Әлем Тілдері Бағдарламасы

 

Әлем Тілдері Бағдарламасы ҚМЭБИ студенттеріне, сонымен қатар жергілікті бизнес-қоғамдастыққа (олардан төлем ақысы оқу шамасы бойынша алынады) арналған жоғары сапалы тілдік курстарды ұсынады. 1997 жылы Әлем Тілдері  Бағдарламасы енгізілген сәттен бастап-ақ, аталмыш бағдарлама сапалы тілдік оқыту сұранысын қанағаттандыруға ұмтыла отырып, шапшаң өріс алды. Бүгінгі күні курстарда төрт жүзден аса студент оқып, оларға жиырма бестан аса жоғары білікті кәсіби педагогтар сабақ береді.

Қарапайымнан (элементарлықтан) дамуға дейінгі деңгейлер ұсынылатын 7 апталық жалпы ағылшын тілі курсынан басқа Әлем Тілдері Бағдарламасында бірнеше мамандандырылған курстар ашылды, мәселен, сөйлеу тілі курстары, ағылшын тілі грамматикасы курстары және TOEFL/IELTS тапсыруға арналған даярлық курстары. Бұдан басқа, жергілікті компанияның қызметкерлеріне корпоративтік тренингтер ұсынылады. Сонымен қатар Әлем Тілдері Бағдарламасы француз, испан, орыс, италиян және қытай тілдері сияқты әр түрлі шетел тілдері курстарын ұсынады. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылар Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия және Канададан келген басқа тілдер тасымалдаушылармен қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Біздің мақсатымыз – жұмыстан тыс уақытта курстар өткізе отырып, таңдаулы оқытушыларымыз бен материалдарымызды көпшілік тіл үйренуге ниет білдіруші адамдарға ұсыну.

ҚМЭБИ Әлем Тілдері Бағдарламасына хабарласа отырып, біршама толық ақпарат алуларыңызға болады:  

223-Кеңсе
Абай даңғылы, 2
Алматы қ., 050010
Қазақстан
email: wlp@kimep.kz
Тел.: 7 (727) 270 43 79, 270 43 78