Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті

 

Джон Диксон, Ф.Ғ.Д.        Декан

 

Әлеуметтік ғылымдар факультеті студенттерді бизнес және өнеркәсіп, үкімет, білім беру, саясат және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда мемлекеттік, сондай-ақ жеке секторлардағы көшбасшылық рольге даярлайтын төрт белсенді және өскелең дамушы кафедралардың қызмет істеу орны болып табылады.

Факультетте төрт кафедра жұмыс істейді: журналистика және БАҚ, экономика, мемлекеттік басқару, саясаттану, сонымен қатар нақты жағдайдағы теория мен практиканы қатар қолдану мүмкіндігін көрсететін академиялық практика бағдарламалары.

Біздің факультетте 1607 бакалавриат студенттері мен 117 магистранттар оқиды. Соңғы жылдары біздің бағдарламаларымызды 139 бакалавр мен магистрлер аяқтады. Біздің студенттеріміз үшін 80 жуық оқытушы жұмыс істейді, олардың көпшілігі өз саласындағы халықаралық мойындалған сарапшылар және 15 әкімшілік қызметкерлер болып табылады.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамына бізге беделді батыстық университеттерден келген ғалымдармен қоса, қазақстандық академиктер кіреді. Оқытушылар 15 әр түрлі елдің азаматтары болып табылады, олардың арасында АҚШ, Канада, Австралия, Англия, Ирландия, Греция және басқа да еуропалық елдердің, сонымен қатар Ресей мен Қазақстанның азаматтары бар.

Еңбек ақысының толық мөлшерінде жұмыс істейтін біздің факультеттің оқытушыларының 63% Ph.D. дәрежесін иеленген; қалғандары магистрлік дәрежедегі оқытушылар. Біздің профессор-оқытушылар құрамының мүшелері әр түрлі белгілі батыстық университеттерде даярлықтан өткен, атап айтсақ, Клермонт Университеті, Санта-Барбара қаласындағы Калифорния Университеті, Чикаго Университеті, Колорадо Университеті, Миннесоты Университеті, Канзас штатындағы Университет, Вейн мемлекеттік университеті, АҚШ-тағы Оңтүстік Иллинойс Университеті, Брэдфорд Университеті, Халла Университеті, Ұлыбританиядағы Вестминстер Университеті, сонымен қатар Торонто Университеті, Макгилла Университеті, Канададағы Саймон Фрейзер Университеті және т.б.

Факультет ретінде біз ҚМЭБИ-дің Орталық Азиядағы білім берудің «Жібек жолын» бейнелеу үшін жұмыс істеуіндегі негізін қалаушы рольді атқарамыз.