Үздіксіз Білім Беру Факультеті

Булент Думлупинар,
Декан

Үздіксіз Білім Беру Факультетіне қош келдіңіздер!

Білім мен кәсіби дамудың өмір бойына үзілмей, жалғасын тауып жататынына біздің көзіміз әбден жеткен. Сіз ҚМЭБИ-де оқығыңыз келе ме, келмей ме, өзіңіздің кәсіптік дағдыларыңызды жетілдіресіз бе немесе басшы құрамға арналған оқыту бағдарламаларына қатысасыз ба, қатыспайсыз ба, ол өз еркіңізде, дегенмен әрдайым Сіздерге арналған бағдарламаларымыз бар екенін естеріңізге саламыз. Біз қазіргі заманғы қоғам талаптарына жауап беретін әрі қолжетімді білім алуға мүмкіндік беретін жоғары сапалы білімдік қызметті ұсынуға ұмтыламыз.  

Үздіксіз Білім Беру Факультеті оқуды негізінен кешкі уақыттарда және демалыс күндеріне ұсынады. Қарқынды курстар ҚМЭБИ-дің күндізгі оқу бөлімдерінде ұсынылатын тұрақты бағдарламалардың академиялық стандартына сәйкес келеді.  

Біздің білімдік бағдарламаларымызды оқи отырып, Сіз  Үздіксіз Білім Беру Факультетінің өзіңізге және өзіңіздің ұйымыңызға қалай көмек беретінін көретін боласыз.


Жаңалықтар мен өткізілетін шаралар
Біздің жаңалықтармен таныс болыңыздар


 

Басшыларға арналған MBA Бағдарламасы (Executive MBA) 

Бағдарламаның негізгі миссиясы – қазіргі заманғы бәсекелес және ғаламдық өркендеп келе жатқан іскер ортада бизнесті алға жылжытушы көшбасшыларды даярлау. Бағдарлама солтүстікамерикандық университеттердің академиялық стандарттарына сәйкес келеді. Сабақты ҚМЭБИ-дің таңдаулы оқытушылары, яғни арнайы шақырылған қазақстандық және шетелдік компаниялардың тәжірибелі практик қызметкерлері, сонымен қатар басқа да халықаралық университеттердің профессорлары жүргізеді.


 

Кәсіби даму бағдарламасы

Бағдарлама оқытып-үйрету мүмкіншіліктерін ұсынумен қатар жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандар үшін іскерлік байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. 1998 жылы әзірленген бағдарлама жеке тұлғаларға да, сондай-ақ компанияларға да арнаған оқуын ұсынады. Барлық курстар тұтынушылардың талаптарына сәйкес жасалып, үнемі жаңартылып отырады. Курстардың сабақ кестесін сіз біздің веб-сайтымыздан таба аласыз.


Қашықтан оқыту


Бұл бағдарлама он-лайнда оқуды ұсынып, жұмыс бастылықтан ұсынылған сабақ кестесі бойынша сабаққа қатыса алмайтындар үшін әзірленген.


 


Даярлық бағдарламасы
Аталмыш бағдарлама бакалавриат пен магистратураға түсуге даярлайды.Ұсынылатын курстар бұл – ағылшын тілі, математика, тарих, қазақ тілі және орыс тілі бойынша тест тапсыруға даярлау. Сабақ әдетте кешкі уақыттарда және демалыс күндері өткізіледі. Бұдан басқа, бағдарлама жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандарға арнап мамандығы бойынша ағылшын тілінің қарқынды курстарын ұсынады.


Әлем тілдері бағдарламасы

Бағдарлама мектеп оқушысынан бастап, жұмыс істеп жүрген кәсіби маманға дейін тілек білдірушілердің барлығына арнап әлем тілдерін оқуды ұсынады. Сабақ кестесі оқушылардың талабына жоғары деңгейде сәйкес келеді.


Үздіксіз Білім Беру Факультеті

Тел: +7(727) 237-47-84