Жатақхана

 

Жатақхана Алматының орталығында, ҚМЭБИ-дің аумағында қолайлы жерде орналасқан; оған бірлесіп пайдаланатын ұлдар мен қыздардың бөлмесінде тұратын 424 студент толығымен сыяды. Бөлмелер төрт қабатқа орналасқан. Барлық бөлмелерде үстелдер, телефон және тоңазытқыш бар. Бір жуынатын бөлме төрт тұрғынның пайдалануына есептелген.
     Жатақханада тұратындарға сегіз ас бөлмесі, үш кір жуатын бөлме, 33 компьютер тұрған екі компьютер залы, ТВ-бөлме, DVD-бөлме, асхана және шаштараз қызмет көрсетеді. Әрбір қабатта сымсыз Интернет қосылған оқу бөлмелері орналасқан. 
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жатақханада аптасына жеті күн, тәулігіне жиырма төрт сағат қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жұмыс істейді. Сонымен қатар мұнда оқуға қатысты, жеке сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беретін кеңесші жұмыс істейді. Әр жыл сайын жатақхана тұрғындары өздерінің курстастарының ішінен төрт адамнан тұратын тұрғын үй мәселесі бойынша Ассистенттер Кеңесін сайлайды. Кеңес әкімшілік пен студенттердің арасындағы байланыстырушы буын ретінде жұмыс істеп, жатақхана тұрғындары үшін әр түрлі қоғамдық және спорт шараларын өткізеді.

Төмендегі кескінді ұлғайту үшін, оны басыңыз:

Жатақхана үлкен сұранысқа ие болғандықтан, Студенттерді Қаржылық Қолдау бөлімі бөлмелерді бөлумен  айналысады. Дене мүмкіндігі шектеулі студенттер мен отбасы Алматыдан алыс тұратын студенттерге басымдық беріледі.
 Жатақханадан орын қалай бөлінеді және оған өтінішті қалай беруге болатындығы туралы біршама толық ақпаратты Студенттерді Қаржылық Қолдау бөлімі бетінен қараңыз.

2009-10 оқу жылына жалгерлік ақы:

Бөлменің тұрпаты 

Жалгерлік ақы (тг / айына)

Телефоны бар стандартты бөлме

9 273

Жөндеуден кейінгі бөлме

11 442 - 14 322

Жатақхана туралы біршама толық ақпаратты алу үшін

жатақхана директоры Зүлфият Әлмұқановаға хабарласуларыңызға болады:
E-mail: zulfiyat@kimep.kz   
Тел.: +7 (727) 237 47 71 ішкі 1246