Медициналық Қызмет Көрсету
Алғашқы дәрігерлік жәрдем, тексеру, вакцинация, егу, физиотерапия, ЭКГ, дәрігерлік ақпарат.
Медициналық талаптар
Тіркелу үшін:
• Жаңадан түскен студенттерге: дәрігерлік анықтама (086-у), егу картасы, рентген нәтижелері.
• Рентген Алматының бірқатар клиникаларында жасалуы мүмкін.Қосымша ақпарат алу үшін Медицина Орталығына хабарласуларыңызды өтінеміз.
Сырқаттануына байланысты сабақты босатқан студенттерге сабаққа келгеннен кейін
14 күннің ішінде Медицина Орталығына дәрігерлік анықтаманы көрсетулері керек. Медицина Орталығы анықтаманы растағаннан кейін студент сабағын босатқан оқытушыға анықтаманы көрсетеді.
Жұмыс сағаттары:
Дүйсенбі – Жұма, 8.00 - 20.00
Сенбі, 9.00 - 14.00
Байланыс ақпараты
Пошта адресі:
Медицина Орталығы
Абай даңғылы, 4
ҚМЭБИ жатақханасының ғимараты
Алматы 050010
Телефон: +7 (727) 270 43 17
Эл.пошта: medical@kimep.kz
Дәрігерлік анықтамалар
1. Дәрігерлік анықтамалар ТЕК студенттің емтихан тапсыратын күнді, тапсырманы, жобаны орындайтын күнді босатқан, сабаққа немесе конференцияға қатыспаған күніне ғана беріледі. Медицина Орталығының қызметкерлері студентті тексеру және денсаулық күйін кәсіби бағалау негізінде анықтама жазып береді.
2. Дәрігерлік анықтамалар өткен күнгі ауруға жазылмайды (мәселен, өткен күнге демалыс күні жазылған анықтама және т.б.).
3. Дәрігерлер мен медбикелердің студентті емтихан немесе жоба тапсырудан босатуға құқығы жоқ. Ақырғы шешімді профессор, кафедра және/немесе факультет қабылдайды.
4. Дәрігерлік анықтамаларды жеке меншік клиникаларда, жедел көмек бөлімдері мен ауруханаларда дәрігерлік персонал бере алады, бірақ мынаны ұмытпаңыздар, осындай қызметі үшін белгілі бір ақы алынуы мүмкін. Емдеуді Медицина Орталығында өтпеген жағдайда аталмыш мекемеден анықтама алуыңызды өтінеміз, өйткені Медицина Орталығы басқа поликлиникалар үшін анықтама жазып бермейді.
5. Егер Медицина Орталығы жабық болса, онда дәрігерлік анықтама берілмейді. Өзіңіз емтихан тапсыратын немесе сабағыңыз болатын күні қаралу үшін ертерек келуіңізді өтінеміз.
Аталмыш талаптардың бір-бір даналары әрбір оқытушы мен кафедраға, Студенттік мәселелер жөніндегі ассоциативті деканға жіберілді.
Пайдалы сілтемелер:
• Алматыдағы поликлиникалардың тізімі
• Жаңадан түскен студенттерге арналған нұсқаулық Ағылшынша /Орысша
• Халықаралық студенттерге арналған медициналық форма
