Жалпыбілімдік даярлық
ҚМЭБИ-де оқу – бұл тек таңдап алған мамандық аясында арнаулы білім мен дағдыларды ғана игеріп қоюмен шектелу емес. ҚМЭБИ-дегі жалпыбілімдік даярлықтың мақсаты - әлемдегі және әлем елдеріндегі болып жатқан әр түрлі жағдайларда іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті іргелі білімге дағдыландыру. Жалпыбілімдік пәндерді оқу барысында студенттер осы дағдыларға ие болады және де осының арқасында жаңа білімді меңгеріп, күрделі материалды қабылдай алады, сындарлы және креативті ойлауды дамытып, идеяларды тұжырымдай алады, этика мен мораль мәселелері туралы пікірлерін қалыптастырып, әр түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін теорияларды зерттейді, міндеттер шешімін табады, сонымен қатар білімдік үдеріс бойы бір-бірімен тиімді түрде өзара бірлесіп әрекет етеді. Бұл мақсаттар студенттердің шешім қабылдауға, көшбасшылық позицияларды алуға және үздіксіз білім алуға үйренетін теңгермелі білім туралы идеяны іске асыру болып табылады. Бакалавриатты бітірушілер келесі дағдыларды игеруі керек:
Ағылшын тілінде оқи алудың дұрыс дағдыларын игеру
Ағылшын тілінде анық және дұрыс жаза білу
Ағылшын тілінде анық және дұрыс сөйлей білу
Ағылшын тілін естігенде оны жеңіл қабылдау қабілетіне ие болу
Аналитикалық және математикалық қабілеттіктерін көрсету
Сындарлы ойлау және міндеттерді шешудің дұрыс дағдыларын көрсету
Гуманитарлық ғылымдар, өнер және мәдени әр алуан мәселелер саласынан білімін көрсету
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің талаптарына сәйкес этика және философия мәселелеріндегі білімін көрсету
Қоғамдық ғылымдар саласындағы білімін көрсету
Жаратылыстану саласындағы білімі мен дағдыларын көрсету
