Оливье Жискар д'Эстан атындағы кітапхана
Оливье Жискар д'Эстан атындағы кітапхана өзінің келушілеріне аптаның жеті күні жергілікті және ғаламдық ақпараттық ресурстарға ашық қолжетімділікті ұсынады. Электрондық ресурстарды компьютерлермен және мультимедиалық терминалдармен жабдықталған екі зерттеу зертханаларынан алуға болады. Қосымша терминалдар каталогтарды, анықтамаларды, сонымен қатар он-лайн режиміндегі мерзімді баспасөзді пайдалану үшін басқа оқу белдеулерінде орнатылған. Біздің кітапханашыларымыз студенттерге аталмыш деректерден ақпаратты табуына және талдауына көмек көрсетуге әрқашан даяр. Басқа қоғамдық пайдалану белдеуімен бірге конференц-зал, көшірме орталығы, сонымен қатар үзілісте дем алып, сусындар мен жеңіл тағамдар сату автоматтарын пайдалану үшін кітапхана фойесінде орынжайлар қарастырылған.
