кейбір көрсетілімдері – “Бродвейдегі кеш” және “Рождестволық гимн”. 2006 жылы KELT “Күлбикеш” спектаклімен Қазақстанның бірнеше қалаларында болып қайтты.
Createam
Ұйым шараларды ұйымдастыруға кепілдік беру, студенттік даму мен кампустағы студенттік өмірді байыту үшін құрылған.
Болашақ бизнесмендер тобы (FBG)
Ұйымның миссиясы ҚМЭБИ студенттерінің тек оқуда ғана емес, әлеуметтік өмірге де белсенді түрде қатысуын қолдап, ынталандыру болып табылады. Қайрымдылық, ақпараттық және сұхбаттық шараларға қатысу ҚМЭБИ-дің студенттік қоғамдастығының дамуына үлесін қосып, балалар үйіндегі балалар өмірін жарқын және анағұрлым қызықты етпек.
Халықаралық студенттер қауымдастығы (KISA)
Қауымдастық жергілікті және халықаралық студенттерге арнап шаралар ұйымдастырады.
КТК командасы
ҚМЭБИ әзілқой студенттер тобы бұрынғы КСРО-ның талантты студенттерінің дәстүрлі шоуына қатысады. ҚМЭБИ өзінің бастапқы даму сатысында тұр. Команда құрамына көпшілікпен тез тіл табыса алатын және әзілқой студенттер көптеп тартылуда.
Старосталар Қауымдастығы
Жатақхананы Институттың миссиясын орындау үшін Старосталар Қауымдастығы басқарады. Қауымдастықтың мақсаты – жатақхананың күнделікті тіршілігіне жәрдемдесу және қауіпсіздік жағдайларын күшейту. Старосталар кампустегі студенттердің барлық тіршілік әрекеттеріне жауап береді. Олар басқа студенттерге кампусте тұру ережесі, тұру ақысы, кампусте жұмысқа орналасу және басқа да мәселелеріне көмектесулері керек.
Студенттік Үкімет
Студенттік Үкімет студенттердің мүдделерін көрсетіп, дамытуға ұмтылады.
Жастар Парламенті
Жастар Парламенті Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылымы бойынша құрылған. Жастар Парламенті ҚМЭБИ студенттерін сайлау арқылы жасақталып, бірнеше комитеттермен, сондай-ақ үйлестіру және жұмыс топтарын кіргізген екі палатадан тұрады. Аталмыш бастаманың қозғаушы күші ҚМЭБИ студенттерінің Парламент проблемалары туралы толығырақ біліп, мемлекеттік басқару механизмдерін мұқият зерттеу ниетіне қызмет етті.
Қарындаш
Ұйым миссиясы – оқыту арқылы ҚМЭБИ студенттерінде өнер дағдыларын дамыту, қоғамдық жұмыс пен өнер салаларындағы материалдарды зерттеу.
PAAP
РААР міндеті – пайдалы тренингтер, қайырымдылық шаралары мен спорт жарыстарын өткізе отырып, студенттер үшін жылы шырайлы ортаны қалыптастыру.
ҚМЭБИ PIE
ҚМЭБИ PIE – информативтік және көңіл көтеру мазмұнындағы жаңа студенттік журнал.
ZOOM
ZOOM өзіне студенттік өмірге белсенді қатысуға ниет білдірген креативті энтузиастарды біріктіреді. Ұйым бөлімдер мен студенттік ұйымдарға жоғары сапалы фотографияларды ұсынып, олардың кәсіби дағдыларын дамытады.
Brand
Бұл ұйымның миссиясы - ән, би, теледидар жүргізушісі және модельдеу салаларынан ҚМЭБИ дарынды студенттерін табу.
ҚМЭБИ патриоттары
ҚМЭБИ-дің басқа университет студенттерінің, мектептің жоғары сынып оқушыларының арасындағы беделін көтеру, жастар ұйымдарымен байланыс орнату, шаралар өткізіп, жобалар дайындау.
evenT makerS
ҚМЭБИ дарынды студенттерінің қатысуымен ҚМЭБИ әкімшілік және студенттік ресми шараларды, концерттер мен салтанатты рәсімдерді ұйымдастыру. Әкімшілік пен қызметкерлердің біздің әншілерімізді, бишілерімізді және ҚМЭБИ-дің басқа да талантты адамдарын көрсету, сонымен қатар біздің Институтты көрсетуге арналған сыртттағы шараларға қатысу.
Қазақстанның болашақ көшбасшылары
Ұйымның миссиясы - халықаралық ұйымдармен және университеттермен ынтымақтастықта халықаралық семинарлар өткізу.
Business Incubator Group
Міндеті – бизнес жобаларды кәсіби деңгейде көрсету арқылы бизнес ортаны қалыптастыру.
Ferrum
Ferrum – спорттық ұйым, оның мақсаты студенттерді салауатты өмір салтына тарту және ортақ мүдделер клубын құру болып табылады. Сонымен қатар ұйым салауатты өмір салты тақырыбы бойынша сайыстар, жарыстар мен шаралар өткізеді.
ҚМЭБИ жануарларды қорғау қоғамы
Аталмыш ұйымның негізгі мақсаты – үйсіз жануарлардың проблемасын шешу және студенттердің оларға күтім жасауын қолдау.
Street Dance
R'n'B және Hip-Hop билеуге тілек білдіруші жаңа таланттарды табу. Жеке би бағдарламаларын жасап, концерттер ұйымдастыру.
Royal P.R.
Royal Production&Records – ҚМЭБИ-де талантты жастарды іздестіру мақсатын қойған ұйым, олардың сөз сөйлеу тепхникасын дамыту, музыка және өнердің басқа түрлерінің салаларында дамыту, сонымен қатар музыкамен байланысты салаларда қызығушылық танытқан студенттерді біріктіру, оларға арнаулы қызмет көрсету.
