ҚМЭБИ Бакалавриатының Бағдарламалары
![]() |
Қазақстанның болашақ іскер көшбасшыларына арнап әзірленген іскер әкімшілдік және бухгалтерлік есеп салаларындағы бакалавриат бағдарламасы өзінің студенттерін жергілікті және Қазақстандағы халықаралық бизнес-компаниялардың шұғыл өзгеріп отыратын қажеттіліктерін жылдам өтейтіндей етіп дайындайды. |
![]() |
Экономика саласындағы бакалавр Экономика саласындағы бакалавриат бағдарламасы өзінің студенттерінің жергілікті және Қазақстандағы халықаралық компаниялардың сұраныстарына жауап бере алатындай етіп даярлайды. Оқу жоспары студенттердің тек экономика саласында ғана емес, құқық, қаржы, бизнес және мемлекеттік саясат салаларында да жұмыс істеу үшін іргелі білімді ала алатындай етіп әзірленген. |
![]() |
Мемлекеттік басқару саласындағы бакалавр Мемлекеттік басқару саласындағы бакалавриат бағдарламасында студенттер мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда, сондай-ақ бизнес ұйымдарында әрі қарай пайдалану мақсатымен теориялық және практикалық білімді игеретін болады. Мемлекеттік басқару саласындағы дәреже бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өздерінің жеке мансаптық мүдделеріне байланысты оларға кез-келген осы салада еркін бағдар алуына мүмкіндік береді. |
|
Халықаралық журналистика саласындағы бакалавр Халықаралық журналистика саласындағы бакалавриат бағдарламасы студенттерге БАҚ индустриясының есігін айқара ашады. Журналистика және БАҚ саласынан құнды практикалық тәжірибе жинақтау үшін студенттерге арнаулы медиа-зертхана жабдықталған. Аталмыш бағдарламада студенттер әлемнің кез-келген түкпірінде халықаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамыта алады. |
![]() |
Саясаттану және Халықаралық Қатынастар бойынша Әлеуметтік Ғылымдар Бакалавриаты Бағдарламасы (BSS) Саясаттану және Халықаралық Қатынастар бойынша Әлеуметтік Ғылымдар Бакалавриаты Бағдарламасы - американдық стандарттарға негізделген, кең көлемді гуманитарлық ғылымдар бағдарламаларының контекстіндегі дүние жүзілік саясат пен халықаралық жүйелерді зерттеудегі даярлықты ұсынатын төртжылдық бағдарлама. |
Бағдарламалар туралы біршама толық ақпаратты Қабылдау Комиссиясы мен Ақпараттық Орталықтың веб-беттерінен табуға болады.
ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламаларында оқу
ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламалары мектеп бітірушілерге арналған. Оның негізінде кредиттік жүйе қолданылады, оның басты артықшылығы икемділік болып табылады, соның нәтижесінде студенттер өздерінің айрықша мүдделері мен мансаптық амбицияларын есепке ала отырып, өзінің сабақ кестесін өзі құрастыруына болады. Сонымен қатар кредиттік жүйе өзіңізге қолайлы қарқында оқуыңызға мүмкіндік береді. Мәселен, бакалавриат бағдарламасы әдетте төрт жылдың ішінде аяқталатынына қарамастан қажет болған жағдайда оқу мерзімін ұзартуға болады.
Бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары аясы өте кең. Дәреже алу үшін қажетті 129 кредиттің 48 кредиті математика, жаратылыс тану ғылымдары, сындарлы ойлау бойынша білім беріп, сонымен қатар табысты мансаптық даму үшін қажетті жазу дағдыларына үйретеді. Бұдан басқа студенттер таңдап алған мамандандыруда ауқымды білім алып, өзінің мүдделеріне сәйкес кез-келген пәнді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Бакалавриат студенттерінің көпшілігі өзінің кафедрасынан қосарлы мамандандыруды алуына немесе өз білімін одан әрі кеңейту үшін факультеттің басқа кафедрасынан қосымша мамандандыруды алуына болады. Көптеген бағдарламаларда сіз мамандандырусыз оқуды таңдауыңызға болады, ол сізге элективтік пәндерді таңдауыңызға үлкен еркіндік беріп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың анағұрлым кең мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
ҚМЭБИ бакалавриатының көптеген бағдарламаларының ажырамас бөлігі студенттік практика болып табылады. Практика студенттерге нақты жағдайларда теориялық білімдерін қолдануларына мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде студенттер институтты бітірмей тұрып ақ құнды практикалық тәжірибе алатын болады. Бұдан басқа практика студенттерге болашақта әлеуетті жұмыс берушілермен байланыстарын жөнге салып, олардан қол үзбеуге мүмкіндік береді.
ҚМЭБИ бакалавриат бағдарламаларының барлық студенттеріне арнаулы кеңес беру орталықтарының қолдауын көрсетеді, орталық қызметкерлері студенттерге оқу бағдарламасы мен болашақ мансаптық қызметті таңдауына қатысты маңызды шешімдер қабылдауына көмектеседі.





