ҚМЭБИ-ге түсім

 

ҚМЭБИ ТМД елдері үшін бірегей жоғары оқу орыны болып табылады. Ол өзінің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен, озық заманауи материалдық-техникалық базасымен және жарқын оқу жағдайымен; Қазақстандағы солтүстік американдық үлгідегі басты және аса ірі жоғары оқу орыны болып табылатындығымен; институт бағдарламаларының студент ретіндегі сіздерге, демек өзіңіздің оқудағы және мансаптық мақсаттағы талаптарыңызға анағұрлым дәлме-дәл сәйкес келетін оқу бағдарламасын қадағалау еркіндігін ұсынатындығымен бірегей деуге әбден болады.

ҚМЭБИ-дің академиялық дәрежелерді берумен барлық бағдарламалары АҚШ-тың кредиттік жүйе үлгісіне құрылған, ол Сізге өзіңіздің жеке қалауыңызда оқуға мүмкіндік береді. Егер сіз өзіңіздің мансаптық талпыныстарыңызды өзгерткіңіз келсе, онда өзіңіздің алған кредиттеріңіз ҚМЭБИ-дің дәреже тағайындаумен басқа бағдарламаларына есептелінетін болады.

ҚМЭБИ студенттер туралы аса маңызды қамқорлық ісінің жолын ұстанған Институт болып табылады. Сіздің институт қабырғасына алғаш келген күніңізден бастап, оны бітіріп шыққанға дейін Институттың профессор-оқытушылар, әкімшілік және қосалқы құрамы Сізге оқудағы табыстарға қол жеткізуіңіз үшін үнемі қолдау көрсетіп отырады. Сіз өзіңіз қандай мансаптық сатыңызда тұрсаңыз да, өмірдегі мақсатыңыз қандай болса да ҚМЭБИ-дің сізге ұсынары көп.

ҚМЭБИ-ді неліктен таңдау керектігінің он себебі:

  • Еліміздің қалыптасқан күнінен бастап, үздік білім беру дәстүрінің бір бөлігіне айналу
  • Оқу мен оқытудың жаңартылған инфрақұрылымы мен озық заманауи технологиялары  жағдайында тамаша білімдік тәжірибе алу
  • Ұйымдарда жұмыс істеп, оларды басқару үшін маңызды білім мен дағдыларға ие болу
  • Халықаралық қатынастың маңызды құралы – ағылшын тілін еркін игеру
  • Күшті отандық және халықаралық атақты жоғары оқу орнында оқу: ҚМЭБИ ТМД елдерінің барлық жоғары оқу орындарының арасынан батыстық үлгідегі жоғары академиялық дәрежеге ие болған оқытушылардың санының көптігін мақтан етеді
  • Әлемдік деңгейдегі оқытушылардан білім алу
  • Халықаралық білімдік қауымдастықтың бір бөлігі болу: бүкіл дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарлы университеттермен әріптестік және бағдарлама алмасудың кең  ауқымымен танысу мүмкіндігін алу
  • Аудиториядан басқа жерде тұлғалық даму үшін оқудан тыс көптеген мүмкіндіктерді пайдалану
  • Оқу бітіргеннен кейін тамаша мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізу: ҚМЭБИ-ді бітірушілердің 95 пайызы оқу бітіргеннен кейін үш айдың ішінде жетекші отандық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналаса  алады
  • Бүкіл өмір бойына Жұмысқа Орналастыру және Мансаптық қызмет Орталығының қолдауына ие болу