Халықаралық Қатынастар Бөлімі

 

Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде өзінің құрылған күнінен бастап ҚМЭБИ халықаралық академиялық қоғамдастықта танып-мойындалды. Аймақ үшін бірегей оқу бағдарламасымен бірге ҚМЭБИ студенттер мен оқытушыларға халықаралық қатынастар бөлімі ұсынған бағдарлама арқылы өз білімі мен тәжірибесін тереңдету мүмкіндігін ұсынады.  
Біз жазғы кезеңде оқытушы және мәдени, бірлескен академиялық және ғылыми- зерттеулер бағдарламаларын, сонымен қатар әр түрлі шәкіртақылық бағдарламаларды ұсынамыз. Біздің бөлімнен студенттер мен оқытушылар халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алуларына болады. Біз студенттерге арнап бір немесе екі семестр бойы ҚМЭБИ-дің әріптес университеттерінің бірінен оқу және қосарлы диплом алу мүмкіндігін ұсынамыз.    
Егер сіз жаңа білім мен әр түрлі елдердегі әріптестеріңізбен, құрдастарыңызбен баға жеткісіз қарым-қатынас жасау тәжірибесін алғыңыз келсе, халықаралық нарықта жеңіл бағдар ұстанғыңыз келсе, өз біліктілігіңізбен ерекшеленіп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болғыңыз келсе  онда бұл мәселелер бойынша сізге ҚМЭБИ халықаралық қатынастар бөлімі көмектесетін болады. Бүгінгі таңда ҚМЭБИ дүние жүзі бойынша 60 тан аса әріптес университеттермен ынтымақтасып жұмыс істейді. Біздің әріптестеріміздің қатарына Массачусетс Университеті (АҚШ), Амстердам Университеті (Голландия), Бас Университеті (Ұлыбритания), Люнд Университеті (Швеция), Сеул Ұлттық Университеті (Оңтүстік Корея), Орхус Университеті (Дания) сияқты дүние жүзіне әйгілі университеттер кіреді. Осы жоғары оқу орындарымен ынтымақтасып жұмыс істеген жылдар ішінде біз әр түрлі бағыттар бойынша (қосарлы диплом, алмасу бағдарламасы, шетелдік тәжірибе) өз мүмкіндіктерімізді дамытып, тереңдете түстік. Жыл сайын әріптестердің саны артып, біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз үшін қосымша мүмкіндіктер таңдауын ұлғайтуда.

ҚМЭБИ-дің әріптес университеттерінің толық тізімін мына жерден қараңыз