Кәсіби Даму және Мамандануларды Сертификаттау Бағдарламасы

Кәсіби Даму және Мамандануларды Сертификаттау Бағдарламасы экономиканың әр түрлі секторларындағы мамандар үшін оқу, тәжірибе алмасу және қатынас жасау мүмкіндігін береді. 1998 жылдан бастап бағдарлама корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға тренингтік қызметті ұсынып келеді. Қысқа мерзімді курстар алдын-ала жасалған сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі. Корпоративтік тренингтер компаниялардың ерекшелігін есепке ала отырып, әзірленеді. Клиенттердің әр түрлі қажеттіктері мен мүдделерін есепке ала отырып, бағдарлама біліктілікті жетілдіруге арналған жекелеген курстарды, сонымен қатар іргелі білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін маманданулар бойынша курстар топтамасын ұсынады. Курстар негізгі 7 бағыт бойынша ұсынылады, атап айтсақ, менеджмент, бухгалтерлік есеп және қаржы, маркетинг және сатулар, адам ресурстарын басқару, ақпараттық технологиялар, іс жүргізу және бизнес басқару. Курстардың бағдарламасы жыл сайын жаңартылып отырады.
Бағдарламаның миссиясы Қазақстанда, сонымен қатар Орта Азия республикаларында бизнесті дамыту және тұрақтылықты қолдау үшін клиенттердің қажеттіктерін есепке ала отырып, жоғары сапалы тренингтерді ұсыну.

Бұл үшін бағдарлама келесі талаптарға сай келетін тренингтерді әзірлеуге, жаңартуға және ұсынуға талаптанады:

  • Қазіргі заманғы бизнес қоғамдастығының талаптарына жауап береді
  • Кадрлық резервті жасау және қызметкерлер құрамының дамуы бойынша корпоративтік бағдарламаларға елеулі үлес қосуын қамтамасыз етеді
  • Тренинг біткеннен кейін жұмыс істейтін және қолданылатын білімі мен дағдысын көрсетеді
  • Барлық мүдделі клиенттер үшін қолайлы әрі қол жетімді оқу әдістемесі мен сабақ кестесін ұсынады

Бағдарламаны өткізу кестесі

  • Курстар мен қысқа мерзімді семинарлардың сабақ кестесі және оны өткізу кестесі клиенттер үшін олардың қолайлы болуын есепке ала отырып құрылады:
  • Қысқа мерзімді қарқынды тренингтер (2 - 5 күн) күн сайын өткізіледі
  • Қысқа мерзімді курстар мен ұзақтығы 4-6 апталық маманданулар бойынша курстар кешкі және демалыс күндері өткізіледі
  • Тренингтер мен курстардың үйлестірілген кестесі аудиторияда және қашықтан оқуға мүмкіндік береді
  • Бұдан басқа, куратордың жетекшілігімен таңдап алған курсты өз бетінше оқу мүмкіндігі ұсынылады

Бағдарламаны Тыңдаушылар әр түрлі деңгейдегі Сертификаттар алады:

  • «Бітіруі туралы Сертификат» таңдап алған бір семинарға қатысқаны үшін беріледі
  • «Мамандануы туралы Сертификат» белгілі бір мамандануды таңдап алған, 6 курс бағдарламасын (оның 5 курсы таңдап алған мамандануға кіреді) табысты аяқтаған тыңдаушыларға беріледі
  • «Мамандануы туралы Жоғарылату Сертификаты» таңдап алған мамандануында білімі мен шеберлігін жетілдіруге қол жеткізуді қалайтын, 9 курсты (оның 8 курсы таңдап алған мамандануға кіреді) табысты аяқтаған тыңдаушыларға беріледі The duration, or number of contact hours/days and the methods of student evaluation vary according to the training's objectives, the nature of the course content and the mode of delivery.

Оқу ұзақтығы, оқу күндерінің/сағаттарының саны және білімді бағалау әдістемесі тренингтің міндетіне, курстың мазмұны мен оқуды өткізу кестесіне байланысты болады.
Негізгі оқыту тілі - орыс тілі. Ағылшын және/немесе қазақ тілдерінде оқуды таңдау үшін алдын ала өтініш беру талап етіледі.
Оқу әдістемесі біліктілікті жетілдіру курстарының дәстүрлі әдістемелерінен ерекшелігі бар. Қазіргі заманғы әдістеме ересек адамдарды оқыту мақсаттары мен міндеттерін ғана есепке алып қоймай, тренингтік үдеріске барлық қатысушыларды тарту үшін интерактивтік тәсілдерді де қолданады. Сұрақтар/жауаптар, пікір-таластар және командадағы жұмыс қатысушылардың бір-бірімен қатынас жасау аясын кеңейтіп, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Тренинг нұсқаушылары нақты бизнестен тартылған практиктер, сонымен қатар әр түрлі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы болып табылады. Олардың практикалық тәжірибесі мен терең теориялық білімдері тренингтердің күнделікті бизнеске жұмыс істеп, қолданылуына жәрдемдеседі.