Атқарушы Вице-Президент

 

M.H. Rahman, PhD
Executive Vice President

 

ҚМЭБИ – жоғары білікті оқытушыларының, қазіргі заманғы үлгідегі ғимаратының және жанды оқу ортасының болуымен ерекшеленетін ТМД елдерінің ішіндегі бірден-бір бірегей мекеме. ҚМЭБИ Қазақстандағы американдық үлгідегі аса ірі университет болып табылады. Институт өзінің бағдарламаларын студенттерге өз мүдделері мен мансаптық мақсаттарына біршама лайықты болып келетін оқу бағдарламаларын таңдау еркіндігін беретіндей етіп құруды көздейді.

Соңғы бірнеше жылдар ішіндегі ҚМЭБИ-дің елеулі жетістіктері Қазақстан мен Орталық Азиядағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерде көшбасшылық позицияларды алу үшін студенттерді даярлауда ынталы жұмыс істеп жүрген Институт оқытушылары мен қызметкерлеріне тиесілі. ҚМЭБИ баклавриат пен магистратураның бірқатар кең көлемді бағдарламаларын, сонымен қатар іскер әкімшілдік, әлеуметтік ғылымдар және халықаралық құқық салаларында кәсіби даму бағдарламаларын ұсынады. Бұған қосымша біз басшыларға арналған бірқатар бағдарламалар мен қашықтан оқыту порталы арқылы онлайн курстарын ұсынамыз. Осы бағдарламалардың бірінде оқығаныңыз Сізге өз пәніңізді, зерттеу салаңызды жақсы ұғынуға, сындарлы ойлау, коммуникациялық және аналитикалық дағдыларыңыз бен 21 ғасырдағы жұмыс берушіге қажетті басқа да маңызды қасиеттеріңізді дамытуға көмектеседі.

Академиялық бағдарламалардың икемділігі мен өскелеңдігі, сонымен қатар кәсіби қызметкерлердің күш салуының нәтижесінде ҚМЭБИ өзін аймақтағы жоғары білім берудегі көшбасшы институт ретінде танытты. Халықаралық мойындалған профессорлар мен зерттеушілердің командасымен бірге біз осы дәстүрлерді жалғастыруға жақсы дайындықтамыз деп айтуға болады.

ҚМЭБИ өзінің академиялық байланыстарымен, бүкіл дүние жүзінің барлық университеттерімен алмасу бағдарламаларының болуын және ынтымақтастығын мақтан етеді. Бұл бағдарламалар біздің келешегімізді кеңейтіп, академиялық бағдарламаларымызды халықаралық нормалармен теңбе-тең тәртіпке келтіруге мүмкіндік берді.

ҚМЭБИ – студенттер басым роль атқаратын мекеме. Біз Сіздермен алғашқы сабақтарыңыз басталған сәттен бастап, Институт қабырғасынан шыққанға дейін бірге болуды қалаймыз. Талпынған талаптарыңыз қандай болса да, ҚМЭБИ - Сіздің өміріңіздегі ең таңдаулы шешіміңіз болатыны сөзсіз.

Бізбен хабарласу