ҚМЭБИ Магистратурасының Бағдарламалары
![]() |
Жоғарғы басшы құрамға арналған іскер әкімшілдік магистрі («Executive MBA») «Жоғарғы басшы құрамға арналған іскер әкімшілдік магистрі» бағдарламасы компания басшыларын қатаң бәсекенің қазіргі жағдайларындағы қиындықтарды жеңе білуге дайындайды. Бағдарламаны Солтүстік Американың академиялық стандарттарына сәйкестіктегі әлемдік деңгейдегі оқытушылар өткізеді. |
|
Іскер әкімшілдік магистрі (MBA) Бағдарлама шешімдер қабылдайтын мамандарды (менеджерлер мен кәсіпкерлерді), жоғары кәсіби іскер көшбасшыларды даярлау үшін әзірленген. Біздің түлектеріміз МВА бағдарламасының табыстылығының тамаша дәлелі болып табылады. Олардың көпшілігі Қазақстанда және одан тысқары жерлерде анағұрлым табысты іскер кәсіпорындардың басшылары болды. |
![]() |
«Экономика магистрі» орталық-азиялық аймақтағы экономика саласындағы жетекші магистратура бағдарламасы болып табылады. Оқу жоспары студенттердің тек экономика саласында ғана емес, құқық, қаржы, бизнес және мемлекеттік саясат салаларында да жұмыс істеу үшін іргелі білімді ала алатындай етіп әзірленген. |
![]() |
Мемлекеттік басқару магистрі (MPA) MPA бағдарламасы мемлекеттік қызметтің әр түрлі секторлары үшін көшбасшыларды даярлауды жүзеге асырады. Пәнаралық бағдарлама студенттерге менеджмент, бағдарламаларды талдау және бағалау, сонымен қатар мемлекеттік саясатты әзірлеу жәәне талдау салаларындағы білімнің бірегей үйлесімін ұсынады. |
![]() |
Халықаралық құқық магистрі (LLM) «Халықаралық құқық магистрі» бағдарламасы халықаралық заңды мәмілелермен жұмыс істейтін юриспруденция және бизнес салаларында тәжірибе алушы мамандарға арнаулы білім мен түсінік береді. Аталмыш бағдарлама халықаралық құқықпен тікелей байланысты бірқатар пәндердің көмегімен халықаралық заң білімі мен практикасы саласында мықты негіз береді. |
![]() |
Ағылшын тілін оқыту магистрі (MA in TESOL) «Ағылшын тілін оқыту магистрі» бағдарламасы шетел тілдерінің жоғары білікті оқытушыларын дайындайды. Аталмыш бағдарлама студенттер үшін өзінің халықаралық оқытушылар құрамының, ұсынатын курстарының, зерттеулер мен практикалық сабақтар жүргізу тәжірибесінің нәтижесінде бірегей мүмкіндіктер ұсынады. |
![]() |
Халықаралық журналистика және БАҚ саласындағы магистр (MAIJMC) MAIJMC бағдарламасы сізге аймақта жоқ дерлік жақсы жабдықталған медиа-зертханасымен қолдау көрсетіліп отырған баспасөз, теле-радио хабарларын тарату және интернет-журналистика салаларындағы практикалық дағдыларыңызды дамытуға мүмкіндік береді. Бағдарламада осы кәсіптердің практикалық аспектілерін күшейтетін әлеуметпен байланыстар және БАҚ бойынша таңдаулы озық курстар қарастырылған. |
![]() |
Халықаралық қатынастар магистрі (MIR) MIR бағдарламасы дипломатиялық корпустағы, халықаралық ұйымдардағы, шағын ұлттық корпорациялардағы, білім беру саласындағы, сонымен қатар үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардағы позицияларда халықаралық мәселелер бойынша жұмыстарда өзіне көшбасшылық ролін алуға даяр кәсіби мамандар мен ғалымдарды дайындауға арналған. |
Аталмыш бағдарламаларға қалай түсуге болатыны жөніндегі ақпаратты Қабылдау Комиссиясы мен Ақпараттық Орталықтың веб-беттерінен табуға болады.
ҚМЭБИ магистратурасы бағдарламаларында оқу:
Магистр дәрежесі белгілі бір салада өз білімдерін дамытуға мүмкіндік беріп, жоғары біліктілікті бекіту болып табылады. Халықаралық компаниялар жұмысқа батыстық үлгідегі үміткерлерді алады, бұл ҚМЭБИ магистрі дәрежесінің иегері үшін басқа түлектер үшін жоқ мансаптық мүмкіндіктерге ие дегенді білдіреді. Магистратурада оқу жұмысқа орналасу перспективасы мен қызмет бабында көтерілуге мүмкіндік береді.
ҚМЭБИ магистратурасы бағдарламаларында оқу ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіліп, барлық бағдарламалардың негізінде американдық үлгідегі кредиттік жүйе қолданылады, оның артықшылығы өзіңіздің жеке талаптарыңызға сай оқу жоспарын құрастыру мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар аталмыш жүйе өзіңіз үшін қолайлы қарқында оқуға мүмкіндік береді. Мәселен, ҚМЭБИ магистранттары бағдарламалардың ерекшеліктеріне қарай 36 дан 63-ке дейінгі кредиттерді өтеді де әдетте екі жыл ішінде бағдарламаны аяқтайды. Алайда кредиттік жүйе үлкен икемділіке ие: егер сіз біршама баяу қарқынмен оқығыңыз келсе онда оқу мерзімін бес жылға дейін ұзартуыңызға болады.
Сәйкес салалардағы ҚМЭБИ бакалавриатын бітірген студенттер магистратура бағдарламасының он пәніне дейін (30 кредит) ауыстыруына болады, ол оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, егер сіз ҚМЭБИ-де бакалавр және магистр екі дәрежесін алуға бел байласаңыз, онда мұны бес жылдың ішінде істеуге болады. ҚМЭБИ студенттеріне арналған қарқынды оқыту бағдарламалары туралы біршама толық ақпаратты Қабылдау Комиссиясы мен Ақпараттық Орталықтың веб-беттерінен табуға болады.
ҚМЭБИ магистратура бағдарламаларының барлық студенттеріне арнаулы кеңес беру орталықтарының қолдауын көрсетеді, орталық қызметкерлері студенттерге оқу бағдарламасы мен болашақ мансаптық қызметті таңдауына қатысты маңызды шешімдер қабылдауына көмектеседі.








