Студенттердің әскери даярлығы
ҚМЭБИ-дің барлық студенттерінің институтта оқып жүрген кезінде белгіленген тәртіпте әскерлік қызметті кейінге қалдыруға құқығы бар.
ҚМЭБИ Қазақстан азаматтарының - бакалавриат студенттерінің 1-ші оқу жылынан бастап, тегін негізде әскери даярлығын қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда ҚР Қорғаныс Министрлігінің шешімі бойынша 2-курс бакалавриат студенттері бағдарламаны өтуге жіберілуі мүмкін. ҚМЭБИ магистратура студенттерінің әскери даярлығын қамтамасыз етпейді.
Әскери даярлық Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың,
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің әскери кафедраларының базасында көрсетілген жоғары оқу орындарымен бар келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Даярлық келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі:
• ВУС № 310101 «Әскерлердің ұрыс-шаруашылық іс-әрекеттерінің экономикасы және қаржылық қамтамасыз ету» (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ базасында);
• ВУС № 021001 «Мотоатқыштық бөлімдерді ұрыста қолдану» (Абай атындағы ҚазҰПУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында);
• ВУС № 042100 «Қарулы күштер бойынша қорғаныс-ракеталық батарея командованиесі» (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында);
• ВУС № 042100 «Қарулы күштер бойынша қорғаныс-ракеталық батарея командованиесі» (Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің базасында).
Оқу мерзімі - әскерлерде келесі оқу жиынын өтумен – 2,5 жыл. Сабақ, әдетте қыркүйектің бірінші сенбісінде басталып, сенбі күндері 8.30 дан 16.10 дейін өткізіледі. Белгіленген талаптарды дұрыс орындаған жағдайда студентке әскери-есеп мамандығына сәйкес «сержант» әскери атағы тағайындалады.
Әскери кафедрадағы сабақ өтуге арналған киім формасы – студент өзінің ақшасына сатып алуға тиіс ( камуфляж- күрте, шалбар және бас киім). Аяқ киім – қара немесе қоңыр түсті туфли немесе бәтеңке. Әскери жиын кезеңінде әскер бөлімдері студенттерді сәйкес формамен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
Келесі кез-келген әскери кафедралардағы оқу құны студенттің қалауы бойынша тегін негізде жүргізіледі:
• Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасында
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында
• Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің әскери кафедрасында
• Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің әскери кафедрасында
Әскери даярлықтан өтуге келесі талаптарды қанағаттандырған студенттер жіберіледі:
• тіркелген куәлігі немесе әскери билетінің болуы;
• әскери даярлықтан өтуге денсаулығының жарамдылығы;
• Алматы қаласы немесе Алматы облысындағы әскери комиссариаттардың бірінде тіркеуінің болуы.
Басқа жақтан келген студенттер өзінің алдыңғы тұрғылықты жері бойынша әскери есептен шығып, Алматы қаласында өзінің тіркелген жері бойынша әскери есепке тұруы керек.
Бағдарламаның талаптарын қанағаттандырған студенттер оған қатысу үшін белгіленген мерзімдерде ҚМЭБИ Студенттік Мәселелер жөніндегі Деканның Кеңсесіне келесі құжаттарды тапсырады:
• таңдап алған әскери-есеп мамандығы мен әскери кафедрасы көрсетілген өтініш;
• жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;
• тіркелген куәлігі немесе әскери билетінің көшірмесі.
ҚМЭБИ Студенттік Мәселелер жөніндегі Деканның Кеңсесіне сәйкес жоғары оқу орындарының әскери кафедраларымен бірлесіп, осы жоо-да бар ҚМЭБИ квоталарын есепке алумен студенттерге іріктеу жүргізеді.
Сабақ өтетін жер:
• Абай атындағы ҚазҰПУ әскери кафедрасы – Орталық мәдениет және демалыс саябағы, стадионның жанында;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасы – ҚазМУ қалашығы аумағында;
• Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ әскери кафедрасы – Алтынсарин көшесі 7А, Шаляпин және Жандосов көшелерінің арасы;
• Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің әскери кафедрасы – Байтұрсынов көшесі 160, Тимирязев көшесімен қиылысында.
Біршама толық ақпарат алу үшін хабарласуларыңызды өтінеміз:
Айнұр Әшірметова, атқарушы ассистент
Студенттік Мәселелер жөніндегі Деканның Кеңсесі
Email: provost@kimep.kz
Тел.: +7 (727) 270 42 08 (внут. 2010)