Чан Йан Бэнг Атындағы Бизнес Факультеті

Сан Хун Ли, Ф.Ғ.Д. Декан
ҚМЭБИ-дің негізін қалаушы доктор Чан Йан Бэнг атындағы бизнес факультеті – бұл Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жетекші бизнес-факультет.
Бүгінгі таңда біздің оқу орнында еңбек ақысының толық мөлшерінде жұмыс істейтін оқытушылардың 54.61% жетекші батыстық университеттерден докторлық дәреже алған оқытушылар. Докторлық дәрежені иеленушілердің саны таяу жылдары бізге келіп қосылатын жоғары білікті мамандардың есебінен көбейетін болады.
Факультетте төрт кафедра жұмыс істейді: бухгалтерлік есеп, қаржы, менеджмент және маркетинг, операциялық басқару және ақпараттық жүйелер. Аталмыш кафедраларда үш түрлі дәреже тағайындаумен оқытылады: бакалавриат бітірушілері үшін BSc (ғылым бакалавры) дәрежесі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитындар үшін MBA және DBA дәрежелері. Алты мамандандыру бар: бухгалтерлік есеп, қаржы, менеджмент, маркетинг, операциялық басқару және ақпараттық жүйелер.
Бұдан басқа факультетте жеке әкімшілік бөліммен жүргізілетін өндірістік практика мен жұмысқа орналастыру бағдарламасы бар. Бүгінгі күні ҚМЭБИ-де 2 600 аса студент оқиды. Шамамен олардың бестен төрт бөлігі бакалавриат бағдарламасына және бестен бір бөлігі магистратура бағдарламасына қабылданған. Бұл сан жыл сайын тұрақты түрде ұлғайып келеді.
«Executive MBA» («Жоғары басшы құрамға арналған іскер әкімшілдік Mагистрі») жаңа бағдарламасында аса күшті жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді. Аталмыш бағдарлама негізіне дүние жүзінің 20 таңдаулы бизнес-мектебінде пайдаланылатын академиялық жүйелер алынған. Біздің “Іскер Әкімшілдік Докторы” бағдарламамыз бірегей бағдарлама болып табылады, ал бітіргеннен кейін алатын докторлық дәреже күллі Орталық-азия аймағындағы аса беделді дәреже болып табылады.
Басқа университеттермен ынтымақтасып жұмыс істеу және аймақтағы компаниялардың сұраныстары мен қажеттіктеріне тұрақты түрде бақылау жасап отыратын Мансаптық Орталық қызметінің нәтижесінде Бэнг атындағы бизнес факультетінің студенттерінде тікелей практикалық іс-әрекетке негізделген қолданбалы білімдік тәжірибе алу мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз, бітіріп шыққан сәтте олардың қалың бұқаралық жұмыс күшінің арасынан оқ бойы озық тұруына мүмкіндік беретін бағалы жұмыс тәжірибесіне ие болатынын білдіреді.
