Әкімшілік

 

ҚМЭБИ әкімшілік қызметкерлер құрамы 500 адамнан асады, олар әрдайым студенттерге көмектесіп және институттың үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге дайын. ҚМЭБИ әкімшілігі 70-тен аса бөлімдерден, кеңселерден және комитеттерден тұрады, ол аумақты тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізуден бастап, қаржы мәселелерін шешу, ережелер мен талаптар әзірлеуге дейінгі әр түрлі жұмыстарды атқарады. ҚМЭБИ әкімшілігінің құрылымы мен  міндеттері ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесі және  Атқарушы Комитет  басшылығымен Жарғыға сәйкес анықталады.

ҚМЭБИ Президенті және негізін салушы - Чан Йан Бэнг, PhD. Президент Кеңсесінің қызметкерлері ҚМЭБИ қызметкерлері мен студенттеріне, сонымен қатар басқа мекемелердің өкілдері үшін доктор Бэнг өкілдері рөлін атқарады. Президент кеңсесіне бірнеше бөлімшелер қарайды, яғни  Корпоративтік Даму Департаменті, сапа бақылауы және институционалдық зерттеулер бөлімі, сонымен қатар басқа мекемелерге ұсыныстар беретін Орталық Азия бойынша Консалтингтік Агенттік.

Президент жоқ болған кезде, ҚМЭБИ күнделікті қызметін Хабиб Рахман, PhD, атқарушы вице-президент жүргізеді.

ҚМЭБИ және оның әкімшілігі туралы толығырақ мәлімет алу үшін сілтемелермен келесі беттерге көшіңіз.