Президент Құттықтауы

 

Чан Йанг Бэнг, PhD
ҚМЭБИ Президенті

 

″ТМД аймағы университеттерінің арасында ҚМЭБИ өз студенттері үшін, жұртшылық және жалпы алғанда бүкіл Қазақстан үшін академиялық сапа орталығы болып табылады. Осыдан 15 жыл бұрын Президент Н. Ә. Назарбаев экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүргізу үшін батыстық үлгідегі білімдік жүйеге өскелең талаптың туып отырғанын ескеріп, өзінің көтерген бастамасымен ашылған  шағын институт бүгінгі таңда бүкіл әлемге әйгілі жоғары білім ордасына айналды.

Біздің міндетіміз – орталық-азиялық аймақта іскер әкімшілдік, әлеуметтік ғылымдар және қоғамдық-пайдалы қызмет салаларында оқыту арқылы өмір сапасын жақсарту үшін жоғары білімді азаматтарды даярлау, бірақ бұл жағдайда ҚМЭБИ білімдік дәрежелерді тағайындайтын жай ғана жоғары оқу орыны емес. ҚМЭБИ – бірегей интеллектуалдық қалыппен бакалавриат және магистратура деңгейлерінің көкейкесті білімдік бағдарламаларын көрсететін жоғары сапалы оқу орыны.

Біздің түлектеріміз ең тұтқалы отандық және халықаралық фирмалар мен ұйымдарға жұмысқа қабылданып, орталық-азиялық аймақта, сондай-ақ дүние жүзінің түпкір-түпкірінде қызмет  етуде.

ҚМЭБИ жоғары академиялық сапа бағдарламаларын ұсына отырып, қалыптасқан дәстүрлерді  ұстануда. ҚМЭБИ өзінің жеткен жетістіктерін мақтан етіп, болашақта одан да үлкен табыстарға жетуді көздейді. Бүгінгі таңда біз университетті толығымен аккредиттеу үшін үміткер мәртебесін алуға өтініш беру рәсімінде тұрмыз. Біз үшін бізді АҚШ-тың  білім ұйымдарымен деңгейлес тұрғанымызды мойындау үлкен абырой болмақ.

ҚМЭБИ Қазақстанды экономикалық жаңартуда ерекше маңызды роль атқарды. Біз Қазақстанның саяси іскер құрылымдарында көптеген көшбасшыларды даярлап, болашақ көшбасшылар буынын дайындау, қатарын көбейту үшін әлемдік деңгейдегі білімді  беруге барлық мүмкіндігімізді жұмсаймыз. Қазақстанның мемлекет ретінде дамуына үлесін қоса отырып, ҚМЭБИ өз студенттерінің, оқытушыларының және Институт аумағына аяқ басқан барлық тұлғалардың  талаптарына, қажеттіктеріне бейімделетін болады. ҚМЭБИ қазақстандықтар мақтан тұтатын Қазақстан халқына тиесілі оқу орыны болып табылады.″

Біздің байланыстарымыз:

Президент Кеңсесі, ҚМЭБИ
Абай даңғылы 2, 102-кеңсе
Алматы 050010
Қазақстан

Тел: +7 (727) 270 42 00 / 04
Факс: +7 (727) 270 42 33