Тіркеу бөлімі
Тіркеу бөлімі жұмысының мақсаты студенттердің ҚМЭБИ табалдырығын аттаған сәтінен бастап, институт қабырғасынан бітіріп шыққанға дейінгі сәйкес түрде есепке алу жазбаларын жүргізу арқылы олардың академиялық тұрғыдағы ілгері қадамдарын ынталандырудан тұрады.
Тіркеу бөлімінің жұмысына пәндерге тіркеу бойынша тиімді қызмет көрсету; студенттерге, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерге нақты академиялық ақпарат беру; академиялық тәртіп пен рәсімнің сақталуына бақылау жасау; студенттер туралы дәлме-дәл және құпия есепке алу жазбаларын жүргізу, сонымен қатар қажет болған жағдайда академиялық мәліметтер туралы сертификатталған құжаттамалар беру кіреді.
